Заттар мен энергия алмасу.СӨЖ (ФӨТ) Тиімді тамақтану – жоғарғы еңбекке қабілеттілікті жəне денсаулықты, даму мен өсуді, өмір сүру қажеттілігін қамтамасыз етеді. Тиімсіз тамақтану – ағза жүйелерінің қызметтеріне,зат алмасудың бұзылуына, орталық жүйке, жүрек-қантамыр, ас қорыту жүйелерінің бұзылыстарына əкеледі.
Адамның тағам рационын құрастыруда қандай ережелерді ескеру қажет: Жас ерекшеліктеріне ,дененің жалпы салмағына ,жынысына,атқаратын қызметіне ,қоршаған ортаға қарай ,əр адамға тəн белгілі бір мөлшерде ,құрамында қажетті мөлшерде белок,көмірсі,май минерал заттары жəне витаминдері бар тағамдарды қорек ету қажет .Қазіргі уақытта тағамның құрамы жəне ондағыкалория мөлшері жақсы зерттеліп анықталған , соның нəтижесінде əр адамға қажетті тəуліктік тамақ мөлшерін жұмсалған энергия мөлшеріне сəйкестендіріп қабылдау қажет .
Белок 70-100 г ,егер энегрия жұмсалу мөлшері көп болса,100г ға дейін май мөлшерін қабылдау қажет,оның құрамында 50-60 % жануар майы болған жөн .Тəуліктік көмірсу мөлшері адам тамағында 400-450г дейін болуы қажет .Жұмыс жəне тұрмыстық жағдайларға байланысты
3. Тиімді тамақтанудың негізі – ағзаның қуат шығынының орнын толтыруға, тіндер құрылуына жəне жаңартылуына жəне қызметтерін реттеп отыруға кажетті, ағзаға түсетін заттардың қорытылу, сіңу жəне сіңірілу үрдістері. ағзаның өмір сүруге, денсаулықты жəне жұмысқа қабілеттілікті сақтауға қажет нəрлі заттарды (ақуыз, май, көміртегі, дəрумендер, минералды тұздар) бойға сіңіру процесі. Тиімді тамақтану адам біраз ауру-сырқауға ұшырамай, оларды оңай жеңіп отырады.
Тиімді тамақтану мезгілсіз, ерте қартаюдан алдын-ала сақтандырады.
Асқазаны, жүрек-қан тамыры т. б. сырқатқа ұшырағанда тамақтанудың арнайы ойластырылып жасалған ас үлесі (рацион) мен режимі емнің бір түрі болып табылады.
Тамақтану бүкіл организмнің бір қалыпты дамуы мен үйлесімді қызметін қамтамасыз ететіндей болып ұйымдастырылуы тиіс.
Адамның кəсібіне, жасына, жынысына сəйкес, тіршілік əрекетіне қарай қажет тамақтық рационы оның құрамындағы ақуыз, май,көмірсулар т. б. заттардың сапасы мен мөлшері жағынан реттелу керек. Организмнің физиологиялық қажеті көптеген жағдайға байланысты, олар ұдайы өзгеріп отырады.
Белок, май жəне көмірсудың қабылданған арақатынасы – 1:1:4,6
Тамақтану режимі – тамақты қабылдау уақыты, тамақ қабылдау аралығындағы үзіліс, тəуліктік рационға кіретін калорияны бөлу. Төрт мезгіл тамақтану тиімді болып табылады, өйткені асқазанға күш біркелкі түсіп, тамақ шырындарының тағамды толық өңдеп шығуын қамтамасыз етеді. Тамақты күн сайын белгілі бір мезгілде қабылдау асқазан сөлін шұғыл бөлу рефлексін қалыптастырады. Төрт мезгіл тамақтану кезінде тəуліктік рационды бөлу күн тəртібіне жəне əдеттенуіне байланысты істеледі. Рационды мынадай тəртіппен бөлу анағұрлым тиімді болатын сияқты: таңертеңгі асқа 25%, түсті асқа 15%, кешкі тамаққа 25%. Ақырғы тамақ қабылдау ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болуы тиіс. Түнгі сменада жұмыс істеген кезде кешкі ас күндік рационның 30% болуы тиіс, сонымен қатар там ақты түнгі сменаның екінші жартысына қабылдау көзделеді.
Сондай-ақ тамақты бірқалыпты қорытылуы үшін тамақтық температурасының маңызы зор. Ыстық тамақтық температура 50— 60 С аспауы керек, ал суық тамақтық температурасы, əдетте, 10оС төмен болмауы керек.
Жалпы құндылықтан біріншілік таңертеңгілік ас - 25%, ,
Екіншілік таңертеңгілік ас - 20 %,
Түскі ас - 15%, ,
Кешкі ас - ас күндік рационның 30% құрауы қажет.
Белокқа бай (ет, балық, жұмыртқа)өнімдерін кай кезде қабылдау керек? Күнделікті 70-100г мөлшерінде қабылдау қажет . Белок жетіспеген кезде балалардың өсуіне кедергі пайда болады. Балалардың витаминдермен қамтамасыз етілуі қаншалықты маңызды екені белгілі.
Жасы өскен сайын баланың энергия мен тамақ заттарының қажеттілігі де өседі.
Жасөспірімдік жас бала өмірінің қиын кезеңіне жатады, онда оның бойы тез өседі, организмі өзгере бастайды. Бұл кезеңде баланың тамақтануы жоғары болады .
Тағам рационында тағы да қосымша қандай өнімдер болу қажет?Жеміс-жидек ,грек жаңғағын, бадам жаңғағын , кептірілген жеміс, витаминдер .