Оқу жоспары - қажетті материалдар мен сабақтарды көрсете отырып, балаларды
оқыту үшін жоспарланған тақырыптар тізімі.
Оқушының өзін-өзі бағалауы - оқушыларға өзінің жетістігін бағалауға, оқуының
соңғы нәтижесіне жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік туғызатын аутентикалық
бағалаудың маңызды бөлігі.
Оқыту-белгілі бір білім, шеберлік, дағды, іс-әрекет, жүріс- тұрыс әдеттері
жиынтығын игеруге бағытталып, арнайы ұйымдастырылған ұстаз бен
тәрбиеленушілердің арасындағы өзара әрекет процесі.
Оқыту әдісі - дидактикалық міндеттерге жетуге бағытталған өзара байланысқан
ұстаз бен оқушы балалардың жұмыс тәсілдерінің жүйесі.
Оқытуды жекешелендіру (индивидуализациялау) - оқушылардың жеке
бастарының ерекшеліктерін есепке ала отырып, оқу процесін ұйымдастыру, ол әр
оқушының барлық мүмкіндігін жүзеге асыру үшін тиімді жағдай туғызады.
Оқытудың балаға бағдарланған әдіс-тәсілдері- педагогикалық процесстің
баланың жеке қасиеттерін дамытуға бағдарлануы.
Оқыту принциптері - оқытудың негізінде жатқан және оның жан- жағын:
мазмұны, әдіс-тәсілдері, ұйымдастырудың түрі мен құралдарын анықтайтын
объективтік заңдылықтар, бастапқы ахуалдар.
Окытуды саралау (бөліп қарау, дифференциация) - оқушылардың икемін,
қызығушылығын, қабілетін ескере отырып, оқу жұмысын ұйымдастыру түрі.
Оқыту технологиясы - қойылған дидактикалық мақсаттарға жетуді қамтамасыз
ететін, оқытудың түрлері, әдістері, құралдарының жүйесінен тұратын, оқу
бағдарламасында ескерілген, оқытудың мағынасын жүзеге асыру жолы.
Олигофренопедагогика - дамуы артта қалған балаларға арналған педагогика
саласы.
Отбасылар кеңесі комитеті - жоспарлауға және бағдарламаны жүзеге асыруға
байланысты ұсыныстар беру үшін, оқу орнының қызметкерлерімен арнайы
кездесулер өткізіп тұратын, әр топтың ата-аналарының ішінен сайланған ата-
аналар комитеті.