115
«
Портфолио», түсінігі білім саласы мен педагогикалық ғылымға бизнес
пен саясаттан ене отырып, осы үздіксіз білім беруді жүзеге тиімді асыру
технологияларының бірі болып табылады. Портфолио (фр.
Porter – «баяндау,
құрастыру, әкелу» және
folio – «бет, парақ») – жетістіктер жиынтығы, досье,
деген сөз. Портфолио – студент болсын, немесе оқытушының болсын
еңбектерінің, жетістіктерін бағалау мен бақылаудың жаңа формасы, әрі ол
өзіндік бағалауды қосып алатын оқыту мен еңбекте прогресс жасаудың
сипаттамасы, дәлелдемесі [193].
Біздер үшін портфолио технологиясы аса маңызды, себебі мұнда педагог
алдын ала өз жетістіктерінің жеке-дара іріктемесін жасай алады, ағылшын тілін
меңгергендік процесі жайлы есеп жасай алады және оқыту, меңгеру процесі
қалай жүріп жатыр, интеллектуалды және әлеуметтік деңгейлерде қалай өзара
әрекет жасайды міне осының барлығына есеп жасай алады.
Бағалаушылық-нәтижелік
компонент.
Бағалаушылық
-нәтижелік
компонентке келесілер жатады: ағылшын тілі педагогтардыың тілді меңгеру
даярлығы деңгейлерін констатациялау міндеттерін шешуге бағытталған
диагностикалық құралдар; берілген деңгейлердің үздіксіз білім беру
жағдайында даму критерийлері мен көрсеткіштері; болбарлы, болжамды
нәтиже.
Ағылшын
тілін
меңгеруге
даярлықтары
бойынша кәсіби
құзіреттіліктері қалыптасқандығы критерийлері мен көрсеткіштер жүйесін
жасау оның деңгейлерін өлшеу үшін және ағылшын тілін меңгеруге
қаншалықты даярлықтарын анықтау әдістемелерін қолдануда нәтижелерді
салыстыру үшін қажет болады. Қойылған міндеттерді шешу анкеттеу, тестілеу,
бақылау, әңгімелесу мен шығармашылық жұмыстарды талдау көмегімен жүзеге
асырылады.
Енді «критерий» түсінігіне анықтаманы қарастырайық.
«Шетел тілдерінің сөздігіне» сәйкес,
критерий (грек тілінен аударғанда
kriterion – «талқылауға арналған шара») – «қандай да сипатқа баға, анықтама
немесе бр нәрсенің жіктемесі, өлшемі» дегенді білдіреді.Білім саласына
қатысты
критерий, әдетте ереже бойынша, «педагогикалық іс-әрекет
нәтижелерін бейнелеу үшін қызмет етеді» [194].
Осыған қарап, қорытынды жасауға болады, критерийлер деп ағылшын
тілін меңгеру даярлығы нәтижелерін бейнелейтін негізі белгілі бір
көрсеткіштер болатын шартты түрде тіркелетін деңгейлерді айтады.
Төмендегі 4-кестеде үздіксіз кәсіби білім беру жағдайында педагогтардың
ағылшын тілін меңгеруге даярлықтары қалыптасқандығы критерийлері мен
көрсеткіштері бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: