Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы



бет23/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
Реферат

Мәдениеттің қазіргі кезеңдегі дамуы
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық өктемдіктен бас тартатын,мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап,оны қорғау,өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдайлар туғызу,жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыққа жария жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалық драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалық драма театры, Батыс Қазақстан облысында мәдениет институты және қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мәселелері бойынша Ғылыми орталық ашылды.

Өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева "Солистер академиясы" оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалық білім беруді қайта құру жөнінде ұтымды жүмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж, ал жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов "пен- клубын" ашты. Осының бәрі өнер саласындагы дарынды адамдардың өз идеяларын жүргізу үшін сауатты нысандар тауып жатқанын көрсетеді. Соңғы жылдары Президент Н. Ә. Назарбаевтың шығармашылық жастармен кездесуі дәстүрге айналды. Мәдениет және өнер қайраткерлеріне арналған Елбасының стипендиясы тағайындалды. Ол жыл сайын беріліп тұрады. Еліміздің көп ұлтты мәдениетін дамытуда 40-тан астам ұлттық мәдени орталыктер мен Қазақстан халықтарының біріккен Ассамблеясы бірсыпыра жұмыстар жүргізуде. Нарықтық экономика талаптарына бейімделе отырып, 1996 жылы 22 жекеменшік киностудия мен 12 жекеменшік галерея мемлекеттің жәрдемінсіз жұмыс істеді. Соңғы кезде көптеген мәдени шаралар мемлекеттің қаржылай қолдауынсыз жүргізілуде. Республика мәдениет саясатын нақты жүзеге асыруда жоғары кәсіби мәдениет кадрлары мен мамандардың атқаратын ролі зор. Осы жағдайды ескере отырып, мәдениет саласына қажетті кадрларды дайындау ісі республиканың 5 жоғары 39 орташа арнайы оқу орындарында жүзеге асырылып келеді. Сонымен қатар шығармашылық жас таланттарды тәрбиелеп өсіруде жазушылар, композиторлар, суретшілер және кино өнері тағы баска шығармашылық одақтардың алатын орны ерекше. Олар тек мемлекет идеологиясын жүзеге асыру қызметімен шектелмей,шығармашылық жастарда өсіп-жетілуіне зор ықпал ететін шараларды іске асырып отыр. Қазақстан мәдениетінің дамып-жетілуіне соңғы кездерде өткізіліп жүрген республикалық және халықаралық конкурс-фестивальдің маңызы өте зор. Атап айтқанда, "Азия дауысы", "Жас қанат", "Дәстүрлер жүлдесі","Шығыс маусымы","Үкілі домбыра", "Ермек Серкебаев шақырады" классикалық музыка фестивалі, мемлекеттік "Қазақкино" компаниясының бастауымен шетелдік кино күндерін өткізу дәстүрге айналды.


Соңғы жылдары еліміздің мәдениеті мен рухани өрлеуіне Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылды - Мәдениетті қолдау жылы деп жариялауына үлкен маңызы болды. Бұл жылы мәдениет мекемелерін дамытуға, олардың материалдық базасын нығайтуға бағытталған едәуір жұмыстар атқарылды. 727 мәдениет мекемелері жаңадан ашылды. Оның қатарында 468 кітапхана, 239 клуб, 5 жаңа театр мен 5 мұражай бар. Астанада, Петропавлда, Оралда, Өскеменде және Түркістан қаласында ашылды. Корей музыкалық комедия театры, республикалық неміс драма театры, Н. Сац атындағы орыс академиялық балалар және жасөспірімдер театры жеке ғимараттарға көшті. Мәдениетті қолдау жылы аясында барлығы 2368 мәдени объекті: 1449 кітапхана, 681 клуб үйі, 49 мұражай, 11 театр, 6 кинотеатр, 2 филармония ғимараттары жөндеуден өтті.


Мәдени колдау жылының шын мәніндегі шарықтау шегі Түркістан қаласының 1500 жылдық тойын тойлаумен сабақтас келді. Бұл үлкен тойды өткізу барысында Қазақстан мемлекеті Күлтөбе, Отырар сияқты қалалардың, Кожа Ахмет Иассауидің кесенесін, Әзірет Сұлтан мемлекеттік тарихи-мәде- ни қорығын т. б. нысандарды қайтадан жаңғыртты.


ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген мәдени шаралар


ХХІ ғасырдың басында ЮНЕСКО деңгейінде атап өтілген Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтой, Тараз қаласының 2000 жылдығы еліміздің беделіне бедел косты. Өйткені Түркістан қаласы қазақ және Орталық Азиядағы басқа да халықтардың өзіндік бір рухани және мәдени орталығы,екінші Мекке болып саналады. Осы орайда, біздің мемлекетіміздің мәдениет жөніндегі саясатының басты назары ұлтымыздың рухани мүмкіндігін әлемге барынша танытуға бағытталып отырғанын айтқан жөн. Мұның өзі біздің халықаралық мәдени байланысымызды нығайтуға үлкен ықпалын тигізеді.


Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері аз уақыттың ішінде, қазақ ұлтының және басқа халықтардың мәдениетін, оның қайнар қуатын тек өз елімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемге таныта бастады. 1995-1997 жылдары ЮНЕСКО ауқымында Қазақстан Республикасының екі үлкен мерекесі атап өтілді. Олар: Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерей тойлары. 1996 жылы Желтоқсан оқиғаларының 10 жылдығын, 1916 жылғы ұлт-азатты қозғалысының 80 жылдығын, дарынды ақын, дана тәлімі ер, жалықтар достығын жырлаушы Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерей тойын тойлау еліміздің тарихындағы жарқын оқиға болды. Ал 1997 жылы жалпыұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланып, еліміздің барша қауымы 1932 жылы 3 миллион адамынан айырылған қазақ халқының ұлы қасіретінің 65 жылдығын және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық интеллегенция қасіретінің 60 жылдығын атап өтті.


Ұлы Абайдың 150 жылдық және Мұхтар Әуезовтың 100 жылдық мерей тойлары арқылы Қазақстан рухани тәуелсіздігін және әлемдік мәдениеттің үдерісіне тікелей қатыса алатынын көрсетті. Оған дәлел ретінде кемеңгер жазушы Мұхтардың шығармашылығының бүкіл дүние жүзінің 72 елінде жариялануын айтуға болады.Сөйтіп,Абай,Мұхтар шығармалары,оларға арналып өткізілген тойлар арқылы бұрын белгісіз болып келген қазақ халқы бүкіл әлемге танылды.
2000 жылы қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғалары Сабит Мұқановтың, Иса Байзақовтың, Бауыржан Момышұлының, Жұбан Молдағалиевтің, Әнуар Әлімжановтың мерей тойлары кеңінен атап өтілді. Жыл аясында Қазақстан мәдениетінің дамуына айтулы үлес қосқан республиканың белгілі өнер кайраткерлері Ғ. Жұбанованың, О. Жәнібековтің, С. Мұхамеджановтың, К. Күмісбековтің және тағы басқалардың есімдерін мәңгі есте қалдыру шаралары жузеге асырылды. Еліміздің Президенті жарлығымен 1998 жыл-Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы деп атап өтілді. Тарих жылы тұтастай алғанда 23 ірі-ірі ғылыми форумдар өткізілуімен ерекшеленді. Соның ішінде Республика Ұлттық ғылым академиясы тарихында тұңғыш рет АҚШ, Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркия, Жапония ғалымдарының қатысуымен отандық тарих проблемаларына арналған арнайы сессия өткізілді. Сондай-ак, "Жібек жолы және Қазақстан", "А. Байтұрсынов - ғалым, ағартушы, коғам қайраткері", "Құрманғазы және мыңжылдықтар тоғысындағы дәстүрлі музыка", "Қазақстанмен шекаралас аумақтардың тас дәуірі" сияқты халықаралық, "Шал Күлекеұлы және ақындық дәстүр", "Қоғамдық гуманитарлық ғылымдардағы қыпшақтану" және т. б. республикалық ғылыми конференциялар жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
ХХ ғ соңғы жылы Қазақстан ғалымдары Мұхамед Хайдар Дулати, Қорқыт ата, Кұрманғазы, Амангелді Иманов сияқты бірегей тұлғалардың, сондай-ақ Аңырақай шайқасының 270 жылдығы мен Қазақ хандығының 550 жылдығы сияқты айтулы мерей тойларды өткізуге жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізді. Республиканың барлық облыстарына, сондай-ақ, көрші елдердің шекаралас аудандарына ірі-ірі 24 ғылыми экспедициялар аттандырылды. Олар кең байтақ республикамыздың 74 ауданын аралады. Қазақ деген халық ғұмыр кешкен жерлерде ең ірі, ең іргелі этно-мәдени зерттеулер жүргізілді. Сонымен қатар қазақ сахарасының ежелгі дәуірінен мағлұмат беретін археологиялық зерттеулер жасалды. Археологиялық экспедициялар, негізінен Оңтүстік пен Жетісу өңірінде, Ордабасы тарихи-мәдени аймағында, Орталық Қазақстан аумағындағы ортағасырлық отырықшылық орталық және т. б. жерлерде жұмыс істеді. Осының нәтижесінде Тараз қаласы жерде тастан өріліп жасалған ғажап архитектуралық ғимарат- Ақыртас кешені ашылып зерттелді. Халықаралық деңгейде Италияның Мантуя қаласында "Алтын адам: Қазақстан далалары қола дәуірінен халықтардың Ұлы қоныс аударуына дейін" атты көрмесі зор абыроймен өтті. Көрме өз жұмысын Венецияда жалғастырып,1998 жылы 23 қыркүйекте Рим қаласында Н.Назарбаевтың осы елге ресми сапарына орайластыра аяқталды.
Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы "Ұлытау" мұражай-қорығына кіретін Алаша хан, Жошы хан кесенелері, Қызылорда облысындағы - Балтық мешіті, Қазалы қаласындағы Марал ишан кесенесі жөндеуден өткізілді. Көкшетауда Шоқан Уәлихановқа, Таразда Мұхамед Хайдар Дулатиге, Ақтөбеде - Құдайберген Жұбановқа, Алматыда -Шәкен Аймановқа ескерткіштер орнатылды.
Еліміздің рухани кемеңгерлерін қадір тұтып, оларға тарихи ескерткіштер орнату кейінгі жылдарыда жалғасты. Атап айтқанда, Жидебайда Абайдың мемориалдық кешені, Шымкентте Ордабасы тарихи қорығы ашылды. Алматыда, Көкшетауда Абылай ханға, Астанада әл-Фараби ескерткіші, Алматыда қазақ халқының қаһарман қыздары Кеңес Одағының Батырлары Әлия Молдағұлова мен Маншүк Мәметованың, Қаныш Сәтбаев пен Жамбылдың А. С. Пушкиннің ,Т.Шевченконың ескерткіштері бой көтерді. Астанада жаппай қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориал орнатылды. Айыртауда қазақ батырлары Қарасай мен Ағынтайға, Ресейдің Астрахан облысында күй атасы Құрманғазыға, Ордада- Жәңгір ханға, Атырауда -Исатай мен Махамбетке, Бейбарысқа, Дина Нұрпейісоваға, Астанада Абайға, Кенесарыға, Ақтөбеде Әбілхайыр ханға, Қостанайда Ахмет Байтұрсыновқа, Павлодарда Сұлтанмахмұт Торайғыровқа ескерткіштер орнатылды.

Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетіне Абылай хан есімі берілді. Тараз Мемлекеттік университеті Мұхаммед Хайдар Дулати атымен аталды, көптен көкейде жүрген толғақты бір мәселе -мәдениет және мәдениеттану ғылыми-зерттеу институты


Алматыда кұрылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1999 жыл- Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды. Осымен байланысты өткен ғасырлардан жеткен орасан зор мәдени-тарихи мұраны сақтап, оны жинақтап жаңа ғасырдың игілігіне айналдыру міндеті қойылды. Бүл жағдай бірінші кезекте мәдени-тарихи құндылықтарды зерттеу, сақтау, рухани бағытындағы іс-шараларға ерекше назар аударуға міндеттейді. Өйткені еліміздің аумағында 25 мыңнан астам жылжымайтын тарихи-мәдени объектілер бар, олардың 8 мыңнан астамы мемлекеттің қорғауына алынып, 10-ы ЮНЕСКО-ның Бүкіл дүниежүзілік мұраларды сақтау орталығының жасалған тізіміне енгізілген.
Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары ірі жалғасын тапты. Нәтижесінде 19114 адам толықтай ақталса, республика бойынша заңсыз жазаланған 215 мың адам өз атына жан қара күйеден арылды. Қазақстандық патриотизмді, отаншылдықты қалыптастыруға бағытталған кешенді әскери-патриоттық шаралар өткізілді. Республика Қарулы Күштерінің барлық бөлімдерінде "Батырларға бағышталды" атты шаралар белгіленіп, онда халық қаһармандарын еске алу кештері,салтанатты шерулер,театрландырылған көріністер,мерекелік концерттер ұлттық мәдениет күндері болып өтті. Жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу ісінде, әсіресе, майдангер-жазушылар Б. Момышұлының, Д. Снетчинің, Қ. Қайсеновтың, С. Бақбергеновтың және т. 6. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен пайдаланады.

Жеткіншектерді ұлттар достығы, ел бірлігі мен келісім рухында тәрбиелеуді мақсат еткен студенттік кештер дәстүрге айналды. Әсіресе, А. С. Пушкин мерей тойына орайластырған поэзия мерекелері, Евразия Университетінде "Алпамыс батыр" жырының 1000 жылдық тойына арналған ғылыми- теориялық конференция, ғұлама тарихшы, Орта ғасырдағы ірі мемлекет қайраткері Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой шараларының қоғамдық-саяси тұрғыдан үлкен маңызы болды. М. Х. Дулатидің өлмес мұрасы "Тарихи- и-Рашиди" еңбегі қазақ тілінде жарық көрді. "Ұлытау" қоғамдық козғалысы ұйымдастырған "Алтай-Дунай" халықаралык археологиялық-этнологиялық экспедициясы сәтті аяқталды. Қазақстан мәдениетің дамытуда бұқаралық ақпарат құралдары, баспа мен полиграфияның алатын орны ерекше зор. Олардың алдында соңғы жылдары мәдени мұраларды кеңінен насихаттау міндеттері қойылған. 2001-ші жылы республикада 1754 Бұқаралық ақпарат құралдар орындары, соның ішінде 1167 газет, 451 журнал, 121 теле және радиокомпаниялар, 15 хабар тарататын компаниялар, бірнеше ондаған баспалар болса, ал соңғы үш жылда ақпарат құралдарының саны одан ары артып, 2004 жылы елімізде 1937 бұқаралық ақпарат құралы жұмыс істеді.


Олардың 80 пайызы мемлекеттен тыс жекешеленген ұйымдар болды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет