Миға шабуыл. «Ой қозғау» әдісі.
Ұжымдық жұмыс.
5 мин.
|
Өткен тақырыпты кайталау.
-Көпмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?
-Қандай формулаларды қолданамыз?
-Қысқаша көбейту формулалары деп нені айтады?
-Екі өрнектің қосындысының және айырмасының квадратының ережесі қандай?
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі қолданылады. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға қосымша ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға қосымша жетелеуші сұрақтар қойылады.
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлауды дамыту.
Тиімділігі: Оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Оқушылар оқулықтан жаңа сабақты оқып, топ ішінде талқылап бір- біріне түсіндіріп әр топ қорғайды
|
Дескриптор:
-Ауызша сұраққа жауап береді.
1-балл
-Формуласын айтады.
1-балл
-Формуланы жазып көрсетеді.
1-балл
Бағалау:
Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл қойылады.
|