130
ырғақпен жүгіре
білу керек, тосқауыл арқылы аяқпен итерілу
орнына дұрыс түсе білу керек, сонымен қатар кедергіні жеңген
соң жүгіру жылдамдығын арттыру қажет.
Тӛменгі старт қысқа қашықтыққа жүгіргендегідей
ӛткізіледі. Жаттығушылардың екпінді қол қозғалыстарына және
кеуденің жылдам түзелуіне кӛңіл бӛлу қажет. Оқытудың басты
құралы – 2-3
тосқауылды жеңіп, тӛменгі старттан жүгіру.
Үйренудің бастапқы кезінде тосқауылдар арасы азайтылуы
мүмкін.
5-міндет.
Тосқауылды жүгірудің техникасын тұтас үйрету
және оны жетілдіру
Бұл мәселенің шешімі арнайы жаттығулардың дүркінді
қайталауынан, әр түрлі биіктіктегі тосқауыл арқылы жүгіруден,
саны кӛбейтілген әр түрлі қашықтықта қойылған тосқауылдар
арқылы жүгіруден, тӛменгі және
жоғарғы старттан уақытты
есептемей және уақытты қадағалап жүгіруден басталады.
Тосқауылды әр түрлі орналастыру және оның биіктігін
ӛзгерту жаттығуды қызықты етеді,
олардың тиімділігін
арттырады және техниканы меңгеру барысын жеңілдетеді.
400 м тосқауылды жүгіру техникасын үйрету, қысқа
қашықтықтағы тосқауылды жүгіру техникасын меңгергеннен
кейін болады.
Достарыңызбен бөлісу: