Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбиенің ТҰжырымдамалық негіздері



бет1/7
Дата14.09.2023
өлшемі4,09 Mb.
#107532
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сынып жетекші семинар


Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


«2023-2024 оқу жылында
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ
ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ТУРАЛЫ»
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Сынып жетекшілер Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы №18 бұйрығымен бекітілген Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережесін негізге алады.


1-қыркүйекте білім күні салтанатты жиын және сынып сағаттары
ұйымдастырылады. Өткізу форматын білім беру ұйымдары дербес анықтайды.
2023-2024 оқу жылының басталуында өткізілетін сынып сағаттары
аясында мұғалімдерге білімге деген ұмтылыс, отаншылдық және еңбекқорлық, сондай-ақ жаңа оқу жылында қазақ халқының ұлттық құндылықтарын қалыптастыру мен дамыту туралы бірлескен талқылау ұйымдастыруға, достық қарым-қатынастың, жауапкершілік пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын ашуға кеңес беріледі.
Сынып сағаты аясында адам өміріндегі құндылықтардың рөлін талқылауға басты назар аударылады.
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде кәсіби қызметінде елеулі
жетістіктері бар, еңбексүйгіштік, білімге деген ұмтылыс және отаншылдық құндылықтарының жарқын көрінісі болып табылатын құрметті қонақтың қатысуы ұсынылады.
Бірыңғай сынып сағатының мақсаты: білім алушылармен бірге білімге
ұмтылу, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарының адам өміріндегі рөлін талқылау.
Міндеттері:
– білім алушыларға құндылықтар жөнінде жалпы ақпарат беру;
– білім алушылармен бірге құндылықтардың адам өміріндегі рөлін
талқылау;
– отаншылдық, құрмет және азаматтық сана құндылықтарын дарыту;
– сыныптың жағымды микроклиматын және жаңа оқу жылына жағымды
көңіл-күй қалыптастыру.
Ұсынылады:
– балалардың жазғы демалыстан алған әсерлерін, сондай-ақ жаңа оқу
жылынан күтулерін талқылау;
– «Оқуға құштар мектеп» жобасы шеңберінде жазғы демалыс барысында
Бірыңғай сынып сағатын өткізу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен олардың дайындық деңгейі ескерілуі тиіс.
Білім күні білім алушылар, олардың ата-аналары мен педагогтері арасында әлеуметтік желілерде 1-2 минуттық бейнеролик орналастыру бойынша «Мектеп – мейірбандық мекені» республикалық челленджін өткізу ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет