Топтық динамика – топ мүшелері арасындағы әрекеттестіктермен және өзара қарым-қатынастармен сабақтастырылған топтың дамуы немесе қозғалысы.
Топтық динамикаға топтың мақсаттары мен міндеттері, топтың ұйымшылдығы, топ нормалары, жүргізушінің ұстанымы, топ құрылымы мен көсемдік құрамы, топтық рөлдер, топтық даму сатылары, жұмыс кезеңдері жатады. Тренингтің топтағы ең маңызды және көңіл аударуды қажет ететін үдеріс – қағида бойынша топ мүшелерінің бір-біріне өзара тартылуы ретінде түсіндірілетін топтың ұйымшылдығы.