Өткен тақырыптарға шолу: ,,,
«Менен сұрақ ,сізден жылдам жауап» әдісі арқылы сұрақтар қойылады.
1.Күкіртсутектің тотықсыздандырғыш қасиеттері қандай?
2. Күкірт оттекпен бірігіп қандай қосылыстар түзеді?
3.Күкірт элементі қандай қышқылдар түзеді?
4. Күкірт қосылыстарында қандай тотығу дәрежелерін көрсетеді?
5. Күкірт диоксидіндегі күкірттің тотығу дәрежесі?
6. Күкірт оксидінің судағы ерітіндісі қандай қышқыл түзеді?
7. Сульфид – ионын тәжірибе жүзіндеқалай анықтаймыз?
Қ.Б.: Алтын жұлдызша арқылы бағаланады
Ашық сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыпты «ОЙҒА ОЙ ҚОС»әдісі мен айқындау.
Күкірттің басқа элементтерден ерекшелігі қандай?
Күкірттің қандай қасиеттері бар?
Күкірт қышқылының құрамындағы химиялық элементтерін ата.
Жаңа сабақтың мазмұны 1-тапсырма. «STEM» әдісі. Сыныптағы 2топқа жаңа сабақтың қысқаша мазмұны жазылған парақтар таратылады. Топпен талқылап, берілген тапсырмаларды орындайды және топтық ой тұжырым жасайды.
Күкірт диоксидінің ауада жиналу себептерін талқылаңыз.
Күкірт диоксидінен қышқылдың түзілу реакциясын жазып көрсетіңіз.
Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолданудытүсіндіріңіз.
Дескриптор Күкірт диоксидінің ауада жиналу себептерін талқылай алады.
Күкірт диоксидінен қышқылдың түзілу реакциясын жазып көрсете біледі.
Тағам өнеркәсібінде күкірт диоксидін қолданудытүсіндіре алады.