Гемодинамика – бұл қан тамырлары бойымен қанның жылжуы.
Гемодинамика көрсеткіштері:
1. Қан қысымы (артериалық, веналық, капиллярлық).
2. Қан ағысының жылдамдығы (сызықтық, көлемдік, қан айналымының толық мерзімі).
3. Тамырлардың шеткі кедергісі (тамырлар тонусы).
Гемодинамикада қолданылатын гидродинамиканың негізгі формуласы Q = Q – қан ағысының көлемдік жылдамдығы P1 – P2 – тамырдың бас жағымен аяқ жағындағы қысымдарының айырмасы R – тамырлардың шеткі кедергісі Егер P2 = 0, онда Q = бұдан P = QR
Артериялық қан қысымына әсер ететін факторлар :
1. Жүректің жұмысы (систолалық және минуттық қан көлемі).
2. Тамырлардың шеткі кедергісі.
Систолалық қан көлемі (СҚК) – жүректің бір систола кезіндегі шығарған қан мөлшері (60-70 мл).
Минуттық қан көлемі (МҚК) – жүректен бір минут арасында шыққан қан мөлшері (4,5 – 5 л)
Тамырлардың шеткі кедергісі мынандай жағдайларға байланысты :
тамырлардың созылғыштығы
тамыр саңылауы
қанның тұтқырлығы
1733 жылы С. Хелс қан қысымын анықтаса, ал Карл Людвиг 1848 ж. алғаш рет қисық сызығын жазып алды.
Қан қысымының қисық сызығында 3 толқынды ажыратады.
I – пульстік
II – тыныстық
III – орталық
Қан қысымын Коротковтың аускультативті тәсілімен анықтайды.
Ажыратады:
1. Систолалық немесе максималды қысым =
105-125 мм.с.б.
2. Диастолалық немесе минималды қысым =
60-80 мм.с.б.
3. Пульстік қысым = 35-40 мм.с.б.
4. Орташа динамикалық қысым – пульстік тербеліссіз қысым көрсеткіші (90 мм.с.б.).