Редоксиметрия әдісінің титрлеу қисықтары Ох1 + n1e = Red1
Ох2 + n2e = Red2
• Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығын – жүйенің электродты потенциалы Е, В – титранттың көлемі V, мл координатасында тұрғызады
• Эквиваленттік нүктеге дейін жүйенің потенциалы
титрлейтін зат жұбының (Fe3+/Fe2+) потенциалымен
анықталады:
• Эквиваленттік нүктеде жүйенің потенциалы ерітіндіде
жүрген екі тотығу-тотықсыздану жұбының (Fe2+/Fe2+ және
Се4+/Се3+) потенциалымен анықталады:
• Эквиваленттік нүктеден кейін ерітіндіде
титранттың тотығу-тотықсыздану жұбы
пайда болады (Се4+/Се3+), жүйенің
потенциалы осы жұптың потенциалымен анықталады:
n1Ох1 + n2Red2 = n1Red1 + n2Ох2
Титрлеу қисығы
Тотығу-тотықсыздану тирлеу қисығының бір ерекшелігі - ерітіндінің сұйылуы эквиваленттік нүктеге сәйкес бөлікке әсер етпейді, өйткені Нернст теңдеуіне заттың тотыққан және тотықсызданған түрлерінің концентрацияларының қатынасы кіреді (Ох/Red шамасы бұл жағдайда өзгермейді). Оның үстіне, қисықтың секіріс бөлімін, реакция өнімдерінің біреуін комплексті қосылыс түзілуі арқылы кеңейтуге болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу қисығы қисықтың эквиаленттік бөліміне сәкес потенциал аралығын табуға мүмкіндік береді, осыған сәйкес қажетті индикаторды таңдап алу жеңілдейді.
Редоксиметрия әдісінің титрлеу қисықтары
Темір сульфатының (ІІ) 20 мл ерітіндісін калий перманганатының сондай нормальды (0,1н) ерітіндісімен титрлеу кезіндегі тотығу-тотықсыздану әлуетінің өзгеруі.
KMnO4
Қалған FeSO4
Редокс-потенциал
мл
%
%
(В)
0
10
15
19
19,9
19,99
20,00
20,01
20
10
5
1
0,1
0,01
0
-
100
50
25
5
0,5
0,05
0
-
-
0,750
0,767
0,824
0,880
0,940
1,400
1,480
Процестің барысында потенциал шамасы Е = 0,7В болады. Калий перманганатының ерітіндісін қосқан сайын Fe2+ иондары азаяды, ал Fe3+ иондарының концентрациясы өседі, соған сәйкес потенциал шамасы да (Е) артады. Эквиваленттік нүктеге дейін өзгеруі шамалы ғана, ал титрлеу соңында 0,520В –қа өсіп 1,220В болады.