Түберкулездің (өкпе ауруының) жұқпалы түрі- науқастың сыртқы ортаға
түберкулездің микробактерияларын бөлуіне байланысты қоршағандарға
қауіп төндіретін туберкулез ауруының сатысы.
Сұрау салу- қоғамдық не жеке түрдегі сұрақтарға байланысты ақпарат
алудағы азаматтардың қажеттігін көрсететін үндеу.
Үкіметтің отырысы- Үкіметтің жұмысының түрі, Премьер-Министрдің
төрағалығымен айына 1 реттен кем емес өткізіледі. Ауыстырылу құқығысыз
Үкімет мүшелері қатысады.
Катастрофа(апат)- жаһанды немесе аймақтық масштабтағы төтенше
жағдайға әкелетін қиратушылықты тудыратын құбылыс.
Квалификациялық талаптар- нақты әкімшілік лауазымға сай келуі,
құзырлылығы мен кәсіби дайындығының деңгейін анықтау мақсатында,
әкімшілік мемлекеттік лауазымды атқаруға үміткер азаматтарға ұсынылатын
талаптар.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекс- әкімшілік жауапкершілікке
әкеліп соқтыру тәртібі мен негізін реттейтін бекітілетін нормалар, бірыңғай
кодификацияланған 2001 жылы 30 қаңтарда қабылданды.
Жергілікті комендатура- төтенше жағдайлар тәртібін қамтамасыз ету үшін
төтенше ахуал енгізілген жергілікке Қазақстан Республикасының
Президентімен құрылған арнайы орган;
Жергілікті комендант- Қазақстан
Республикасының
Президенті
тағайындаған лауазымды тұлға, төтенше ахуал тәртібін қамтамасыз ететін
күшпен және қаражатпен ортақ басқаруды жүзеге асыратын және төтенше
ахуал енгізілген жергілікті комендатуранының қызметін басқарушы;
Коменданттық сағат- жеке басты растайтын арнайы берілген куәлік, құжат,
өтуге, кіруге берілетін рұқсатнамасыз тұрғын үйден тыс көшеде және өзге
қоғамдық орталарда жүруге тыйым салу кезінде бекітілетін тәулік уақыты;