Здесь представлен образец оформления и содержания работы



Дата02.12.2023
өлшемі30,32 Kb.
#132291
түріБілім беру бағдарламасы
Байланысты:
инклюзив


ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
«Шет тілі мұғалімдерін дайындау»
білім беру бағдарламасы

СӨЖ
Инклюзивті оқытудың мәні мен құрылымын бейнелейтін ғылыми әдебиеттер каталогын құру, аннотация жазу 








Алматы, 2023ж



Аннотация.
Мақалада инклюзивті білім беру, инклюзивті оқытудың мақсаты, тиімі әдістерін қолдану, әрбір Мемлекет коғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленіп жатқандығы жайлы, мүмкіндігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің кызметі болса. тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог- психологтардың міндеті екені жазылған. Дамуында ауытқулары бар балалар үшін арнайы жағдайлар жасалуы керектігі, ол үшін білікті тәрбиешілер мен мұғалімдер енбек етіп, педагогтер осы балалардың ата-анасымен ынтымақтаса білуі, оларға білікті көмек бере білуі тиіс екендігі айтылған.

Бала тәрбиесін, оқытуын жақсы білейін деген адам әуелі балаларга үйрететін нәрселерді өзі жақсы білуі керек, екінші баланың табигатын біліп, көңіл- сарайын танитын адам болуы керек. Оны білуге баланы туганнан бастап өсіп жеткенше тәнімен қатар ақылы қалай кіретін жолын іздеуі керек, баланың ісіне, түсіне қарап ішкі халінен хабар аларлық болуы керек. Ахмет Байтұрсынов Қазақ халқы қай уақытта болмасын, ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген. «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсын» деп бекер айтылмаған. Бүгінгі танда бүкіл әлемде өзекті болып отырған мәселелердің бірі ұлтына, тіліне, дініне қарамастан барлық адамзат үшін бірдей күрделі мәселе, дамуында кемістігі бар балаларды тарбиелеу мен окыту болып оты ягни инклюзивті окыту Осы жаһанлык маселеге элем галымдары мыналай аныктама берелі инклюзивтік білім беру легеніміз барлык балаларды, сонын ішінде мумкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім уплісіне толык енгізу және әлеуметтік бейімдеуге жынысына шығу тегіне лініне, жағдайына карамай, балаларды айыратын келергілерлі жоюға ата-аналарын белсенділікке баланын тузеу-педагогикалык және әлеуметтік муктаждыктарына арнайы қолдау, яғни, шакыруга жалпы білім беру сапасы сакталған тиімлі окытуға бағытталған мемлекеттік саясат Мумкіндігі шектеулі балалардын денсаулығын калагалау дарігерлерлін кызметі болса тарбиеленуі ата- аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру педагог-психологтардың міндеті. Қазір мектепке дейінгі және мектеп жасындағы дамуында кемістігі бар балаларды инклюзивті окыту Маселесі тарбиешілер мен мугалімлерлін аллына улкен міндеттер койып отып Инклюзивті білім берудін максаты ерекше білім беруге кажеттілігі бар балалаплы калыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивті білім беру барлык балаларга мектепке дейінгі оку уйымларында уйым өміріне белсене катысуға балалардын тен кукыгын аныктауга жане ужым іс-әрекетіне катысуға. адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті білім беру жүйесін дамытуда «Мүгедектердің құқықтары туралы» Конвенция аясында инклюзивті білім берудің ұлттық жоспарын жасап, сапалы білім алуды камтамасыз ету үшін, коғамдық институттардың тәжірибесін ескере отырып, мүмкіндігі шектеулі жандарды үздіксіз окытудын тұжырымдамасын жасау аса қажет болмак. Мүмкіндіктері шектеулі балалардың үйде білім алуын камтамасыз ету, жай және арнайы мектептерде окуға мүмкіндігі жоқ балаларды қашықтықтан оқытуға жағдай жасау мемлекеттің басты мақсаттарының бірі. Осыған орай әрбір мұғалімнің бағдарламаға сай электрондык окулығының болуы, үлгерімі төмен және мүмкіндігі шектеулі оқушылармен жеке жұмыс жасай алуы керек. Әрбір окушының үлгермеу себебін анықтап, мүгедек баланың диагнозына карай жұмыс жасаса, окушының білімге деген құлшынысы артып, өзіндік дарындылығы айқындала түседі деп ойлаймын. Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру процесінің енгізілуі тек жана пайда болған мәселе ретінде қарастырылып отыр. Қазіргі кезде бұл мәселенің шұғыл шешілуі қажеттілігіне даму ауыткуы мен тежелуі бар балалар санының артып келе жатқандығы айғақ бола алады . Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі олеуметтік және педагогикалық мәселе екені белгілі. Кемтар балаларды окыту мен тәрбиелеу жанұя мен мектептің тығыз байланысына тікелей әсер етеді. Кемтар баламен тәрбиелік жұмыс оның жеке тұлғалық және жас ерекшелігін ескере отырып жүргізіледі. Онда дербестігі, өзіне өзі кызмет ету дағдысын, еңбек және мәдени мінез құлқын. ұжымда еңбек етіп, өмір сүруін қалыптастыруға бағытталған. Отбасындағы тәрбиеге байланысты әр түрлі адамдар өсіп шығады: төзімді, еңбексүйгіш, тез ашуланшак. жауапкершілігі жоқ, психикасы бұзылған т.б. Отбасындағы өзара қарым-қатынас балалық шақта ғана емес, өмірдің кейінгі жылдарында да маңызды болып кала береді. Ата-ана мен баланың арасында эмоциялық шынайы қарым-қатынастың болмауы. манызды тұлғалық катынастардың бұзылуы баланың жүйке дамуындағы кемістіктердін пайда болуына әкеліп соғады. Сондықтан отбасы тәрбиесінде ата-аналардың жалпы ұстанымы, педагогикалык мәдениеті, тәрбиелеу стилі, баламен өзара карым-катынасы басты рол аткарады. Мұның өзі бізге отбасының әлеуметтік бейнесін сипаттауға мүмкіндік береді. Отбасыларының әр түрлі болатыны белгілі: жаксы және нашар, толык және толык емес. Осындай отбасында балалар бар. Балаларға толык бірак колайсыз отбасында өмір сүру оте киын. Отбасы тәрбиесінде ата-аналардың үйлесушілігі мінезі - ұстауы да ерекше орын алады. Әсіресе баланын туылғаннан кемтар болуы, отбасындағы колайсыздықтар онын өмірге құлшынысын кемітеді, ол осындай жайсыздыктардын себебін таба алмай, онымен күресуге өзінің әлсіздігін сезгенен бастап, оның жүйкесі жұқарып, тіпті өзіне қол жұмсауға дейін де баруы мүмкін. Сондықтан кемтар баламен жұмыс бастаған әрбір пеадгог оны үнемі бақылауда ұстауы,білім берумен бірге әркүні оның көңіл-күйіне, отбасылық жағдайымен санасып,баланы тек жақсылыққа, өмірдің қиыншылықтарына төзе білуге, шыдамдылыққа тәрбиелеуі тиіс.
Инклюзивті білім беру бүкіл әлем бойынша үлкен маңызға ие болып отыр. Сондықтан да Қазақстанда бұл өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Өйткені елде ерекше қажеттілігі бар балалар саны өсуде. Соған байланысты білім беру жүйесі барлық балаларға балабақшаларда, орта мектептерде, кәсіптік колледждер мен университеттерде оқу мүмкіндігін іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік туғызып отыр. Кеңейтілген мағынада инклюзивті білім беру дегеніміз – кедергілерді жоюмен ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдарды оқыту процесінде енгізуге бағытталған білім беру процесі және олардың сапалы білімге тең қолжетімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінгі күнде елдегі мемлекеттік саясаттың маңызды басымдықтарының бірі білім беру жүйесінің дамуы болып табылады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптеріне сапалы білім алуға барлығының құқықтарының теңдігі, әр адамның интеллектуалды дамуын, психофизиологиялық және де олардың жеке- дара ерекшеліктерін ескере отырып, халықтың барлық деңгейлері үшін білімге қолжетімділігі жатады. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары)
Сапалы білімнің барлығы үшін қолжетімді болу шартын қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін түрлендіру процестерінің бірі инклюзивті білім беру болып табылады. Инклюзивті білім беру дене бітіміне, психикалық, интеллектуалдық, мәдени, этникалық, тілдік және өзге ерекшеліктеріне қарамастан ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беру кеңістігіне енгізуді, олардың сапалы білім беруде кедергілерді жоюды және әлеуметтік ортада бейімделуін және ықпалдасуын көздейдi. Осы санаттағы балалардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мәселелері Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» заңдарда, сондай-ақ бірқатар нормативтік құқықтық актілерде көзделген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасындағы «Білім туралы» заңға сәйкес барлық ерекше қажеттілігі бар балалар басқа балалармен тең білім алуға және шығармашылық дамуына құқылы. ҚР БҒМ мәліметінше, ағымдағы жылдың 1 қаңтарына елімізде ерекше қажеттілігі бар 149246 бала тұрып жатыр, бұл Республиканың кәмелетке толмаған азаматтарының жалпы санының шамамен 3,15% - ы. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасы елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында жалпы білім беру процесіне ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды енгізудің қажетті ұйымдастырушылық негізін жасауға ықпал ететін ресурстар мен мерзімдер бойынша өзара байланысқан іс-шаралар кешені ұсынылған.
Деректерге сүйенсек ерекше қажеттілігі бар оқушылар үшін есептерді шешу кеңістіктік көріністер мен практикалық дағдыларды дамытуға аз ықпал етеді. Модельдерді қолдану арқылы есептерді шешу сапалырақ болып келеді деп ойлаймын. Сызбаларды, модельдерді қарастыра отырып, анықтама бере отырып, мұғалім оқушыларға осы ұғымдарға жауап беретін заттарды өз айналасынан табуды ұсынуы керек. Мұндай жұмыс білім алушыларды белсендіреді, ойлауға, мұқият және бақылау болуға итермелейді. Оқушылардың кеңістіктік түсініктерін кеңейтуге көмектеседі. Осындай тапсырмаларды шешу барысында жүргізілетін зерттеулер оқушыны деректерді өзгертіп, нысан бойынша барлық жаңа мүсіндерді алуға мәжбүрлейді. Осының барлығы көріністердің мазмұнын байытады, оларды нақтылайды. Сөйтіп оқушының есепті түсінуге байланысты дағдылары дамиды, қалыптасады. Барлық оқушылар әртүрлі дайындық деңгейіне ие болғандықтан, мұғалім тапсырманы және материалды беру тәсілін қатаң жеке таңдайды. Бірақ мұндай балалармен жұмыс істеудің жалпы принциптері де бар. Бұлар:

  • көрнекілік (плакаттар, презентациялар, суреттері бар жеке карточкалар, демонстрациялар, т.б.);

  • формулалары, анықтамалары, латын әріптері бар түрлі-түсті карточкалар;

  • жеке үй тапсырмалары (орындауға арналған үлгі болуы керек); қарапайым деңгейдегі тапсырмалардан қысқартылған бақылау және өзіндік жұмыстар;

  • оларды орындау үшін қосымша уақыт беру;

  • оларды үйде немесе дефектолог кабинетінде орындауға рұқсат беру;

  • жіберілген сөздер мен сандармен сөйлемдерді пайдалану;

  • оқушыларды тақтада жазылған тапсырмалардың баспа көшірмелерімен қамтамасыз ету;

  • тапсырманы аяқтау үшін қосымша уақыт беру;

  • үй тапсырмасын тапсыру үшін қосымша уақыт беру көпше таңдау тестілерін, дұрыс/дұрыс емес жауапты пайдалану;

  • материалды баяндаудағы нақтылық;

  • табысқа және жұмсалған күш-жігерге сәйкес бағалаудың жеке шкаласын қолдану;

  • жақсы бағалауларға назар аудару;

  • әрдайым кері байланыс жасап отыру;

  • елеусіз мінез-құлық бұзушылықтарын елемеу.

Метапән технологияларына сүйене отырып, осындай ерекше қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеу формалары мен әдістерін ойластыру қажет:



  • Параграфты оқып, негізгі сәттерді табуға, оқылған материал бойынша жауап жоспарын құрастыруға, параграфтың сұрақтарына жауап беруге үйрету.

  • Балалардың өзін-өзі бағалауын арттыру үшін озық тапсырмалар беру. Әсіресе материал жеңіл болғанда: параграф оқып, жауап жоспарын құрастырып, сурет салуға болады және осының бәрін өз әңгімелерінде қолдануға болады. Әдетте балалар газетті параграф материалы бойынша сурет салады: мұнда сурет және негізгі сәттер. Тақтаға шыға отырып, дайындалған материалды жақсы айтады, бұл өзін-өзі бағалауды арттырады.

  • «Үлгі бойынша жаса» жеке карточкаларын дайындау. Оқушы карточка алады, онда бір міндет толығымен түсіндірумен шешілген, және оқушыңа осыған ұқсас түрдегі тапсырманы өз бетінше шешу керек, тек мұнда сандақ мәндер өзгеше болады. Осындай шешімдегі табысы- айқын және бұл баланың өзін-өзі бағалауын арттырады.

Назар аударуды түзету үшін оқушыларға физикалық шамаларды анықтаумен карточкаларды ұсыну керек, онда негізгі сөздердің бірі қалып қойған. Тапсырма: ұсынылған сөздердің бірін қою керек. Мұндай балалар міндетті түрде топтық жұмысқа тартылады. Топта олар анық жеңетін көп тапсырма алуы керек. Сонымен қатар, топтық жұмыс бала үшін сынып оқушыларымен жақсы қарым-қатынаста болуға көмектеседі. Неғұлым көп қарым-қатынаста болса, соғұрлым өзіне деген сенімі көбейеді, жауап беруге қысылмайды, әрдайм қолдау алып отырады. Сабақты ұйымдастыру кезінде оқушының жеке жұмыс қарқыны, оның танымдық іс-әрекетінің ерекшеліктері, есте сақтау, моторикасы және т. б. ескерілуі қажет. Ең қиын жұмысты алғашқы 10-25 минутқа жоспарлау қажет. Бұл оқушылардың ең жоғары жұмысқа қабілеттілігіне қол жеткізу уақыты. Осы уақыттан кейін жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуі басталады, бұл олардың оқу қызметіне кері әсерін тигізеді. Сонымен, мен, осы мақалада инклюзивті білім берудің Қазақстан Республикасындағы деңгейі мен дамуы жөнінде жазып кеттім. Шынымен ортаазиялық елдердің арасында Қазақстан Республикасындағы Инклюзивті білім беруге жақсы назар аударып, нәтижелі даму үстінде екендігіне қуануымызға болады. Себебі, инклюзивті білім беру жағдайындағы ерекше қажеттілігі бар оқушылармен жұмыс жасау үлкен жауапкершілікті қажет ететінін байқаймыз. Және осы айтылған деректер ерекше қажеттілігі бар балалармен жасалатын жұмыстың тек кішкене бөлігі ғана. Бұл санаттағы мәселелерді шешу үлкен еңбек пен уақытты талап ететін жұмыстардың бірі екені сөзсіз.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. «Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары.

  2. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» ҚР Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарғысы.

  3. Ахмедалиева, Д. У. ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмысты ұйымдастыру // Әлеуметтік педагог. - 2010.-№1

  4. Л.А.Саинова «Білімдегі Жаңалықтар»№4, 2016 жыл[3.12б]

  5. Ляззат Түркестанова «Білімді ел»№39,2018 жыл[4.17б]

  6. А.И.Қасымбай «Педагогикалық кеңес» №2,3 2018жыл [5.8б]


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет