Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолд
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған.
Балаларға ойын арқылы әсер ету жақын аралықта ғана дами бастады. Ең алғаш оны Анна Фрейд ІІ – ші дүние жүзінің соғыс кезінде Лондонды бомбылаған кезде бастарынан өткерген балалармен жұмыс істеуде қолданған.
Ойынның ерекшеліктері (К.Стопоро).
1. Ермек ойындар-ойында сюжет болмайды, оның мақсаты қатысушылардың көмегі, мысалы: бір-бірімен артынан қуу, қытықтау және т.б.
2. Жаттығу ойындар –сюжет болмайды, көбіне дене жаттығуына арналған. Мысалы: ағашқа тартыну, ағаштың үстінен жүгіру.
3. Сюжетті ойын - ойын әрекеті бар, алғашқы қиялдағы ситуацияларды көрсету. Мысалы: әр түрлі аспаптарды ойнау, жан-жануарлардың әрекетін көрсету немесе әлеуметтік қатынастарды көрсету.
4. Процесуалды еліктеу ойындары – нақты кезеңге байланысты әрекеттер мен жағдайларды сыртқа шығару.
5. Дәстүрлі ойындар ұрпақтан- ұрпаққа берілетін ойындар. Бұнда жеке бастың сапасы көрінеді. Осы жәке басты сыйлауды талап етуден тұрады.
Ойын сезімдерінің берілуімен және кикілжіндердің шешілуі үшін құрал болады. Бала сезімін вербальды жеткізу ылғи да мүмкін емес. Дамудың бұл сатысында бала не сезінгенін айту үшін когнитивті, вербальды құралдары жетіспейді; эмоционалды жағдайда оларды сөзбен жеткізу үшін бала өз ауыртпалықтарында интенсивті бір ойға жинақтала алмайды.
Ойында баланың физиологиялық, сана – сезімдік, эмоционалды сапалары шығармашылық үдеріске қосылады және оған әлеуметті әрекеттер қажет болуы мүмкін.