Заттану арқылы жасалған аталымдардың ішкі мағыналық ҚҰрылымы sveta samenova


байқалады  (Нұрмағамбетов  1994:  192).  Қазіргі  тілімізде  бұл  сөздердің  ол  сындық



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата06.03.2017
өлшемі195,22 Kb.
#7788
1   2   3

байқалады  (Нұрмағамбетов  1994:  192).  Қазіргі  тілімізде  бұл  сөздердің  ол  сындық 

мағыналары  тарылып,  қолданыстан  шыққан  да,  заттық  мағыналары  тұрақталып 

қалған.  Бұлар  сөздіктердің  барлығында  да  зат  аталымы  ретінде  беріліп  жүр. 

Мысалы:  Көкке  самғай  ұшқан  қыран  қайрылар  емес  (Ə.Омаров).  Өзімнен  бір 

ағаттық кеткенін сезе қойдым да, үндемей қалдым (М.Мұратбаев).

Демек,  сөздің  алғашқы  мағынасы  тарылып,  екіншілік  заттық  мағыналары 

жаңа  аталым  ретінде  бекіген  сөздердің  табиғаты  этимологиялық  талдаулар 

негізінде анықталады. Қазіргі тілімізде олар дайын зат аталымы ретінде танылады 

жəне сол заттық мағынасында ғана қолданылады.

Кейбір  сөздердің  мағынасының  кеңеюі  сын  негізді  аталымдардың 

жасалуына түрткі болады. Бұған тілдегі ақ, көк, қызыл, салқын, ыстық, суық, бай, 

жарық,  кір,  қышқыл,  орташа,  шала,  тамаша,  жансыз,  қызық  тəрізді  сөздердің 

мағыналық жағынан дамып, заттанған аталымдардың жасалуы дəлел бола алады. 

Мысалы,  жарық  сын  негізді  аталымының  жасалуына  уəж  –  күн  сəулесінің 

қараңғылыққа қарсы жарық нұры. Одан əрі мағыналық дамудың нəтижесінде оның 

«шам,  электр  жүйесі»  деген  мағынасы  қалыптасқан.  Сөздің  мағыналық  дамуында 

тілдегі  бұрыннан  бар  сөздердің  мағыналарын  пайдалану  арқылы  тілде  жаңа 

қызметте  номинативтік  бірліктер  қалыптасады.  Жаңа  мағына  мен  сөздің  алдыңғы 

мағынасының  арасында  міндетті  байланыс  бар  жəне  ол  оның  прототипі  ретінде 

қатыса  отырып,  семантикалық  инновацияның уəждеуші  негізі  қызметін  атқарады. 

Жаңа  мағына  мен  алдыңғы  мағынаның  арасындағы  байланыс  мағыналық 

уəжділіктің негізінде жүзеге асады.

Сын  есімнің  мағынасының  кеңуі  арқылы  жасалған  аталымдар  біршама. 

Мысалы,  ХҮІІІ  ғасыр  мен  ХІХ  ғасырдың  бірінші  жартысындағы  ресми  қағаздардың 

тілінде билеуші топтың қарсы жағы ретінде «қара халық» деген тіркес қолданылған 

екен (Сыздықова 1993: 114). Қара сөзінің бұл аталған мағынасы күні бүгінге дейін өз 

Sveta SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

                                                                                   



мəнін  жоймай,  бұл  сөзге  «халық  өкілі,  көпшіліктің  бірі»  деген  екінші  бір  заттық 

мағына  үстелген.  Оның  ол  мағынасын  төмендегі  мысалдардан  аңғаруға  болады: 

Бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық (Абай). Қараның таққа мінгені, Бір-

біріне құда түскені (Мақал).

Кейін  осы  түр-түсті  білдіретін  қара  сөзінің  мағынасы  одан  əрі  кеңи  түскенін 

көреміз:

а)  Сиыр,  жылқы,  түйе  тəрізді  ірі  мал  мағынасын  берген.  Мысалы:  Кедей 

баласына айттыратын қыздың қалың малы ең көп дегенде 10 – 15 қарадан аспайды 

(С.Омаров).  Əсіресе,  кешегі  күнде  қырық-елу  қараны  Алшынбай  аулына  да 

Майбасар мен Қаратайдан айдатып жіберіп еді (М.Əуезов).

ə) Қайтыс болған адамды аза тұту рəсімін білдірген. Мысалы: Былтыр Бөжей 

өлген  күндерде  басына  қара  тіккен  ағайын  қыстан  бері  асқа  əзірленіп  келген 

(М.Əуезов).  Ақ  үйдің  өзі  өзге  үйлерден  оқшауырақ,  белдеуінде  қара  тігулі  тұр 

(М.Əуезов).

Осы  аталған  бір  ғана  сын  есім  қара  сөзінің  жеке  тұрғандағы  тоғыз  түрлі 

заттық  мағынасы  қазақ  тілінің  он  томдық  түсіндірме  сөздігінде  берілген  (Қазақ 

тілінің түсіндірме сөздігі 1982: 36).

Жас сөзі де алғашқыда бір ғана мағынаны білдірген, ол – «жаңа шыққан көк 

өсімдік».  Жас  сөзінің  жаңадан  көгеріп  шыққан  өсімдікті  білдіретін  мағынасы  жаңа 

өсіп  келе  жатқан  балаға,  одан  кісінің  өмір  сүрген  жыл  санына  ауысып,  ылғалды 

білдірумен  «көз  жасы»  деген  ауыспалы  мəнге  де  ие  болған  тəрізді  (Қазақ  тілінің 

қысқаша  этимологиялық  сөздігі  1967:  83).  Келесі  мысалдардан  бұл  мағыналар 

айқын  көрінеді.  Мысалы:  Бұл  жиындағы  жастар  мен  қартаң  шаруалар  түйіліп 

алған,  қатты  ашулы  еді  (М.Əуезов).  Жасым  сексенді  алқымдады  (Т.Əлжантегі). 

Көзінен жас аққанша күліп, шиқ-шиқ етті (Т.Əлжантегі).

Мына келесі сөйлемдерде белгіленген сөздерден де осыны аңғаруға болады. 

Мысалы, Бақанастың ыстығына наразы боп, асығып келеді (М.Əуезов). Бар жерге 

қазан асылып, ыстық істеліпті (М.Əуезов). Талай ыстық, суықты да, азаттық сын 

асуларды  да  бірге  асыпты  (М.Əуезов).  Тыстан  кірген  суық  пен  көп  кісінің 

дабырынан тынышы кеткен Ділдə басын көтерді (М.Əуезов).

Осы мысалдардағы ыстық, суық сөздері əр сөйлемде түрліше заттық мəнде 

қолданылып  тұр.  Мəселен,  ыстық  сөзі  ыстық  ауа,  ыстық  ас  жəне  қуаныш-

жақсылық деген мағыналарды өзіне жамап алу арқылы мағына жағынан дамыған. 

Ал, сөйлемдердегі суық сөзі бірде қиыншылық, жаманшылық деген, бірде суық ауа 

деген  заттық  ұғымдарды  білдіріп  тұр.  Бұдан,  əдебиеттің  кең  өріс  алуымен 

байланысты  қалыптасқан  сөз  мағынасының  кеңеюі  үдерісінің  тілдегі  заттану 

құбылысының  пайда  болуына  біршама  ықпал  жасайтындығын  аңғарамыз.  Сөз 

мағынасының  кеңеюі  нəтижесінде  пайда  болған  заттанулардың  барлығы  дерлік 

өзінің алғашқы шыққан тегімен омонимдік қатар құрайды. Бұл мəселе тіл білімінде 

кеңінен  қарастырылған.  Мəселен,  сөзжасам  мəселесіне  қатысты  пікір  білдірген 

А.И.Моисеев  өз  монографиясында  транспозицияны  тілде  бар  сөздерге  омоним 

жасайтын  тəсіл  тұрғысынан  қарастыра  отырып,  былай  деп  атап  өтеді: 

«Транспозиция  –  образование  омонимов  к  уже  существующем  словам»  (Моисеев 

1987: 76). Автор бір сөз табынан екінші сөз табына ауысу үдерісін транспозициялық 

құбылыс деп таниды да, субстантивтенуді соның бір жолы ретінде қарастырады.

Қазақ  тілінде  басқа  тілден  енген  сөздердің  де  тілде  жаңа  аталымның 

жасалуына  түрткі  болып  жататын  кездері  бар.  Бұл  мəселе  сын  негізді 

аталымдардың  жасалуына  да  қатысты.  Бұған  тілдегі  бейшара,  арамза,  нөсер, 

тақыр,  дос,  дұшпан,  пəле,  тағала,  бейбақ,  тажал,  ғашық,  бетпақ,  мəстек  т.б. 

сөздерді  жатқызуға  болады.  Мəселен,  нөсер  сөзіне  сөздікте  «шелектеп  құятын 

өткінші  жаңбыр»  деген  түсінік  беріледі  (Қазақ  тілінің  түсіндірме  сөздігі  1978:  167). 

Мысалы:  Шелектеп  құйған  нөсер  сабалап  тұрды  (Ə.Шəріпов).  Нөсер  алдында 

нажағай ойнайды (Мақал).

163                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

Тілтанушы  Ə.Нұрмағамбетов  сөз  төркіні  монғол  тілінен  келген  дей  отырып, 

оның  ол  тілде «қиын,  ауыр»  деген  мағыналарда  кездесетінін  жəне  «нүсэр»  сөзінің 

аталмыш  тілде  сирек  қолданылатындығын  атайды.  Осыған  орай,  алғашқыда 

«нөсер жаңбыр» (қиын жаңбыр) тіркесі пайда болып, кейінгі кезеңдерде нөсер жеке 

тұрып  та  жауынның  күштілігін  аңғартарлық  дағдыға  айналуы  мүмкін  деген  ой 

айтады (Нұрмағамбетов 1994: 218).

Сол  сияқты,  автор  мəстек  сөзінің  шыққан  тегін  қалмақ  тілі  дей  отырып, 

оның  аталмыш  тілде  «төмен,  аласа,  тапал»  деген  сындық  мағыналарда 

қолданылғандығын жəне тек жылқыға ғана емес, кез келген аласа, тапал заттар мен 

жан  иелеріне  бірдей  айтыла беретіндігін  атап  көрсетеді (Нұрмағамбетов  1994:  206). 

Қазақ  тілінде  бұл  сөз  көбінесе  жылқы  малына  қатысты  қолданылады.  Мысалы: 

Əнеугүні  аулыңызға  келіп  еді  ғой.  Астында  құла  қасқа  мəстегі  бар    (С.Шарипов). 

Мəстек  шауып  тұлпардан  бəйге  ала  ма,  Қадірлеп  асыл  жабу  жапқанменен 

(С.Торайғыров). Кейде ауыспалы мағынада тұрып, «адам» мəнін беруі де кездеседі: 

Марапатталса,  масайрап  мəстектер  мəшһүр,  Табанда  тапталғаны  ғой  əспеттер 

дəстүр (К.Ахметов).

Тілімізде  бүгінде  жеке  лексема  ретінде  танылып,  заттық  ұғымда  қолданылып 

жүрген  келеке  монғол  тіліндегі  «сақау,  тілі  мүкіс»  деген  ұғымдағы  сөз  (Қазақ  тілінің 

қысқаша  этимологиялық  сөздігі  1967:  87),  жұдырық  башқұрт  тіліндегі  «домалақ,  шар 

тəрізді» (Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі 1967: 93), жекпе-жек парсы тіліндегі 

жеке,  жалғыз  (Қазақ  тілінің  қысқаша  этимологиялық  сөздігі  1967:  101)  сындық  мəніндегі 

сөздер.  Осы  тəріздес  сөздер  қазақ  тіліне  сындық  мағыналарында  емес,  заттанып  барып 

енген  де,  тілдегі  жаңа  аталымдардың  жасалуына  түрткі  болған.  Сол  сияқты,  ауылнай, 

бөкебай  сөздерінің  орыс  тіліндегі  сын  есімдердің  мағынасының  заттануы  арқылы  бірден 

заттық сипат алуы нəтижесінде пайда болған субстантивтер екендігі (аульный – ауылнай; 

пуховый  –  бөкебай)  ғылыми  грамматикада  сөз  болады  (Қазақ  грамматикасы  2002:  341). 

Демек,  тілдегі  сын  негізді  аталымдардың  біразы  басқа  тілден  енген  сындардың  заттық 

мағынаға  ауысуынан  жасалған.  Бұл  тəрізді  сөздердің  түпмағыналары  да  этимологиялық 

талдау  барысында  анықталады.  Кірме  сын  есімдердің  заттануы  негізінде  қалыптасқан 

аталымдардың ішкі формасы мен уəжділігі сəйкес келе бермейді, бірақ қолданыс кезінде 

тіл  иесі  оны  іздеп  жатпайды.  Уақыт  өткен  сайын  сөздің  атау  болып  қалыптасуындағы 

бейнесі,  уəжі  күңгірттеніп,  тіпті  бұрынғы  мағынасы  тасаланып,  ұмытылады.  Оның 

бейнелейтін қызметі солғынданып жəне соның нəтижесінде мағынасы мен сыртқы тұрпаты 

да  өзгеріске  түседі.  Қолданыста,  синхрондық  тұрғыда  оның  уəжін,  себебін  іздеп  те 

жатпайды.  Тек  тілде  қалыптасқан  дайын  лексема  ретінде  қызмет  атқарады,  дайын 

лексема  ретінде  қолданылады.  Кез  келген  атаудың  дыбыстық  жамылғышынан  оның 

мағынасының уəжділігін бірден анықтау қиын соғатын тұстары болады. Сондықтан аталым 

үдерісінде қалыптасқан атауды немесе лексеманы лингвистикалық, экстралингвистикалық 

факторлардың байланысын есепке ала отырып, айқындауға, көз жеткізуге болады.



Жоғарыда  біз  тіліміздегі  заттану  арқылы  жасалған  аталымдардың  жасалу 

жолдарына тоқталып өттік. Заттану арқылы жасалған кез келген аталым сөздің ішкі 

мағыналық  құрылымындағы  өзгеріс  негізінде  қалыптасатындығы  байқалды.  Ал, 

жаңа  мағына  жоқтан  пайда  болмайды,  олар  тілде  бар  сөздердің  мағыналарының 

өзгеріске  түсуінен  жасалады.  Заттанған  сындардың  заттық  мағыналары  астарлы, 

образды мағына жасау тəсілдері негізінде де, бейнелі емес мағына жасау тəсілдері 

негізінде  де  қалыптасқан.  Бейнелі  мағына  жасау  тəсілдері  метафора  мен 

метонимия,  ал  бейнелі  емес  ауыспалы  мағына  жасау  жолдарының  қатарына  сын 

есімнің денотаттық мағыналарының əлсіреуі, көмескіленуі немесе керісінше дамуы, 

эллипсистік ықшамдалу мен жеке қолданым негізінде өзгеріске түсуі жатады.

Тілімізде  түбір  сын  есімдердің  заттануынан  да,  туынды  сын  есімдердің 

(қатыстық) заттануынан да жаңа аталымдардың жасалатыны байқалады. Жоғарыда 

аталған шала, қарт, шал, бала, кедей, сүр, бай, тазы, жарық, салқын, жетім, жесір, 

тоқал,  қарыз,  төркін,  ұры,  соқпақ,  қырсық  тəрізді  сөздер  негізгі  түбір  сын 

есімдердің  заттануынан  жасалған.  Түбір  сын  есімнен  жасалған  заттанулар  қазақ 

тілінің төл сөздерінен де, кірме сын есімдерден  де болады. Сонымен бірге тілімізде 

түбір  сын  есімдердің  заттануынан  жасалған  жалқы  есімдер  де  кездеседі.  Мəселен, 

Sveta SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

                                                                                   



түбір  сын  есімнің  заттануы  арқылы  жасалған  адам  есімдері  бар:  Əсем,  Қисық, 

Əдемі, Қоңыр, Нəзік, Таңсық, Сұлу, Асыл, Абзал, Берік т.б. Халық балаға ат қойғанда 

жақсы  тілекпен  немесе  белгілі  бір  ырымға  негіздеп  қоятыны белгілі.  Осы  аталған 

есімдерден де бұл байқалады. Атап айтар болсақ, баласының əдемі, көрікті болуын 

қалап, Əсем, Əдемі тəрізді есімдерді қойса, болаттай берік болуын, ардақты болуын 

қалаудан Асыл, Берік есімдері жасалған. Сол сияқты, тілімізде түбір сын есімдердің 

заттануынан  жасалған  географиялық  атаулар  (Шұбар,  Домалақ,  Тентек  т.б.),  ру 

атаулары (Уақ, Таз, Жырық, Қара) да кездесіп отырады. Түбір сындардың заттануы 

арқылы  жасалған  жалқы  есімдердің  уəжділік  сипаттары,  семантикасы  өз  алдына 

жеке зерттеуді қажет етеді.

Сол  сияқты,  түбір  сындардың  заттануынан  жасалған  ит-құс,  жан-жануарлар 

атауларын  білдіретін  жалпы  есімдер  де  тілден  ауқымды  орын  алады.  Мысалы: 

тарлан,  қорқау,  тоқал,  арлан,  тарпаң,  ұзақ,  соқыр  т.б.  Бұл  аталымдардың 

қалыптасуында  түрлі  уəжділік  белгілер  байқалады.  Кез  келген  сөздің  уəжділігі 

атаудың номинативтік белгілерімен байланысты болатындықтан, жоғарыда аталған 

сөздер алғашқы мағыналарының дамуы негізінде зооаталымға айналған. Мəселен, 

соқыр  аталымының  жасалуындағы  уəжділік  белгі  ретінде  құстың  күндіз 

көрмейтіндігі  таңдалған  да,  соқыр  сөзі  өзінің  сындық  номинативтік  мағынасының 

үстіне заттық мағынаны да қосып алған.

Қазіргі тілімізде туынды (қатыстық) сындардың заттануы негізінде жасалған 

аталымдар да баршылық. Олар тіліміздегі заттанған негізгі сын есімдерден де көп. 

Мысалы:  күздік,  түстік,  кештік,  еттік,  иттік,  көжелік,  қытайлық,  тағалық, 

аналық,  оттық,  айлық,  қатарлас,  қадірлес,  дəмдес,  ауылдас,  бауырлас,  сырлас, 

ұялас,  деректі,  екпінді,  жабысқақ,  ұшқыш,  ашқыш,  майлық,  сулық  т.б.  Бұлардың 

барлығының  заттық  мағыналары  сөздіктерде  берілген.  Бірнеше  мысал  бере 

кетелік:  Жабағы  болды  жібек  шаш,  Жабылып  жаман  жабысқақ  (І.Жансүгіров).  Бір 

күн  дəмдеске  –  мың  күн  сəлем  (Мақал).  Ондай  иттік  өзінде  де  бар  (Т.Əлжантегі). 

Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын (Мақал).

Осы  сөйлемдердегі  белгіленген  сөздердің  барлығы  да  сөздіктерде  зат 

аталымдары  ретінде  танылған.  Ал,  олардың  белгілі  бір  сөз  тудырушы  жұрнақтар 

арқылы  зат  есімдер  мен  етістіктерден  жасалған  сын  есімдер  болғандығы, 

алғашқыда  синтаксистік  тіркестерден  тұрғандығы  анық.  Мысалы:  жабысқақ  – 

жабысқақ бит; дəмдес – дəмдес адам; иттік – иттік мінез; ауылдас – ауылдас адам.

Негізінен  -шы,  (-ші),  -лас,  (-лес),  -лық,  (-лік),  -ғыш,  (-гіш),  -гер,  (-кер) 

жұрнақтары  арқылы  жасалған  туынды  сын  есімдердің  заттық  статус  алу 

мүмкіндіктерінің мол екендігі байқалады.

Басқа  сөз  таптарынан  аталмыш  жұрнақтар  арқылы  сын  есімдер  жасалады 

да, уақыт өте келе олар сол туынды тұлғасында тұрып, өз мағынасынан ауытқып, 

заттық  мағынаға  көшеді.  Оған  себеп  зат  есімнің  ықшамдалуы  болып  табылады. 

Салыстырайық: күздік – күздік соғым; түстік – түстік ас; кештік – кештік ас; иттік 

–  иттік  мінез,  қасиет; қытайлық  –  қытайлық  азамат;  аналық  –  аналық  қой  т.б.  Бұл 

жағдайда заттанған  сөз  үнемі  бір  ғана  заттың  сындық  белгісін  білдіргендіктен,  сол 

заттың атауы оның сын-сапа белгісі арқылы танылу дəрежесіне жеткен. Сол себепті 

ықшамдалған  зат  есімнің  қолданыста  артықтығы  байқалып,  уақыт  өте  келе  ол 

қолданыстан мүлдем түсіп қалған.

-шы,  -ші,  -гер,  -кер  жұрнақтары  арқылы  жасалған  туынды  заттанулардың 

басым көпшілігі кеңес дəуірінде жасалған терминдер екендігі (қанаушы, қаналушы, 

жүргінші,  айыпкер,  үміткер)  жəне  олар  сырт  тілдік  əсерден  қалыптасқандығы, 

орыс  тіліндегі  заттанулардың  терминденген  баламасы  болып  келетіндігі  ғылыми 

грамматикада  сөз  болады.  Сол  сияқты,  еңбекте  тіліміздегі  ақша  сөзі  де  сын  есім 

негізді  туынды  субстантивке  жатқызылады  да,  оның  теңгенің,  сомның  жасалатын 

қағазының түсіне қатысты қалыптасқандығы айтылады  (Қазақ грамматикасы 2002: 

341). Осы типтес болып келетін көгілдір (аққудың балапаны), көкше (балық атауы) 

165                                                                                           



Sveta 

SAMENOVA

-

Kamşat OMAROVA

аталымдарын  да  атауға  болады.  Бұл  жаңа  аталымдардың  да  жасалуында  заттың 

түсі, реңі уəждік белгі болып таңдалған.

Осы  туынды  сын  есімдерден  заттанған  сөздердің  ішінде  жансыз  аталымы 

өзіне назар аудартады,  өйткені бұл сөз өзінің тура «жаны жоқ» деген мағынасында 

емес,  ауыспалы  мəнде  тұрып  заттанып,  реестр  сөз  деңгейіне  жеткен.  Мағынасы 

«тыңшы, астыртын жұмыс істейтін адам» дегенді білдіреді, сөздіктерде бұл заттық 

мағынасы  беріліп  жүр.  Мысалы:  Екеуі  де  Игіліктің  менің  соңыма  салып  қойған 

жансыздары  деді  (Ғ.Мүсірепов).  Осы  кезде  көрші  руларға  бірнеше  кісіні  жай  ғана 

жансыз етіп аттандырған (М.Əуезов).

Сөйтіп,  жоғарыда  баяндалған  жайттардан  тілімізде  туынды  сын  есімдердің 

заттануынан жасалған аталымдардың да молынан ұшырасатындығын аңғардық.

Сын  есімнің  заттануы  арқылы  жасалған  аталымдар  күрделі  тұлғада  да 

кездеседі.  Олар  қосарлану,  тіркесу,  бірігу  арқылы  жасалады  жəне  кемінде  екі 

сыңардан келеді. Мысалы: арық-тұрақ, ақсақ-тоқсақ, жетім-жесір, кір-қоқыр, ұсақ-

түйек,  кəрі-жас,  ақ-қара,  анық-танық,  өлі-тірісі,  тамыр-таныс,  артық-кем,  кəрі-

құртаң,  кем-кетік,  жақын-жаран,  думан-қызық  тəрізді  қос  сөздер  сөздіктерде  зат 

аталымы  ретінде  танылған.  Осы  үлгідегі  сөздердің  алғашқыда  сын  есім 

болғандығы  сырт  тұлғаларынан  бірден  аңғарылады.  Қосарланған  тұлғада  келіп 

заттанған сын есімдердің заттық мəні заттанған дара сын есімдерден де айқынырақ 

танылады.  Оларда  заттық  мағынаны  жинақтап,  топтап  көрсету  ұғымы  бар.  Оны 

мына  төменде  берілген  мысалдардағы  заттанған  қос  сөздерден  анық  байқауға 

болады.  Мысалы:  Арыз  қылған  адам  көп,  Ақ-қарасын  тексеріп…  (Сөздіктен 

алынды).  Арық-тұрағын  күтіп,  көктемнің  қара  суығынан  аман  алып  қалу  шарасы 

жалпақ  елді  жаппай  басты  (М.Əуезов).  Олар  жазған  хабардағы  кем-кетіктердің 

анық-танығын  тез  зерттеу  –  жергілікті  сот  жəне  зерттеу  орындарының  міндеті 

(С.Мұқанов).

Қосарланған  сын  есімдердің  заттануынан  жасалған  аталымдардың 

сыңарлары  антонимдес  (өлі-тірісі,  кəрі-жас,  артық-кем),  синонимдес  (думан-

қызық,  жақын-жуық)  болып  келеді.  Сол  сияқты,  екі  сыңары  да  мəнді  (жетім-жесір, 

ақ-қара)  немесе  бір  сыңары  мəнсіз  (ақсақ-тоқсақ,  арық-тұрақ)  жұптардан  да  жаңа 

аталымдардың жасалуы тілге жат құбылыс емес екендігі байқалады.

Тіркесу  арқылы  жасалған  күрделі  сын  есімдердің  заттануынан  қалыптасқан 

аталымдар  тілде  көп  емес.  Оларға  мынадай  аталымдарды  жатқызуға  болады:  ет 

тартқыш, сүт қоректілер, шүйке бас, ту ұстаушылар, əскери міндеттілер,  аша 

тұяқтылар, қос мекенділер т.б. Тіркескен тұлғада тұрып заттанған сын есімдердің 

басым  көпшілігі  терминдік  ыңғайда  келеді  жəне  олар  үнемі  дерлік  көптік  тұлғада 

ұшырасады.  Ғылыми  еңбектерде  бұлар  –  орыс  тілінің  ықпалымен  кеңес  дəуірінде 

тілде қалыптасқан аталымдар екендігі айтылады.

Шүйке  бас  тіркесінде  айқын  номинациялық  ұғымнан  гөрі,  фразеологиялық 

сипаттың  басым  екендігі  ғылыми  грамматикада  дұрыс  анықталса  (Қазақ 

грамматикасы 2002: 342), осы топқа  еркек кіндікті, көн етікті, көлденең көк атты, 

шолақ  етекті,  тік  бақай,  ығай  мен  сығай,  екі  жүзді,  асылдың  сынығы  тəрізді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет