112
ие бола отырып, қызметтік функция атқарады.
Шығармашылық
белсенділік
принципі
оқырмандық
іс-әрекетте
максималды бағдарлауды және олардың шығармашылық іс-әрекеттен тәжірибе
жинақтауды білдіреді. Ағылшын тілін меңгеруге даярлық ісі тек қана
шығармашылық еркіндік жағдайында жүзеге аса алады. Егер де білім алушылар
да, педагогтар да сабақта өздерін қысылып ұстайтын болса,
шығармашылық
орын алмайды. Екі жақ та шығармашыл өзін өзі білдіре алуға үйренулері тиіс.
Мазмұндық компонент. Модельдің келесі компоненті – мазмұнға көшетін
болсақ, ағылшын тілін меңгеруге даярлық мазмұны ең алдымен шеттілдік білім
беру мақсаттарымен анықталады. Ағылшын тілін меңгеруге даярлық мазмұны
«адамның шындыққа қатысты білімдер мен дағдылар, шеберліктердің
педагогикалық жүйесі» ретінде анықталады.
Педагогикалық әдебиеттерде жалпымәдени кәсіби құзіреттіліктерді
қалыптастыруда оқу материалының мазмұнына тұтас кешенді талаптар жүйесі
қойылатынын көрсетеді. Оның ішінде маңыздылары:
–
аутентикалылық (айрықшалық);
–
алуан түрлілік;
–
репрезентативтілік.
Ұсынылып отырған әдістемемен оқыту процесінің мазмұны келесі
аспектілерді қосып алады:
–
мәдениеттанушылық: кәсіби іс-әрекетпен
байланысты проблемалар,
ситуациялар және тақырыптар мен қарым-қатынасты анықтайтын фрагментті
оқу-ғылыми мәтіндердегі шындық, өзіне мәдени және қоғамдық өмірдің барлық
түрлерін қосып алады, тіл иелерінің тілдік және вербалды емес мінез-
құлықтарын да қосып алады;
–
лингвистикалық: оқу-ғылыми мәтіндер
лингвистиалық материалға
толы болады (осы оқу-ғылыми мәтіндердің негізінде лексикалық,
грамматикалық дағдыларды игеру жүзеге асады; оқу мен аударма жасау
дағдылары қалыптасады; стилистикалық адекватты,
логикалық және
байланысты жазбаша сөйлеуді рәсімдей алу да кіреді);
–
психологиялық: оқу-ғылыми мәтіндер кәсіби іс-әрекетке деген
мотивацияны дамытады, лингвистикалық дүниетанымды кеңейтеді. Оқу-
ғылыми мәтіндерді оқып меңгеру сол тіл елінің мәдениетіне сыйластық пен
толеранттылықты дамытуға сепші болады;
–
кәсіби: кәсіби бағытталған мәтіндер көмегімен шетелдік мамандардың
кәсіби мәдениеті мен құндылықтарымен таныстық жүзеге асады; негізгі кәсіби
шеберліктер дамуы орын алады; шетелдік ақпараттық және коммуникациялық
технологиялармен таныстық.
Ағылшын тілін меңгеруге даярлықтың модельдену
процесіне тек қана
жеке әдістер мен тәсілдерді қолданып қоймай, технологиялық компонентте
бейнеленетін технологиялардың тұтас жүйесін қолдану керек.
Технологиялық компонент. Модельдің жүзеге асуы кәсіби шеберліктер
мен дағдылардың дамуын қамтамасыз ететін сатылы әдістемелерді қолдануды
білдіреді. Осы әдістеменің құрылуы үшін түрлі авторлардың еңбектерінде
113
ұсынылған «технология» түсінігін талдау қажет.
Н.А. Горлова ағылшын тіліне оқыту технологиясын «ерекшелігіне қарай
білім беру процесін модельдеудің талаптар жүйесі» деп қарастырады [187].
В.П. Беспалько педагогикалық технологияны
алға қойылған білім
мақсаттарын тиімді жүзеге асыратын педагогикалық жүйенің жобасы және
теориялық негізделген білім беру мен оқытудың шаралары мен әдістерінің
жиынтығы деп қарастырады [188].
В.М. Монахов ойынша, педагогикалық технология – бұл бүге-шүгесіне
дейін ойластырылған «білім алушылар мен педагогтар үшін сөзсіз жайлылық
қамтитын бірлескен педагогикалық
іс-әрекетті жобалау, ұйымдастыру мен
жүргізу»модель [189].
Жоғарыда
айтылғандардан,
үздіксіз
білім
беру
жағдайында
педагогтардың тілді
меңгеруге даярлықтарына қатысты жалпымәдени
Достарыңызбен бөлісу: