З. С. Советова Ғылыми зерттеу негіздері және академиялық жазылым



Pdf көрінісі
бет67/97
Дата19.10.2023
өлшемі5,46 Mb.
#119424
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97
 
10.4 Аңдатпа 
Аңдатпа
– еңбектің қысқаша сипаттамасы. Аңдатпада еңбектегі негізгі 
тақырыптық мәселелер қамтылады және сол еңбектің мақсаты, қысқаша 
мазмұны, кімге арналғаны, ғылымның қай саласын қамтитыны көрсетіледі. 
Аңдатпаның оқырман үшін маңызы зор. Дұрыс және сауатты жазылған 
аңдатпа оқырманға оған белгісіз еңбек туралы алдын ала түсінік, хабар беріп, 
қажетті ақпаратты, еңбекті тез іздеп табуға көмектеседі. Аңдатпа көпшілікке 
түсінікті, қарапайым тілде жазылуы тиіс. 
Кез келген аңдатпа екі бөлімнен тұрады: 
1)
библиографиялық сипаттау
еңбек туралы алғашқы хабарды береді 
және мемлекеттік талапқа сәйкес құрастырылады; 
2)
 аңдатпа мәтіні
библиографиялық сипаттауда берілген хабарды 
толықтырады және еңбектің мазмұны, оның авторы, еңбектің жетістіктері 
туралы баяндайды. 
Аңдатпа келесі қызметтерді орындайды: 
-
ғылыми мәтіннің негізгі мазмұнын белгілеуге, оның өзектілігін 
айқындауға мүмкіндік береді; 
-
ақпарат алу үшін пайдаланылады, автоматтандырылған жүйелерде 
ақпаратты іздеу үшін қолданылады. 
Аңдатпада негізгі тақырыптың сипаттамасы, ғылыми мәтіннің 
мәселелері, жұмыстың мақсаты және оның нәтижелері болуы керек. 
Аңдатпа қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі.
Ағылшын тілінде сапалы жазылған аңдатпа: 
-
шетелдік ғалымның сіздің өз тіліңізде жазған мақалаңыздың 
мазмұнымен қысқаша танысып, оны толық мәтінін оқып шығуға мүмкіндігі 
болмаса да, қызығушылық танытуына; 
-
қазақ не орыс тілін білмейтін ғалымның мақала бойынша түсінік 
алуына жағдай жасауға; 


138 
-
сіздің мақалаңыздың үзінділерін шетелдік ғалымдардың дәйектеме 
ретінде пайдалануына мүмкіндік береді. 
Қорыта келгенде, сапалы құрастырылған аңдатпа қазіргі ақпараттар 
ағыны дәуірінде ғалымдардың уақытын үнемдеп, аз уақытта мақала туралы 
жалпы түсінік, ақпарат алуына 
көмектеседі.
Д.Қамбаров пен Г.Қашағанованың АЭжБУ Хабаршысына жарияланған 
«Өнеркәсіптік жүйелердегі компьютерлік шабуыл мәселелерін зерттеу» 
тақырыбындағы мақаласына жазған аңдатпасы: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   97




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет