99
қажетті жағдай жəне алғышарт болып табылады.
Адамгершілік іс-əрекетке моральдық нормалар мен ережелерді білу,
сонымен қатар бұл нормаларды ұстану, адамгершілік талаптарға сай іс-
əрекеттерді алдын-ала ойлану, болжау жатады. Өз іс-əрекетін талқылау –
адамның адамгершілік даму деңгейін сипаттайды жəне жүзеге асыратын іс-
əрекеттердің реттеушісі болып табылады.
Тұлғаның адамгершілік мінез-құлқы іс-əрекеттен бастау алады. Іс-
əрекетке Л.А.Попов келесі анықтама берген: «Іс-əрекет – адамгершілік
маңыздылығы бар жағымды əрекет. Жағымсыз əрекет (заңсыз əрекеттер)
азғындық мінез-құлық бірлігі болып табылады. Дегенмен, əрекет етпеу де іс-
əрекет болуы мүмкін (сəйкесінше, заңсыз əрекет те)».
Адамгершілік тəрбиенің жəне өмірлік тəжірибенің өскелен ұрпаққа
əсері туралы мəселелер өткен ғасырлар педагогтарын толғандырған (6.2-
кесте):
6.2-кесте
Достарыңызбен бөлісу: