Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Газдардың молекулалық- кинетикалық теория негiздерi
Мектеп: Ақтөбе қаласындағы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: 10
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы
Термодинамикалық жүйелер және термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйдегі термодинамикалық жүйе.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
Макроскопиялық денелердің және микроскопиялық бөлшектердің құрылысын сипаттау; Макроденелерде өтіп жатқан құбылыстар микробөлшектердің параметрлерінің өзгерісіне тәуелді екенін түсіну;
Сабақ мақсаттары
Термодинамикалық жүйелер ұғымын түсіну, жүйенің бір күйден екінші күйге өтуін сипаттау, осы кезде макроскопиялық параметрлердің өзгеруін бақылау. Жылулық тепе-теңдік күй мен тепе-теңдік емес күйлердің айырмашылығын түсіну.
Бағалау критерийлері
Макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды, олардың өлшем бірліктерін, тәуелділік формулаларын біледі, физикалық мағынасын түсінеді.
Термодинамикалық жүйенің күйін сипаттайтын негізгі шамаларды біледі.
Термодинамикалық тепе-теңдік және тепе-теңдік емес күйлерді түсіндіреді.
Тілдік мақсаттар
Пәндік сөздік қор/Пәндік лексика мен терминология: Тілдік қорына, ойларын дұрыс жеткізуіне, монологтық және диалогтық сөйлеу білігін дамытуға көңіл бөлу.
Пән бойынша арнайы сөздер мен терминдер: Термодинамкалық жүйелер. Жүйенің күйін сипаттайтын параметрлер. Жүйенің тепе-теңдік немесе тепе-теңдік емес күйлері.
Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер Оқушылар осы тақырыпқа байланысты терминологияны, барлық анықтамалар мен ережелерді айту және жазу кезінде өзінің ойын нақты, толық және дәйекті жеткізе білуі керек;
Сонымен қатар, үштілділік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында оқушылар осы тақырыпқа қатысты физикалық терминдерді үш тілде айта білулері тиіс