Заттану арқылы жасалған аталымдардың ішкі мағыналық ҚҰрылымы sveta samenova


субстантив тұрақты тіркестерді де қосуға болады. Бұларда да атаулық мəннен гөрі



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата06.03.2017
өлшемі195,22 Kb.
#7788
1   2   3

субстантив тұрақты тіркестерді де қосуға болады. Бұларда да атаулық мəннен гөрі 

фразеологиялық  сипат  айқандау  байқалады.  Бірақ,  бұлар  тілімізде  үнемі  дерлік 

заттық мағынада жұмсалатындықтан, бұларды фразеологизмдер арқылы жасалған 

жеке  аталым  ретінде  таныған  дұрыс  болар  деп  ойлаймыз.  Бұндай  тіркестердің 

заттық  мағыналары  сөйлемдерде  ашыла  түседі.  Мысалы,  Олардың  үстіне  қазір 

маңайдағы  бар  Ырғызбайдың  еркек  кіндіктісі  түгел  аттанып  келген  (М.Əуезов). 

Көлденең  көк  аттыдан  да  бірдеме  алып  қалсам  деп  дəмеленіп  тұрады 

(А.Қаражігітов).

Біріккен  сын  есімдердің  заттануынан  жасалған  күрделі  аталымдар  тілімізде 

молынан  ұшырасады.  Мысалы:  тазқара,  саршұнақ,  ақбөрте,  ақсары,  сиякөк, 

көкжал, ақсарбас, ақсақал, көкқасқа, бозқасқа, қарала деген сырт тұлғасы жағынан 

Sveta SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

                                                                                   



сын есім тəріздес біріккен сөздер тілімізде зат аталымдары деп танылған, олардың 

заттық мағыналары сөздіктерде берілген. Бірнеше мысал бере кетелік: Бұл тəсілді 

шебер  орындаса,  ердің  əшекейі  күміске  қарала  жүргізгендей  тым  əдемі  болып 

шығады  (Х.Арғынбаев).  Ақсақалдың  аузына  құм  құйылды  (Ж.Аймауытов).  Сүйір 

тұмсықтары  кереқарыс,  мойындары  күжірейген  үш  көкжал  дөң  асып  жоқ  болды 

(Ə.Қалдыбаев).

Осы  мысалдардағы  қарала  –  күміске  жүргізілген  ою-өрнек  атауы,  ақсақал  – 

қартайған ер адам атауы болса, көкжал – қасқырдың арланының атауы.

Күрделі заттанулардың ішінде біріккен тұлғада тұрып, атаулық мəнге жеткен 

заттанулар тілімізде өте көп кездеседі. Бұл тəріздес күрделі аталымдардың тілдегі 

жасалу  жолдары  зерттеуші  Б.Қасым  еңбегінде  (Қасым  2001)  толық  қарастырылып, 

семантикалық ерекшеліктері талданған.

Туынды жəне күрделі сын есімдердің заттануынан да географиялық атаулар 

(Қарағайлы,  Шіркейлі,  Шортанды  т.б.),  əдеби  жəне  мəдени  шығарма  атаулары 

(«Кішкентай», 

«Былқылдақ», 

«Сылқылдақ», 

«Бозжорға, 

«Ақмаңдайлым», 

«Майдақоңыр»  т.б.),  жүйрік  ат,  аңға  салатын  құс,  ат  атаулары  (Байшұбар,  Құлагер, 

Құлабесті,  Қарашолақ,  Көкшулан  т.б.),  ру  атаулары  (Қаракесек,  Шашты,  Тарақты, 

Балталы, Шекті, Ысты т.б.) қалыптасқан. Бұл аталымдардың жасалу жолдары өз 

алдына жеке зерттеуді қажет етеді.

Қазақ  тілінде  бір  сын  есімнің  əр  түрлі  мағынада  заттануынан  бірнеше 

аталымның  жасалуы  да  кездеседі.  Мəселен,  тілімізде  түрлі  мағынада  заттанып 

кездесетін мына тəріздес сөздер бар:

Ыстық 1) температура; 2) тамақ; 3) ауа райының қалпы. Мысалы:  Ыстығы 

көтерілген  сайын  барды-жоқты  айтып,  сандырақтай  берді  (Т.Əлжантегі).  Соларға 

күніне  бір  мезгіл  ыстық  істеп  беріп  отыр  (М.Əуезов).  Ыстыққа  шыдамағандары 

суға қойып кетті (Т.Əлжантегі).

Ақ 1) сүттен жасалған тағам; 2) кеңес үкіметіне қарсы топ; 3) таза, пəк, ақиқат. 

Мысалы: Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын (Наурыз бата). Ол оттар ақтардікі екенін 

Ботагөз  біледі  (C.Мұқанов).  Ақтың  жолын  күзетпей,  Жамандықты  тұтқан  жұрт 

(Бұхар жырау).

Қызық  1)  ойын-сауық,  тамаша;  2)  жақсылық;  3)  кездейсоқ  болған  оқиға. 

Мысалы:  Былтыр  ала  жаздай  серілік  құрып,  …сауық-сайран  салмадым  ба?  Содан 

аяғы  қызық  бітіп,  үйге  қайтатын  да  мезгіл  жетті  (М.Əуезов).  Адамның  бір қызығы 

бала  деген,  Баланы  оқытуды  жек  көрмедім  (Абай).  Бала-шағаңның  қызығын  көр 

(Ауызекі тіл). Көрген қызықтарын жіпке тізгендей етіп айтып шықты (А.Қаражігітов).

Жарық  1)  сəуле,  нұр;  2)  үміт,  қызық,  жақсылық.  Мысалы:  Сығырайған  білте 

шамның  жарығымен  лейтенант  қағазын  жазып  отыр  (Ғ.Мүсірепов).  Бар  ма  екен 

əлде жарық алда тұрған (Т.Əлжантегі).

Орташа  1)  шаруа;  2)  бағалау  нормасы.  Мысалы:  Азын-аулақ  малы  бар 

орташалар  біреуден  ілгері,  біреуден  кейін  өмір  сүрді  (А.Кəрімов).  –  Отыр,  бағаң  – 

орташа, – деді де, ұнатпаған сыңай танытты (С.Оспанов).

Осы  тəріздес  сын  есімдердің  бірнеше  мағынада  заттануы  сын  есімнің 

мағыналық  жағынан  дамуымен,  қолданыстық  аясының  кеңуімен  байланысты. 

Бұндай  заттанулар  ауыс  мағынада  қолданылғанымен,  өзінің  негізгі  лексикалық 

мағыналарынан толық айрылмайды, мағынаның ішкі бірлігі байқалып тұрады. Осы 

орайда, тарихи сөзжасамды семантикалық аспектіде қарастырған А.Салқынбайдың 

келесі  пікірінің  жаны  бар:  «…  туынды  сөздің  ішкі  семантикалық  құрылымында 

себепші негіздің семасы сақталып, жалпы өзек мағынаны құрайды, ал номинативтік 

ерекше белгі арқылы арнайы сема түзіледі» (Салқынбай 1999: 129 ).

167                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

Жоғарыда айтылғандардан сын есімдердің толық заттануы негізінде тілде 

бірталай зат аталымдарының жасалғандығы, яғни жаңа аталымдардың тілге енгендігі 

байқалады. Сын есімдердің заттануына негіз болатын құбылыстардың қатарына 

метафоралық, метонимиялық образды ауыс мағынаға өту тəсілдерін, ықшамдалған 

қолданыстарды, мағыналық даму мен тарылуды, басқа тілден енген сөздердің мағыналық 

өзгеріске түсуін жатқызуға болады. Олай болса, сөз мағынасының қалыптасуы – адамның 

ойлау əрекетінің өнімі, ал өзгеруі мен дамуы – адамның танымдық əрекетінің нəтижесі.

Сын  есімдердің  толық  заттануы  нəтижесінде  тілде  жасалған  аталымдарға 

байланысты айтылған ойларды жинақтай келе, төмендегідей түйін түйеміз:

-  заттану  арқылы  пайда  болған  аталымдар  тілде  бірден  жасалмаған,  олар 

бірнеше  тарихи  даму  кезеңдерінен  өтіп,  жалпыхалықтық  сипат  ала  отырып,  тілде 

танылған;

-  сын  есімнің  заттануы  нəтижесінде  қалыптасқан  аталымдардың  басым 

көпшілігі тілдегі ықшамдалу құбылысының ықпалымен жасалған;

-  тілімізде сын  есім  мағынасының  тарылуынан,  сөз екінші  бір заттық  мəнге 

ие болып, жаңа аталымдардың жасалатындығы байқалады;

-  сын  есім  мағыналық  жақтан  дами  отырып  заттанады  да,  тілде  жаңа 

аталымдар жасалады;

- басқа тілдегі сындық мəндегі сөздердің тілімізге еніп, заттануы нəтижесінде 

жаңа аталымдар жасалады;

- тілде түбір сын есімдер де, туынды жəне күрделі сын есімдер де заттанып, 

атаулық мəнге ие болған;

-  күрделі  заттанулардың  ішінде  бірігу  арқылы  жасалған  аталымдар  тілде 

молынан  ұшырасса,  тіркес  арқылы  жасалған  заттанулардың  көпшілігі  терминдік 

сипат алған;

-  тілде  кейбір  заттанулардан  жалқы  есімдер  (адам  есімдері,  географиялық 

атаулар, əдеби-мəдени шығармалар атауы т.б.) жасалған;

-  бір  сын  есім  түрлі  мағынада  заттанып,  тілде  бірнеше  аталымның 

жасалуына негіз болатындығы да байқалады.

Жалпы алғанда, тілдің ұлттық сипатта қалыптасуы тілдегі өзгерістермен 

байланысты. Тілдегі өзгерістер сөз мағынасының, құрылымының, қызметінің өзгеруімен 

сипатталады. Сөз мағынасының өзгеруі мен жаңа аталымдардың пайда болу себептерін 

тіл мамандары экстралингвистикалық жəне лингвистикалық факторлармен 

байланыстырады.



Тілшілердің  басым  көпшілігі  заттанудың  жаңа  сөз  жасаушылық  қызметін 

тани отырып, оны сөзжасамға жатқызған. Бұл тұста заттанудың жаңа лексема жасау 

қызметі  ескеріледі.  Бұл  қызмет  заттанған  сөздердің  бойындағы заттық  мағынаның 

тұрақталуымен  анықталады.  Заттанған  сындарда  семантикалық  уəжділік  болады. 

Семантикалық  уəжділік  –  бір  атаудың  екінші  бір  зат  атауымен  салыстырғандағы 

шарттылық  байланыс.  Яғни,  атау  мағынасының  дамуы  барысында  алынған 

екіншілік  мағына.  Ол  түрлі  тілдік  құбылыстар  негізінде  қалыптасады.  Кейінгі 

атаудың  барлық  түрінің  негізінде  адам  ойлауының  ассоциативті  сипаты  жатады. 

Сөзжасам 

деңгейіндегі 

заттануларда 

номинативтік 

мəн-мазмұнмен 

қатар, 

эмоционалды-экспрессивтік,  стилистикалық  бояма,  образды  жəне  туынды, 

астарлық  қасиет  болады.  Заттану  арқылы  жасалған  аталымдардың  дискурстық 

сипаты арнайы зерттеуді қажет етеді.

Тілдің аталымдық қызметі оны тұтынушыларды жаңа аталымдармен қамтамасыз 

етіп отыруға бағытталған. Тілді тұтынушылар тарапынан болатын аталымға деген сұраныс 

Sveta SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

                                                                                   



адамзат қоғамы мен адам ойлауы өмір сүріп тұрған кезде жоғалмайды. Əр халықтың салт-

дəстүріне байланысты туындайтын жаңа атаулар тілде түрлі жолдармен жасала береді.



ADEBIETTER

КУБРЯКОВА  Е.С.,  (1977),  Теория  номинации  и  словообразование  //  Языковая 

номинация. Виды наименований, М.: «Наука».

Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі, (1967). А.: «Ғылым».

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, (1978). А.: «Ғылым».

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі, (1982). А.: «Ғылым».

Қазақ грамматикасы, (2002). Астана.

ҚАСЫМ Б.Қ., (2001), Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уəждеме жəне аталым, А.

МОИСЕЕВ  А.И.,  (1987),  Основные  вопросы  словообразования  в  современном 

русском литературном языке, Л.

НҰРМАҒАМБЕТОВ Ə., (1994), Бес жүз бес сөз,  А.: «Рауан».

САЛҚЫНБАЙ  А.,  (1999),  Тарихи  сөзжасам.  Семантикалық  аспект:  филол.  ғыл.  докт. 

автореф., А.

СЫЗДЫҚОВА Р.Ғ., (1993), Қазақ əдеби тілінің тарихы, А.: «Ана тілі».

СЫЗДЫҚОВА Р.Ғ., (1994), Сөздер сөйлейді, А.: «Санат».

169                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет