Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуінің бес қабатын алып тастау керек д
Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуінің бес қабатын алып тастау керек деген:
Жүйкенің төзу деңгейлері— Ф.Перлз шығарған ұғым. Жеке тұлға құрылысын метафоралық түрде пиязға теңестірген Ф.Перлз бойынша психологиялық есеюге жету үшін жүйке төзуінің бес қабатын алып тастау керек деген:
1) жалған рөльдік мінез-құлық қабаты (әдеттегі стереотиптер, ойындар, рөльдер;
2) қалыптарқабаты, онда клиент өзінің аурушаң күйзелістерімен кездесуден қашуға тырысады;
3) «тұйық және ашыну» қабаты — өзіндік жеке шарасыздықкүйзелісімен байланысты сәттер;
4) өзіндік «МЕН» оңай кіру қабаты (адам ренжіген сәттерде өз табандылығын сынап, өзі жағдаятпен күресуге бел буады;
5) эмоциональдық жарылыс қабаты, клиент өзінен жалған және қоқысталғанды шешіп тастап, өзінің шынайы «МЕНІНЕН» өмір сүріп әрекет ете бастайды.
Энергия және энергияның қоршалуы— психологиялық талдаудан енген “энергия” ұғымы, оның кернеуде айқындалатын орналасуы мен қоршалуы (ең алдымен денелік — күйі, қимылы, көзқарасы, дауыс үні) гештальт-терапияда түсіндірмелі терминология және оқыту құралы ретінде қолданылады.
Бүгінгі күні гештальт-терапия жиі топтық нұсқада тәжірибеленеді. Осы бағытта «ойын» және «сынақ» деп аталатын психотехникаларға гештальт-терапияда үлкен мән беріледі.