Мемлекеттік қызмет- мемлекеттің қызмет етуі мен іске асуы бойынша
мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі.
Мемлекеттік қызметкер-өтеулі негізде мемлекеттің функциясы мен
шешімдерінің жүзеге асырылуы мақсатында лауазымды өкілеттілікті іске
асыратын және белгіленген заңи тәртіп бойынша мемлекеттік лауазымды
атқаратын тұлға.
Төтенше хал-ахуал енгізілетін жергілікті шегаралар-Қазақсатн
Республикасының бір немесе бірнеше әкімшілік-аумақтың бірліктерін
территориясы Кіріс туралы декларация-белгілі бір уақытта (1 жыл) алынған
кіріс туралы басқарушы лауазымды атқаратын тұлғалар мен мемлекеттік
қызметкерлердің ресми мәлімдемелері. Ол міндетті болып, ағымдағы
жылдың 1 сәуіріне дейін салық органдарына тапсырылуы керек.
Декларацияны тапсырудан бас тарту, оған жалған мәліметтерді толтыру
қызметкерлерге тәртіптік түрдегі шара-мемлекеттік қызметтен босатуды
қолдануға әкеліп соқтырады.
Ұзақ әкімшілік құқық бұзушылық- оған заң бойынша белгіленген
міндеттерді ұзақ уақыт жүзеге асырмауына байланысты әкімшілік
жауапкершілік шарасын қолданумен қорқытумен қатар болған әрекеттілік
пен әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық.
Лауазымды тұлға- әкімшілік
шаруашылық
функцияны
немесе
ұйымдастыру-билік етуді іске асыратын не билік өкілі функциясын тұрақты
не уақытша не арнайы өкілеттілік бойынша жүзеге асыратын тұлға.
Арыз- азаматтардың заңды мүдделері, бостандығы мен құқықтарының
бұзылуы, шешімдердің қабылданбауы, лауазымды тұлғалардың заңды емес
әрекеттері туралы үндеу.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу-методикалық кешені Бет 4 Барлығы 9