З. Ж. Тасмағамбетова ХІХ ғасырдағЫ Қазақ Әдебиетінің тарихы



Pdf көрінісі
бет26/43
Дата15.02.2023
өлшемі0,86 Mb.
#68100
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43
Тұрағұл Абайұлы. Абайдың екінші әйелі Әйгерімнен туған тұнғыш 
баласы- Тұрағұл (Тураш). Тұрағұл әкесі туралы естелігін үлкен әңгіме етіп 
жазып қалдырған. Тураш жас шағынан әкесі Абайдың қолында болып, тәлім-
тәрбиесін көп көріп өскен баласы болады. Ол жасынан зерек, ұғымтал, зерделі 
болған. Әкесінің қадір-қасиетін ерте түсініп, табиғи ақындық қуатын ерте 
танып өскен, Абайдың ең талапты, әрі талантты баласының бірі. Абай жалғыз 
сөз өсиетіне қанағат қылмай, талантты жас шәкірттерінің сезім тәрбиесін 
толтырмақ болып, 1889 жылы музыка үйретпекші болғанын, сол мақсатпен 
Көкен еліндегі Мұқа деген скрипкашыны ауылына алғызғынын М,Әуезов атап 
өтеді. 
Абайдың осындай тәрбиесінің арқасында бала жасынан өнерге бейім 
Тураш домбыра, скрипка сияқты музыка аспаптарын еркін меңгерген, шебер 
музыкант, өз шешешсі Әйгерімге тартқан әнші де болады. 
Жас Тураштың бойында ақындық қуаттың барын сезген әкесі: Тураш үш 
ауыз өлең жазып әкелші деп баласының ақындық өнерін байқап көрмек болады. 
Ақын табиғатты жанды бейне түрінде алып, оның түрлі көріністерімен
мұндасып, сырласады. Абайға шейін қазақ поэзиясында болмаған, ақындық 
өнердегі жаңалық Тураштың ақындық қуатын анық танытатын өлеңі. 
Тураштың жастық махаббат тақырыбына жазған өлеңдерінен сақталып бізге 
жеткені екі-үш өлеңі ғана. 
Жиырма тоғыз жасқа аяқ басқанда Тураш ең ауыр қайғы-қасіретке душар 
болады. Оның әкесінің және бауырларының қайтыс болуы өте ауыр тиеді. 
Абайдың ақындық әлемі дегеніміз мағыналық ауқымы өте кең ұғым. Абай 
поэзиясы заманындағы қоғамдық өмірдің ең көкейкесті, ең күрделі және 
маңызды мәселелерін қозғаған, толғаған поэзия. 


63 
Оның өлеңдерінде, қарасөздерінде қазақ өмірінің көркемдігі бейнеленген 
телегей теңіз шыңдығы бар. Абай шығармаларының қазақ әдебиеті мен 
мәдениеті тарихында өзінше бөлек, өрісі аса биік, мүлде жаңа ой-пікір, көркем 
сезім әлемін ашқаны дауыссыз. Абайдың ақындық әлемі деп осыны айтамыз. 
Абайдың ақындық өнердегі тарихи еңбегі казақ халқының мәдени даму, 
өркендеп өсу жолындағы ерекше елеулі кезеңдерінің бірі болды. Абай өз 
халқының ең ардақты асыл арманын, ой-пікірін, сезім сырын жеріне жеткізе 
жырлай алатын жаңа бағыттағы, жаңа әдебиеттің атасы. Қазақ көркем 
әдебиетінің көрікті әдеби тілін шырқау биікке көтеріп, өркенін өсіріп, байытқан 
ұлы ақын Абай екені даусыз. 
Көркем әдебиеттің заман талабына сай келіп, биік идеялы, терең мағыналы 
болуы-ең негізгі қағида деп білген Абай, «қуатты ойдан бас құрап» шыққан 
құдретті көркем жырымен халықтың сана сезімін сергітіп, ел көңілін өмірдің 
келелі мәселелеріне аударып, болашаққа бой ұрған мұрат мақсатының 
жетекшісі болды. Қазақтың ақындық өнерін нағыз халықтық, ұлттық биік 
дәрежеге көтерген, тұнғыш кемеңгер қалам қайраткері де Абай. 
«Ақын» деген ұғым, Абай атымен, оның әдеби еңбегімен келіп ұштасқаннан 
бастап, қазақ әдебиеті тарихында жаңа мағынаға ие болып, ең ардақты атаққа 
айналады. Ақынның қоғам өміріндегі орны, халық алдындағы міндеті, 
абыройлы мұрат-мақсаты бұрынғыдан әлдеқайда айқындала түсті. Абай 
әдебиет майданына шыққаннан бастап, қазақ жазба әдебиеті тарихында «ақын» 
деген ұғым саяси-әлеуметтік мәні зор, құрметті абыройға ие болды. 
Абай поэзиясы қазақ халқының ұлттық мақтанышы.
Абайдың өзі тірісінде оның айналасына жиналған талапкер, өнерлі 
жастардың саны көп болған. Бұлардың ішінде әншілер, композиторлар, халық 
фольклорын жынаушылар, әнші ақындар, орыс мәдениетін білуге жай көзі 
ашық жастар аз емес еді. Бұлар әр буыннан шыққан болатын. Іштеріндегі жас 
жағынан Абайға тетелес: Көкбай, Мұқа, Бейсембай ақын сияқтыларынан 
бастап, Абайдың балалары: Ақылбай, Мағауия және інісі – Кәкітай сияқты көп 
адамдар болды. Ақылбай, Мағауия, Көкбай сияқты ақындар туралы айта келіп, 
Әуезов: «Бұлардың еңбектерін шолуда, алдын-ала есте тұтатын бір жайды 
ескерте кету керек. Ол осы шәкірт ақындардың еңбек үлгілерінен және 
айқындап көріне түсетін, Абайдың өзінің ерекшелігі болады. Өзге ақындар 
«шәкірт» деп аталған соң, Абай,әрине, олардың басшысы – ұстаз ақын 
болмаққа керек. Әрбір әдебиеттік мектеп осындай аға мен іні ақындардың екі 
буыннан құралатын болса, өзгеше идеялары, өз халқының әдебиет тарихына 
кіргізген анық тарихтық, көркемдік жаңалықтары – қысқасынан айтқанда, 
барлық қасиеттері, әралуан түрде бой көрсететін болды», - дейді. 


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет