З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы


 ХІХ ғасырдағы сал-серілер



Pdf көрінісі
бет10/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43
4 ХІХ ғасырдағы сал-серілер 
 
Сал, сері дәстүрі өте ескі дәстүрден сақталып, халықтың тіршілігіне көп 
жаңалық кіргізіп, әдебиетке, ой санаға игі әсер еткен қазақ мәдениетінің бір 
жарқын белгілері. Оны осы күнгі сахнада мирас болған Біржан салдың, 
Құрманғазының бейнелері анық сипаттайды. Сал, серілер күштіге 
табынбайтын, кедейді мақтап жыр шығарады. Олардың бар ынтасы махаббатқа 
бас иіп бәйек болып түсуі, ол үшін елді-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз 
іздеу, барлық жас өмірін сарып қылып, мал- мүлкін аямай соның жасына 
құрбан ету. Сал мен серінің осындай ардақты ниетке бағыттайтын олардың 
жаратылыс ерекшелігі, дарынды ойы, ашық жарқын мінезі, сыпайлылығы, 
сұлулыққа елтуі және әдемі дүниеден ләззат ала білуі. 
Сал мен серінің ерекше қасиеттері - әрі ақындығы, әрі әншілігі, әрі 
күйшілігі, әрі сауыққойлығы елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық 
сәуле түсіретін зиалылығы. Сондықтан халық сал мен серіні өте ардақ тұтып, 
қуанышпен қарсы алып, олардың істерін халық ортасында аңыз қылып айтып 
жүрді. Ауылдағы бойжеткен қыздар сал мен серіге ерекше көңіл қойып қарсы 
алатын. 
Сері мен сал келген ауылдарды үлкен думандарға бөлеп: ойын-сауықпен 
олардың көңілін табады. Ф.Назаровтың зерттеуінше сол жүрген жерін ұзақ 
уақыт қызыққа батырады. Ол өзінің шырқап салған әнімен жаздың түні 
ауғанша айға қарап, ән салып отырады. 
Ел-елді аралап жүретін әнші, серілер, салдар тарихи дәуірден келе жатқан 
мәдениетті қалыптастырушылар.
Олар өздері шығарған ән-күйді, музыкалы шығарманы, халықтың эпикалы 
жырларын мәнгілікке сақтайтын аяулы ой иелері. Өткен ғасырларда сахарада 
ән мен күйдің өркендеуі бір ғана сал мен серінің, атақты домбырашылардын 
көркейіп өркендеуімен байланысты болды. Олар әнді бір дауыспен айтпай 
кейде көп дауысты әндер шығарып жүрді. Осының әдемі мысалы: Сегіз серінің 
Бақтиярдың үйінде, Мақпал сұлудың алдында – көп серілермен қосылып, көп 


16 
дауыспен бірлесіп айтқан әсем әндері. Сондай –ақ Біржан салдың Абай үйінде 
көр серімен қосылып шырқаған сұлу әндері. Демек, салдық өнер халық 
театрының негізгі компоненттері – ойын-сауық құру, ән шырқау, күй тарту, 
билеу, желдірме айтуы тағы да басқа дүниеге әкелген.
Бірақ бір өкінішті жері, сал мен серінің қашан шығып, қалай өркендегенін 
айтып берген бір ауыз сөз әдебиетте кездеспейді. Қысқа-қысқа жазып алған 
хабарлар Ә. Диваев пен А.Н.Добромысловте жолығады. Осы күнгі 
жазушылардан бұл мәселеге көңіл қойып жүргенде Бижанов пен Ақселеу 
Сейдімбеков. 
Алайда сал мен сері туралы күрделі аңыздар ел аузында орасан көп. Қай 
жерде қандай сері, қандай сал болғанын халық әлі күнге ұмытпай, есінде 
сақтаған. 
Тарих көзімен қарасақ, серілік ту баста түрік қағанаты кезінен шыға 
бастаған. Серілікті әдет қылған ойшыл кісінің бірі – Иоллық тегі деген кісі. Ол 
өзі ғажайып аңшы, мерген, атты күтіп ұстайтын бапкер, сонымен қатар асқан 
ақын, жырау болған дейді. 
Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі алуан, екі дәстүр 
өрнектері. Олардың бірінен – бірінің өзгешелігі – тұрмыс көрінісінде, типінде. 
«Сал» сөзі Европа тілімен айтқанда эксцентрик, немесе өз бағытымен жүретін 
бір алуан адам. Оның бар арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, 
өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де киімімен де артық болу 
асып түсуі. Ертоқымның өзі де басқаныкіндей болмайды, алтынмен, күміспен 
өрнектеліп, ерекше салтанатпен жасалады. 
«Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан. «Сал», «Салпаң». 
Әрбір салдың шалбарының балағы сондай кең, оған бір кісі толығынан сиып 
кетеді. Ақселеу Сейдімбековтің «сал» сөзі «сал ауруынан алынды» деуі 
келінкіремейді. Халықтың әдеті бойынша, өнер иесіне ондай ат қоймайды, 
қайта сол «сал аурудың» өзі осы «сал» сөзінен шықан болу керек. «Атым сал 
бөксе болып жүр» десе, салды басқан кең киім сияқты атты да ауырлатып жүр 
дегенді білдіреді. Демек, бұл сөздің өзі салдың киімінен шыққан. Құлағы үлкен 
кісі мен құлағы үлкен малды да «салпаң құлақ» дейді, ол да үлкендікті, кеңдікті 
көрсетеді. 
Ілгеріде мысалмен келтірілмек «серілік», «салдықтан» бүтіндей басқа, ал 
екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын 
музыка аспаптары. 
«Сері» сөзі серпілуден шыққан, бой жазу, шалқу, асқақтау дегендерді 
білдіреді. Сері ол оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға 
салдар сияқты іздеп бармайды, хат пен жұмбақ жазысады. 
Серілер, біріншеден, атақты мерген, екіншіден, сұңқармен , лашынмен, 
тұйғынмен құс ілгізген саятшы тұлпар аттың ең жүйрігін қадірлеп баптаушы. 
Онымен қабат халықтың рухани тіршілігіне, ойын-сауығына да ерекше қуат 
беріп, оны биікке көтеруші. 
Демек, сері мен сал қазақ тіршілігінде ерекше жаралған дарынды, сөз 
тапқыш, шешен, ол әрі құйма ақын, әрі сері, әрі сал, әрі күйші, әрі әнші, әрі 
сауыққой. Ақындық оның ойына жаратылыстан дарыған. Сондықтан халық 


17 
оларды ерекше ардақтап, еркелетіп төрге шығарып, жүздеген жыл ұмытпай 
есінде сақтаған. 
Сал тіпті өзгеше орында болған. Ол халықтың театры сияқты роль ойнап, 
өзінің жарқын әнімен, сыртқы қияпатымен халыққа үлгі беріп жүрген. 
Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзіл мен қулықты қатар ұстап 
бір жағынан сын көзімен қарап, маубас басшыларды сықақпен өлтіріп, игі 
адамдарға мөлдіреген ыстық пейіл білдірген. Сол махаббаттың елесі, ойын-
сауықтың, думанның жан күйі, қызықты аңыздардың әдемі тақырыбы. Осыған 
орай халық сал туралы неше алуан қызықты әнгімелер туғызып, әрбір салдың 
өмірін бүкіл сахараға таратады. 
Салдық ерте кезден дамыған дәстүр. Ең соңғы салдың бейнесін Біржан мен 
Мұхит салдан көруге болады. Олардың соңын ала шыққан Жаяу Мұса мен 
Үкілі Ыбырай салдықтан гөрі әншілікке жақынырақ. Салдықты еске түсіретін 
Жаяудың өзгеше киінуі (ылғи қызыл киіп жүруі), Ыбырайдың басына үкі тағып 
жүруі. 
Ерте кезде өткен салдардың асқан ерекшелігі олардың сыртқы қияпатының 
өзгеше болып көрінуі. Олардың сыртқы сипаты, киім киісі, жүріс-тұрысы, 
қарапайым кісіге ұқсамайды. Олар жүргенде ылғи қойқандай басып, кербез 
жүреді. Сөзі асқақ, еркін, өзінен басқа жан бар деп ойламайды. Салдарды қазақ 
халқы өте еркелетіп өсірген. Ол өте кербез, паң, онымен қатар мінезі өте 
жайдары ашық ер көңілді келеді. 
Салдардың киім киюінің өзі бір өзгеше нәрсе. Олар әдемі, сұлу киім киген. 
Өзгелер кие алмайтын қымбат киім алу үшін өзінің мал-мүлкін аямаған. Киімді 
кең, мол қылып, тіктіруді әуес еткен. Ауқатты салдардың киетіні мауыты 
шекпен, қамқа тон, қырмызы не жасыл шапан, олардың етегін, арқасын, жеңін 
тегіс кестемен өрнектеп, әшекейлеп қойған. Шапанды бір ғана торқадан не 
қалың жібектеп істейді. Тоғыз қойдың терісінен жасайтын кестелі кең шалбар, 
өрнектелген шоңқайма қызыл етік, басына киетіні жібектен жасалған биік 
телпек. 
Кедейірек салдар жібек киіммен өзін көркейте алмай, жәй матаның өзінен 
тіктіретін болған. Барлық салдың әдеті атын жібек арқанмен, жібек тұсаумен 
тұсайтындығы. Ауқатты салдар елді бір аралап шыққанда жүз метрдей жібек 
артып жүрген. Жібек арқан неғұрлым ұзын болса, ол соғұрлым салдын атын ел 
арасына көп таратқан. 
Жібек арқан қыз-келіншекті салдарға тез таныстыратын мықты әдістің бірі 
болған. 
Сал әрқашан аттың ең сұлуын, жүйрігін ұстап, жақсылап мәпелеп, сипап, 
сүртіп, жал-құйрығын тарап, оған жібек байлап, моншақ, маржан тағып 
әсемдендіріп жібереді. 
Атты әртүрлі ойынға: жатуға, тұріға, секіруге, билеуге үйретеді. Қыздар 
далада жатқан салдың қасына келгенде оның аты аяғын бүгіп, басын иіп тәжім 
қылады. Атының аяғына күміс білезік кигізіп құлағына алтын сырға тағып, 
маңдайына үкі қадайтын салдар су орнына сүт беріп тұрған. 
Осы әсем киіммен, осы салтанатты ат тұрманымен, осы кербез атымен, 
кеудесі өлең мен жырға толған атақты сал сұлу қыз іздеп ел аралауға шығады. 


18 
Махаббат мен ойын-сауық жолына түскен салдар дүниесін аямай, бар малын 
әдемі киімге, тұлпар атқа, сәулетті ертоқымға, қыз-келіншекке таратуға 
арнаған. 
Сал ел аралап жүріп, қызды ауылдың сыртына келіп тоқтап, артынан жерге 
далалай құлап, шалқасына түсіп, екі қолып екі жаққа жіберіп қимылсыз 
жатады. Халық дәстүрі бойынша ауылдың қыз-келіншегі көтеріп, тұрғызып 
ауылға алып келеді. 
Кейде ауылдың қыздары салдың құлаған жеріне көп уақыт бара қоймайды 
ол өлген кісідей көзін жұмып жата береді. Жарты күн, бір күнге шейін 
қозғалмастан жата береді. Бірақ атақты ақсақалдары атақты салдарды көп 
жатқызбай, қыз-келіншекті алдынан тез шығарады. Шықпаса сал екі күн болса 
да жата береді. Тездетіп ерте келген қыз-келіншекке сал жібек арқанын сол 
қалпымен сыйлайды. Сондықтан да ел аралап жүрген сал жібекті талай рет 
сатып алып жүрген. 
Дегенмен сал болу оңайлыққа түспеген. Сал болған кісілер атасынан 
қалған барлық малын осыған жұмсап, кейін қартайған кезінде кедейленіп, 
жүдеген. Сал болған жігіттің мал мүлкін босқа шаша бергенін оның 
туысқандары ұнатпаған. Сондықтан айыру үшін жігітке туысқандары жақсы 
көрген қызын алып беріп, аяғына тұсау салуға тырысатын. 
Сал мен серілердің көп тараған жері Көкшетау төңірегі. Олардың бұл 
өлкеде көп екені бірінші рет айтып жазған түрік елдерінің тілін жүйрік білетін 
офицер – ғалым Услар деген кісі. 1840 жылдары Усларды Кенесары 
көтеріслісін бақылауға жіберген. Бірақ ол қазақ тұрмысын зерттеуге айрықша 
көңіл бөледі. Оның бақылауынша, қазақ тілі азербайжан тіліне жақын, 
айырмасы тек дыбысты өзгертіп сөйлеуінде. Алғаш Көкшетау қаласына 
келгенде ол көп жаңалықты көреді. Қаланың іші тасып жүрген қазақ. Солардың 
ішінде өзгеше киінген көп қазақ салдарын көреді. Олардың бәрі франт-сылқым, 
форсила-кербез. Кигендері ылғи жібектен тігілген қырмызы не жасыл шапан, 
аса кең, басына кең шанақ бөрік, аяғына шоң қойма етік. Олар әдемілеп 
кестеленген, түсі не қызыл не жасыл болып кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет