14 лекция Ата-аналар мен балалар арасындағы психотерапиялық жұмыстары.
Отбасы — қоғамның маңызды бір бөлшегі. Отбасы бала үшін өмір мектебі, онда мейірбандық, шындық, адалдық, қайырымдылық, еңбексүйгіштік т.б адамгершілік қасиеттері дамиды және қалыптасады. Сол себепті де жасөспірімдерді тәрбиелей отырып, оларды әр түрлі кездесетін қиыншылықтарға қарсы тұра білуге үйрете білу керек. Түйінделе келе, отбасында орныққан қарым-қатынас түрі мен қалыптарына сәйкес баланың тұлғалық қасиеттері қаланады. Бала әрқашан да ата-анадан жүрек жылуын, мейірімділікті қажет етеді, ол ата-ананы өмірдің тірегі санайды. Ал бала үшін ата-ана игілік жасаушы, айтушы болып табылады. Отбасындағы ең басты іс-әрекет ол ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас. Қарым-қатынас — адамзат өмірінің аса маңызды және негізгі сферасы болып, соның нәтижесіде тұлғааралық байланыс орнығып, өзара мәміле қалыптасып дамиды. Қарым-қатынас дегеніміз өзара пікір алмасу, сезім әлемінде бірлесіп ләззат алу, қайғы, қуанышта ортақтас болу сенімді кең ауқымды эмоция спектрлерін қамтиды. Қарым-қатынас барысында екі не бірнеше тұлға арасында рухани әлем және ой-пікір, сана-сезім, мінез-құлық, қылық-жорықтар, келісім, не өзара түсіністік тұрғысында, не болмаса қақтығыс, талас-тартыс, қарама-қайшылық тұрғысындағы мәміле үрдіс іске асады.