Заголовок презентации



бет7/13
Дата26.04.2023
өлшемі1,88 Mb.
#87023
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Лекция 9. Редоксиметрия әдісі(3) 5

Титрлеу қисығы

  • Мысалы, 25мл 0,1н FeSO4 ерітіндісін 0,1н Ce(SO4)2 ерітіндісімен титрлеуді қарастырайық. Тотығу-тотықсыздану титрлеуінде титрлеу қисығының алғашқы нүктесін есептемейді, оның себебі ерітіндіде анықтайтын заттың бірақ түрі жүреді (Fe2+), ал екінші түрінің концентрациясы өте аз және белгісіз. Сондықтан потенциалды титрантты құйғаннан кейін ғана есептей бастайды.
  • Титрлегенде жүретін реакция теңдеуі:

  • Эквиваленттік нүктеге дейін жүйенің потенциалы титрлейтін зат жұбының (Fe3+/Fe2+) потенциалымен анықталады:

[Fe3+] = VСе4+·CСе4+ = 1,00 мл·0,1 н;
[Fe2+] = VFе2+·CFе2+-VСе4+·CСе4+ = 25,00 · 0,1 – 1,00 ·0,1 = 24,0 · 0,1

Титрлеу қисығы

Эквиваленттік нүктеде жүйенің потенциалы ерітіндіде жүрген екі тотығу-тотықсыздану жұбының (Fe2+/Fe3+ және Се4+/Се3+) потенциалымен анықталады. Сондықтан бұл потенциал екі жұптың потенциалдарының қосындысына (Е(Fe3+/Fe2+)+ Е(Се4+/Се3+)) сәйкес болады:


Титрлеудің кез-келген нүктесінде [Fe3+] = [Се3+], ал эквиваленттік нүктеде [Fe2+] = [Се4+] болады. Осыдан
([Fe3+]/[Fe2+]) · ([Се4+]/[Се3+]) = 1;
2E = E0(Fe3+/Fe2+) + Е(Се4+/Се3+), себебі lg1 = 0.

Титрлеу қисығы

  • Эквиваленттік нүктеден кейін ерітіндіде титранттың тотығу-тотықсыздану жұбы пайда болады (Се4+/Се3+), жүйенің потенциалы осы жұптың потенциалымен анықталады:

Бұл жұптың тотықсызданған түрінің (Се3+) концентрациясы өзгермей, ал тотыққан түрінің (Се4+) концентрациясы титранттың көлемі артқан сайын өседі.
[Сe3+] = 25,00мл ·0,1н:
[Сe4+]= VСе4+· CСе4+- VFе2+· CFе2+= 26,00 · 0,1 – 25,00 ·0,1 = 0,1М
Табылған мәндерді орнына қойса:

25мл 0,1н FeSO4 (темір (ІІ) сулфаты) ерітіндісін 0,1н Ce(SO4)2 церий сульфаты (церий (IV) сульфаты) ерітіндісімен титрлеу қисығы


1 - титрлеу секірісі;
2 - эквиваленттік нүкте;
Титрлеу қисығындағы секіріс потенциалдың келесі өзгеріс аймағында жатыр: 0,90 – 1,30, т. е. АЕ ~ 1,30 - 0,90 = 0,40 В, эквивалентік нүктеде потенциал 1,105 В тең. Бұл жағдайда индикатордық потенциал шамасы 0,90—1,30 В интервалында жататын индикаторларды таңдауға болады: N-фенилантранил қышқылы (Е° = 1,00 В) және ферроин (Е° = 1,06 В).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет