АРТ-ТЕРАПИЯ (А.). Арттерапия оқыту біздің жүзжылдықтың 20-жж Принцхорн (Prinzhorn H., 1922) еңбектерінен басталды. Ресейде 1926 ж. А. арналған бірінші монография шықты – П.И.Карповтың «Творчество душевнобольных и его влияние на развитие науки и техники» кітабы, психикалық аурулар кезіндегі шығармашылық байқаулар мәселесі тек медициналық түрде емес, сонымен бірге тарихи және биологиялық аспектілерде қарастырылды.
Алғаш бұл термин 1938 ж Адриан Химед туберкулез ауруына шылдыққандар саноториясында емделушілердің көңіл – күйлерін көтеру жұмысында қолданылады. Кейіннен бұл термин өнерге қатысты барлық терапияның салаларында (музыкалық, драмалық терапия және т.б) қолданыла бастады. Бірақ көптеген мамандар мұндай анықтамалар өте кең әрі нақты емес деп санайды. Тарихқа сүйенсек, арттерапия мамандары ұзақ уақыт психиатрлар мен психотерапевтердің көмекшісі болған, олар пациенттің салған суреттерін сырқаттың диагнозын дәлірек анықтауға немесе ем жүргізуге көмектесетін қосалқы әдіс ретінде пайдаланған.