Зат алмасуы физиологиялық, физикалық жəне химиялық процестерден тұрады



бет2/2
Дата03.04.2023
өлшемі40,82 Kb.
#78618
түріҚұрамы
1   2
Күрделі заттардың арнайы жолдармен ыдырап, универсалды аралық өнімдерге айналуы.
Бұл - күрделі заттар ыдырауының бастапқы, дайындық саты- сы болып есептелінеді. Себебі бұл сатыда тағам құрамындағы ірі молекулалар ыдырап, негізгі құрылымдық белоктарға айна- лады. Мысалы, көмірсулар гексоза немесе пентозаға, липид- тер май қышқылдарына жəне глицеринге, ал белоктар 20 амин қышқылдарына дейін ыдырайды (20-сурет).
Энергия алмасудың 1-ші дайындық сатысында барлық негізгі қоректік заттар ортақ аралық өнімдерге дейін ыдырайды, оларды жеке-жеке схема түрінде қарастырамыз.

20-сурет. Катаболизмнің жəне анаболизмнің 1-ші сатысы.
Сызықтар катаболикалық жəне анаболикалық жолдарды көрсетеді

а) Көмірсулардың пируватқа дейін тотығуы рет-ретімен жүретін көптеген ферментативті реакциялардан тұрады.


б) Липидтер липаза арқылы глицерин мен бос май қышқыл-дарына ыдырайды. Глицерин энергия көзі ретінде жұмсала алады

Глицерин глицеролкиназа ферментінің əсерінен глицерофосфатқа айналады. Глицерофосфат НАД+ тəуелді дегидрогеназа арқылы тотығып, глицеральдегидфосфатқа айналады. Глицеральдегид- фосфат цитоплазмада гликолиз процесіне еніп, əрі қарай тотығып, пирожүзім қышқылын береді.


в) Белоктар пептидгидролазалардың əсерінен ыдырағанда, түзілген реакция өнімдерінің құрамында барлық 20 амин қыш- қылдары кездеседі. Осы 20 амин қышқылдары 20 түрлі жол- мен, көптеген ферментативті реакциялар нəтижесінде тотығады.
Барлық тотығу жолдары ақырында, бірнеше аралық өнімдердің түзілуіне алып келеді. Бұл аралық метаболиттер үшкарбон цикліне түседі.
Күрделі органикалық заттар – белоктар, көмірсулар, липид- тер асқорыту жолдары ферменттерінің əсерінен қорытылып, сіңірілгеннен кейін, қан арқылы ағза тіндерінің жасушаларына түседі. Жасушада метаболиттер спецификалық өзгерістерге ұшырайды, яғни əрқайсысы ерекше жолдармен тотығады. Осы процестер кезінде соңғы өнім ретінде аралық универ- салды метаболиттер: пирожүзім қышқылы немесе активті сірке қышқылдары (ацетил-КоА) түзіледі.
Жасушада глюкоза, глицерин жəне кейбір амин қышқылдары арнайы жолдармен тотығуы нəтижесінде, пирожүзім қышқлына айналады. Ол пируватдегидрогеназды мультиферментті комплекстің қатысуымен, тотығудан декарбоксилдену реакциясы нəтижесінде, активті сірке қышқылын түзеді:
Энергия алмасудың бірінші сатысында көмірсулар, липидтер, амин қышқылдарының тотығуы нəтижесінде түзілген активті сірке қышқылы (АСҚ), тек үш карбон қышқылы циклінде тотығады.
Биологиялық тотығу (БТ)
ХVІІІ ғасырда Лавуазье жану процесімен тірі жасушадағы тотығу процестерінің арасында ұқсастық бар екендігін айтты. 1898 жылы А. Н. Бах асқын тотық теориясын ұсынды, яғни оттегі тотығушы заттардың энергиясының арқасында активтеледі, сөйтіп пероксидтер түзіледі деді.
1912 жылы Варбурн оттегінің активтелу теориясын қолдай отырып, тотығу процесінің соңғы өнімі су болады деп есептеп, цитохромоксидаза ферментін ашты.
1912 жылы Палладин биототығудың жаңа түсініктерін енгізді, яғни биототығу аэробты жəне анаэробты кезеңдерден тұрады, анаэробтық тотығуда субстрат сутектен айырылады деген пікір айтты.
1933 жылы Кейлин электронды тасымалдаушы цитрохромдарды ашты. Оксигеназалық жəне дегидрогеназалық теориялар жасушадағы биологиялық тотығудың немесе ұлпалық тыныс алудың негізі болып табылады деді. Одан əрі қарай отандық жəне шетелдік ғалымдардың жұмыстарының нəтижесінде биологиялық тотығу субстраттан көптеген ферменттік жүйелердің көмегімен электрондардың, протондардың оттегіне жеткізілуінің арқасында су жəне энергия түзілетін көп сатылы тотығу-тотықсыздану процестері екендігі, ал бұл процестер кезіндегі бөлінген энергия АТФ-тың байланысқан энергиясына айналатындығы деп дəлелденеді.
Биологиялық тотығудың маңызы:
1. Энергия біртіндеп бөлініп, АТФ синтезіне жұмсалады.
2. Эндогенді су түзіледі.
Биологиялық тотығу тізбегіндегі (БТТ) тотығу-тотықсыздану реакцияларын оксидоредуктаза класының ферменттері катализдейді. Биологиялық тотығу тізбегінде ферменттер тотығу-то- тықсыздану потенциалының (ТТП) өсу ретіне карай белгілі бір тəртіппен орналасқан.
Биологиялық тотығу тізбегіндегі барлық ферменттер бір сызық бойына тізбектеліп орналаспайды. Олар бірнеше үлкен тыныс алу комплекстерінің құрамында бола отырып, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысып, атомдармен электрондарды тасымалдайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет