Зар заман өкілдерінің идеологиялық құндылықтары «Зар заман» поэзиялық ағымы қалыптасуының алғышарттары


Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы



бет27/35
Дата05.06.2023
өлшемі362,36 Kb.
#98788
түріРеферат
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35
Байланысты:
Реферат

Қазақ халқының дәстүрлі музыкалық және рухани мұрасы

Ұлтымыздың бүкіл рухани игілігі 20 ғасырға дейін жазбасыз түрде дамып, ауыздан-ауызға, әкеден-балаға, ұстаздан - шәкіртке, өткеннен - ​​болашаққа жеткізіл ип отырған. Шаруашылықтың көшпенді және көшпенді емес түрі ұлттық аспаптардың, музыкалық дәстүрлердің ерекшеліктерін, қазақ қоғамының өмірі менұрмысың, сөзді к және ақындық көркемөнердің біртұтастығын көрсетеді.


Музыка өзінің алғашқы кезеңінде ескі көшпелі қоғамның қажеттілігінен туып, ірі діни және тұрмыстық салт-дәстүрлермен біртұтас дүниеге айналды.Халық жадында жүзден аса эпос сақталған, олар мың өлең жолынан тұрады, қыл қобыз немесе домбыра арқылы орындалған. Халық шығармашылығының сүйікті жанры, батырлық және лирикалық – тұрмыстық эпостар қатарында «Қобыланды», «Алпамыс», «Ер - Тарғын», «Қамбар», «Қыз-Жібек», «Қозы - Көрпеш - Баян сұлу », «Еңлік және Кебек» жырларын айтуға болады. Бұлар қазақ тарихына қатысты нақты оқиғаларды аңыз, мифологлық түрде жеткізеді.


Халық музыка аспаптарының көне үлгісі ретінде кейін пайда болған күй де - өзінің бастапқы кезеңінде магиялық міндеттерді атқарған. Екі дәстүрдің – эпикалық және аспаптық дәстүрдің шығуы халық санасында атақты әулие – Қорқыт есімімен байланысты. Қорқыт өзінің ұрпағына ұлы мұра – қобыздық күйлер - «Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елімай», «Ұшардың ұлуы» сияқты және т. б. шығармалар қалдырды.


Домбыра және сыбызғылық музыканың көне үлгілеріне құстар мен жануарлардың атауларымен күй – аңыздар жатады – «Аққу», «Қаз», «Нар», «Ақсақ қыз», «Ақсақ құлан» батып бара жатқан балалар мен аңдар туралы – «Жорға аю», « Зарлау», «Жетім қыз» және т. б. күй – аңыздар. Бұлар ерте кездегі діни сенім – нанымның, әдет-ғұрыптың жаңғырығын осы күнге дейін алып келген. 19 ғ. таман ғана қазақ музыкасы өзін шектеген дін мен дәстүрлерден арылып, дербес көркемдік шығарма ретінде дами бастаған. Бұл кезең – шын мәніндегі ұлттың рухани жаңаруы, аспапты, әндік, ақындық өнер сияқты негізгі халықтық өнердің даму кезеңі болды. Қазақстанның байтақ территориисында әртүрлі дербес кәсіби композиторлық және орындаушы мектептер пайда болды, әрбір аймақ өз ерекшелігін сақтап отырды
Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Қазанғап, Дина, Біржан, Ақан, Жаяу Мұса, Естай, Ыбырай, Нартай, Мәди, Мұхит, Абай, Кенен Әзірбаевтың есімдері тек қазақ мәдениетіне ғана емес, әлемдік музыка мәдениетіне энді. Бұлар – қазақ музыка мәдениетінің шоқ жұлдыздары болып табылады. Олар халықтық музыканы дамытты, дербестіктерін сақтады, халық арасында үлкен құрметке ие болды.

ҚАЗАҚТЫҢ ДӘСТҮРЛІ МЕРЕКЕЛЕРІ


Наурыз – көне мейрам. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан орын алған. Бұл мейрамды ежелгі гректер «патрих», бирмалықтар «су мейрамы», тәжіктер «гүл гардон», «бәйшешек», «гүлнаурыз», хорезмдіктер «наусарджи», татарлар «нардуган», буряттар «сагаан сара», соғдылықтар «наусарыз», армянский дар «навасарди», чуваштар «норис ояхе» деп түрліше атаған. Әбу Райхан Бируни, Омар һайям, т.б. еңбектерінде шығыс халықтарының Наурызды қалай тойлағандығы туралы мәліметтер мол. Мысалы, парсы тілдес халықтар Наурызды бірнеше күн тойлаған. олар бұл күндерде әр жерге үлкен от жағып, отқа май құяды; жаңа өнген жеті дәнге қарап болашақты болжайды; жеті ақ кесемен дәстүрлі ұлттық көже «сумалак» ұсынады; эски кимдерін тастайды; ескірген шыны аяқты сындырады; бір-біріне гүл сойлап, үйлерінің қабырғасына дөңгелек ою – салат «күн символн»; үйдегі тиреу ағашқа гүл іледі; түрлі жарыстар (жамбы ату, т.б.) ұйымдастырады.

Дәстүр бойынша бұрын Наурыз мейрамын бүкіл ауыл-ел болып, әсіресе жастар жағы түгелдей таң шапағатын қарсы алудан — тазаланған арықтарға су жіберуден, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін өткізуден бастайтын. Қызықшылық онан әрмен халық ойындарымен («Айқыш-ұйқыш», «Ақ серек пен көк серек», «Алқа қотан», т.б.), ән салып, би билеумен, ақындар айтысымен, «Қызғалдақ» мерекесімен , қазақша күреспен, ат жарысымен жалғасып кете беретін де, түнге қарай «Алтыбақан» айналасындағы тамашамен аяқталатын.


Наурыздан кейінгі 2-ші күні жұрт жаппай көктемгі егіске кірісетін. Малшы қауым да төл алуға қатысты іс-қарекетімен айналысатын. Наурызды кейінге қалдыра тұратын ауылдардың өзінде де мейрамнан кейінгі 2-ші күні жаппай егіске кірісетін.

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологлық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа кимдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер итады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр эт салып пісірілуі – қыс тағамымен (етпен) қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен (сүт, ақ) қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожаны алдында арылады. Ауыл ақсақалдары араларына жік түскен бауырлас ел, руларды, ағайын, дос-жаранды бір дастарқаннан дәм таттырып, табыстырған, жалғыз жарым жетімдерді үйлендіріп, жеке отау эткен. Кембағал, мүгедектерді жақын туыстарының қарауына арнайы міндеттеп тапсырған. Жұтқа ұшырап қиналғандарға жылу жинап берген. Алтыбақан басында ән айтылып, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу,алтыбақан, тең көтеру, т.б.) ойналады. Таң ата көпшілік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады.


ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ
Қазақ отбасына тән абзал қасиеттердің бірі — ежелден бері келе жатқан қонақжайлылық. Қонақ болу үшін ониң таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолаушы кез келген қазақ үйінде қонақасыны «бөлінбеген еншім» деп талап этуге еркі болған. Қонақ асыны «бөлінбеген енші» деудің өзі қазақ арасына кең тарап, дәстүрге айналып қалыптасқан халық жоралғысы екенін көрсетеді.
Бұл дәстүрдің шығу тегін аңыз Алашқа апарып тірейді. Алаш қартайған кезінде қолындағы бар малды төртке бөліп, үш бөлікті үш баласына — Ұлы, Орта және Кіші жүзге берген екен. Ал өзінде қалған төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қосыпты. Сондықтан аңыз бойынша әр жолаушыға қандай қазақ болсын тегін тамақ, жылы орын тағы басқа қамқорлықтар жасап тұруға міндетті болса керек.

Қонақжайлық – қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Сонымен қатар адамдар арасындағы сыластықты, бір-біріне деген құрметті, қамқорлықты білдіретін, кісінің адамгершілігін, имандылығын айқындайтын қасиет.


Қазақ халқы – ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң – құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған.Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл – қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған.

Қазақ отбасында балалар жастайынан қонақжайлылыққа тәрбиеленеді. Өйткені халық дәстүрі бойынша қонақасы берілген соң, қонақтан әңгіме сұрайды, өнері болса ән салғызып, күй тартқызады, ертегі, қиссалар айтқызады. Қонақ әңгімесіне балалар әрқашан құмар болады. «Адам болар бала қонаққа үйір» деп халық тегін айтпаған. Өйткені әр қонақтан естіген жаңалықтарын есінде сақтай білген жастың өмірді білуі, түсінуі кеңейіп, дүниеге көзқарасы қалыптасады. Көптеген нақыл сөздерді, пайдалы кеңестерді үйренумен бірге, жаманшылықтан жиренуге ден қояды. Олай болса қонақжайлылықтың тәрбиелік мәні аз емес.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет