Заттар алмасуыныѕ реттелуі



Pdf көрінісі
бет21/99
Дата30.09.2023
өлшемі1,53 Mb.
#111973
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99
Байланысты:
3- биохимия каз

Гонадотропты гормондар
– фолликулостимулдеуші гормон (ФСГ) және 
лютеиндеуші гормон (ЛГ), пролактин (лактотропин - ЛТГ).
ФСГ мен ЛГ біріншілік механизм бойынша цАМФ арқылы әсер етеді. ФСГ 
– нағыз гликопротеид, 2 суббірліктен тұрады – 

(92 аминқышқылының 
қалдығынан) және 

- (115 аминқышқылының қалдығынан).
Биологиялық арнайылығын 

-суббірлігі анықтайды.
Нысана жасушалары: жыныс бездері.
Физиологиялық әсері:
ФСГ
– әйел адам организмінде аналық бездердің ӛсуіне және 
фолликулалардың жетілуіне ықпал етеді; андрогендердің эстрогендерге 
айналуын қамтамасыз етеді. Ер адам организмінде сперматогенезді 
активтендіреді, 
Сертолли 
жасушаларымен 
андроген-байланыстырушы 
протеиннің түзілуін стимулдейді . 
Әйелдерде 
ЛГ
аналық жасушалардың жетілуін және овуляцияны; 
прогестеронның 
синтезін; 
аналық 
бездерінде 
эстрогеногенез 
бен 


191 
андрогеногенезді қамтамасыз етеді. Ер адам организмінде Лейдиг 
жасушаларында тестостеронның түзілуін стимулдейді. ЛГ сперматогенезді 
күшейтеді. ЛГ-ның түнгі секрециясының жоғарылауы – жыныстық жетілудің 
бірінші белгісі. 
Пролактин, немесе лактотропты гормон
– ГТГ-ға жатады. Пролактин - 
құрамында 198-200 аминқышқылының қалдығы бар жай белок. 
Әсер ету механизмі: біріншілік және үшіншілік. 
Физиологиялық әсері: әйел адам организмінде гормон сүт бездеріне әсер 
етеді, олардың ӛсуіне және сүттің түзілуіне ықпал етеді. Пролактин сары 
дененің жасушаларына әсер етіп, прогестеронның түзілуін қамтамасыз етеді 
(осы себептен пролактиннің басқа аталуы - лютеотропты гормон); пролактин 
жыныс бездеріндегі ЛГ-ның рецепторларының синтезін арттырады.
Ер адамдарда гормон май бездерінің қызметін стимулдейді. Пролактин 
Лейдиг жасушаларына әсер етіп, олардағы тестостеронның түзілуін қамтамасыз 
етеді. Пролактин бүйректегі эритропоэтиннің түзілуін стимулдеп эритропоэздік 
әсер кӛрсетеді. Гормон АКТГ-ның секрециясын стимулдеп, әйелдердің бүйрек 
үсті бездерінде андрогендердің синтезінің жоғарылауына әкелуі мүмкін.
Пролактиннің секрециясын гипоталамустан бӛлініп шығатын допамин 
тежейді. Сонымен бірге пролактолиберин мен пролактостатин да пролактиннің 
секрециясына әсер етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   99




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет