Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары



бет12/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35
Байланысты:
Реферат

Қазақстан қоғамының жалпыұлттық құндылықтары


«Мәңгілік Ел» идеясы Қазақстан қоғамын біріктіруші құндылық. Қазіргі кезде Қазақстанда өзіндік бірегей құндылықтар қалыптасып, жалпыұлттық мағынаға ие болды. Олардың қатарында «Мәңгілік Ел» идеясының құндылықтары, этносаралық келісім, ашықтық, үлкенді құрметтеу, қонақжайлылық, өзара көмек көрсету, әдептілік пен сыпайылық т.б. аса маңызды орын алады.
Бейбітшілік пен тыныштықта өмір сүруге ұмтылу қазақ халқының асыл қасиеттерінің бірі екені белгілі. Қазақстанның көпұлтты халқының татулығы мен ынтымақтастығы, өзара сыйластығы – еліміздің басты байлығы. Бүгінде Қазақстан – бейбітшілік пен келісім сақталған, түрлі ұлт өкілдері жарасты өмір сүріп жатқан бірегей мемлекет.
Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту. 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы» бекітілді. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықтар құрайды. Ол әрбір азаматтың этностық тегіне қарамастан өзінің тағдыры мен болашағын Қазақстанмен байланыстыруына негізделеді. Ортақ тарихымыз, бүгінгі тіршілігіміз, болашаққа деген жауапкершілігіміз қоғамды біртұтастыққа бастайды. Тұжырым бойынша азаматтық қағидаттары, үштілділік сияқты құндылыққа ерекше мән берілді. «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мазмұны жеті құндылықтан тұрады. 1991 жылы алған тәуелсіздігіміз барлық қазақстандықтарды біріктіретін қоғамдық келісімнің басты, өзекті нысаны саналады.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясында қоғамдағы ұлттық бірлікті сақтау, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді одан әрі нығайту жобасы көрініс тапқан. Сонымен қатар индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсуге, өмір сапасын жақсартуға бағытталған жалпыға ортақ еңбек қоғамын орнықтыруға, республикамызда тұратын барлық ұлттардың тілдерін дамытуға жағдай жасауға және бейбітшілік пен келісім мәселесіне зор көңіл бөлінген.
Жалпыұлттық идея сонымен қатар ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және Қазақстанның жалпы әлемдік мәселелерді шешуге қатысуына ықпал етуге бағытталған. Республикамыздың астанасында экономикалық және рухани келісім форумдардың өтуі – еліміздің осы істерді табысты жүзеге асырып жатқандығының дәлелі.
«Мәңгілік Еліміздің» ұлттық мақтанышы Нұр-Сұлтан қаласы республикамыздың ғана емес, Еуразия құрлығының саяси, мәдени және рухани орталығына айналды. 2010 жылы Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ саммиті өтті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет