Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 2 Барлығы 9
Әкімшілік процедуралар- басқарушылық қызмет процесінде қолданылатын
процедуралар тізбесі (бірыңғай Заңмен реттеледі). Түрлері:
шешімді
қабылдау және орындау тәртібі; мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру
процедурасы; азаматтардың үндеуін қарастыру процедурасы;
экономика
обласында шешімді қабылдау процедурасы.
Әкімшілік мерзімдер- әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарастыруда
және әкімшілік өндіріске байланысты істі қарастыруда әкімшілік заң
шығарушы бекіткен мерзімдер.
Әкімшілік мемлекеттік қызметкер- мемлекеттік органда тұрақты кәсіби
негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге
асыратын, саяси мемлекеттік
қызметкерлер құрамына кірмейтін мемлекеттік қызметкер.
Әкім- орталық атқарушы органдардың аумақтық
бөлімшелерінде келісілген
өзара әсер етуді жүзеге асыратын, оған сеніп тапсырылған территориясында
мемлекеттік саясаттың өткізілуін қамтамасыз ететін және жергілікті
атқарушы органды басқаратын, Президент пен Үкіметтің орындардағы өкілі.
Саяси мемлекеттік қызметкер. «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» ҚР
Заңы мен ҚР Конституциясы бойынша құқықтық мәртебесі реттеледі.
Монополияға қарсы саясат- қызмет көрсету нарығы мен өндірушілердің
бәсекеге қабілеттілігін дамытуға және өндірістің монополизациялануына
қарсы бағытталған мемлекеттік шаралардың кешені.
Достарыңызбен бөлісу: