Үздіксіз білім беруде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлығын зерттеудің психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері


Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін



Pdf көрінісі
бет35/58
Дата07.11.2022
өлшемі3,93 Mb.
#48276
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58
Байланысты:
Ағылшын әдістеме

 
2.3 Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеру құзіреттіліктерінің қалыптасу моделі
Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықтарының моделін құру үшін оны алдымен теориялық тұрғыдан 
негіздеп, үлгілеу керек. Модельдеу негізінде ұқсастық теориясы жатыр, ал 
модель не үлгі үлгі болатын аналогқа жақын болып келеді. Ғылымда ең көп 
тараған модель түрі құрылымдық модель болады, негізінде белгілі бір жүйенің 
компоненттері арасындағы мәнді байланыстар мен қарым-қатынастар жатады.
Модель – теориялық болсын (мұнда түрлі белгілік және абстрактілі 
модельдер қолданылады) және эксперименталдық (пәндік модельдер) кез-
келген ғылыми зерттеудің базалық негізі болады [147, с. 214]. 
Біздер үшін модель нысан болады, оның көмегімен үздіксіз білім беру 
жағдайындағы педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлықтары 
қалыптасу процесін жобалауға болады, ол осы тілді меңгеруге даярлықтың 
құрылымын, осы даярлыққа енетін компоненттер арасындағы қасиеттер мен 
байланыстарды бейнелеуге мүмкіндік береді де, оны схема түрінде 
көрсетуімізге жеткізеді. Осы модельдің көмегімен біздер педагогтардың тілді 
меңгеруге даярлықтарының маңызды аспектілерін ерекше бөлуге тырысамыз. 
Осыған орай, «модельдеу деп» біздер зерттелетін нысанды өзге нысанда 
оны теориялық негіздеп, оқып зерттеу үшін қасиеттерін бейнелеп сипаттауды 
айтамыз.
Н.В. Иванованың зерттеулерінде педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықтарының әдістемелік жүйесі педагогикалық негізделген жүйе болады, 
онда осы тілді меңгеруге даярлықтың құрлымды-функционалды байланыстар 
және оның компоненттері және нақты нысанына қатысты негізгі мәліметтерді
бейнелейді, көрнекі түрде ұсынылады. Әрі бұл даярлықты анықтау моделі 
динамикалық болады, себебі өзгерістерді сипаттайтын болғандықтан [180]. 
Үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге 
даярлықтарын қалыптастыру моделі өз алдынша өзіне ағылшын тіліне оқыту 
жүйесі жайлы фундаментальды білімдерді қосып алады. Модельді әрі қарай 
жобалау мен жоспарлау нақты міндеттер мен мақсаттарды анықтауда 
бейнеленеді [181]. 


109 
Педагогтардың ағылшын тілін меңгеруге даярлықтары моделін жасауда 
келесі модельдеу кезеңдерін ерекшелеп бөлуге болады: 
– 
тілді меңгеруге даярлық міндеттерін анықтау кезеңі; 
– 
модельді жобалау; 
– 
құрылған моделді шынайылыққа тексеру; 
– 
үздіксіз білім беру жағдайында педагогтардың ағылшын тілін 
меңгеруге даярлықтары моделінің апробациясы; 
– 
берілген модельдің апробация нәтижелерімен ескеріле отырып, 
түзетілуі. 
Осыған орай, осы процесс қойылған мақсат пен тиісті міндеттерге тәуелді 
болады.
Педагогикалық пен ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді талдау шетел 
тілдері кафедралары педагогтарының тәжірибелерін зерттеу келесідей 
қорытынды жасауға алып келді, яғни қарастырылатын модельдің құрылымында 
міндетті түрде келесі компоненттер болуы тиіс
1) мақсаттық; 
2) теориялық; 
3) мазмұндық; 
4) технологиялық; 
5) бағалаушы-нәтижелік. 
Ұсынылған модельдің мақсаттық компонентін ерекшелеп бөлу ең бірінші 
кезекте ағылшын тілін меңгеруге даярлықтың қажеттілігін бөлшектеп 
қарастыратын мақсатпен байланысты болады: білім берушілік, тәрбиелік пен 
дамытушылық. Кәсіби шетелдік білім беру теориясы мен тәжірибесінде 
мақсатты саналы жоспарланатын оқыту процесінің нәтиесі деп түсінеді.
Өзге тілді кәсіби білім беру тұжырымдамасы мен оқу бағдарламаларын 
теориялық талдау негізінде келесі қорытынды жасауға болады, қазіргі таңда 
келесі мақсаттарды ерекшеліп бөлуге болады:
1) білім берушілік (мамандардың кәсіби мен жалпымәдени құзіреттері); 
2) дамытушылық (шығармашылық ойлауды дамыту, ағылшын тілді 
меңгеру шеберліктерін практикалық қолдануға септігін тигізу); 
3) тәрбиелік (өзін-өзі дамытушы және өзін-өзі жүзеге асырушы жеке 
тұлғаның тәрбиесіне ықпал ету). 
Белгілі бір білім берушілік мақсатқа қол жеткізу логикалық ойлаудың 
дамуын қамтамасыз ететін, бакалавриат бағдарламасы бойынша оқып білім 
алатындардың тілдің қоғамдық құбылыс екендігі туралы дұрыс түсініктерін 
қалыптастыру болады.
Дамытушылық мақсаттың жүзеге асуы білім алушылардың жеке 
тұлғалық қасиеттері дамуын, жеке тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруының 
динамикалық оқу ішкі жүйесін, креативтілік пен зерттеушілік шеберліктердің 
дамуын және бакалавриат студенттерінің ұлттық сана-сезімі, өзге мәдениет 
өкілдеріне толерантты қарым-қатынасты, олармен өзара түсінісуге ұмтылысты 
дамытуды білдіреді.
Шетел тілдері оқу пәндері сияқты тәрбиелік мақсаттарды жүзеге 


110 
асырудың мол мүмкіндіктеріне ие. Білім алушыларды тәрбиелеудің түрлі 
аспектілері бар: студенттердің шетел тілдерін оқуға және оны қарым-қатынас 
жасау шарасы ретінде қолдануға қатысты саналы қатынасқа қол жеткізу,
таным мен өзін өзі жетілдіруге; өзге халықтардың жетістіктері мен рухани, 
тарихи құндылықтарына, мәдениетіне сыйластықты тәрбиелеу.
Ұсынылатын модельдің мағына құраушы құрылымдық компоненті– оның 
мақсаты, нақтырақ – үздіксіз білім беру жағдайында ағылшын тілі 
педагогтарының тіл меңгеруге даярлықтарын қалыптастыру болады. 
Осыған орай келесі негізгі міндеттер туындайды: 
– студенттерді ағылшын тілінде реферат, эссе, аннотация, презентация, 
жаранама және т.б түрінде креативті өнім жасауға үйрету; 
– оқу-ғылыми мәтінде өзекті ақпаратты ерекшелеп бөліп алуға және оны 
кәсіби іс-әрекетте қолдану; 
– бакалавриат 
студенттерінің 
жалпымәдени 
кәсіби 
құзіреттерін 
қалыптастыру әдістемесін жасау; 
– білім алушылардың рефлексиялық қабілеттерін дамыту. 
Біз қарастырып отырған модельдің теориялық компоненті өзіне келесі 
көзқарастар мен ұстанымдарды қосып алады, олар (дидактикалық пен арнайы). 
Біздің зерттеуде жетекші көзқарас функционалды болады, зерттеу стратегиясы 
түріндегі жетекші, үстемдік ететін оқыту идеясын жүзеге асырады. Ағылшын 
тілін меңгеруге даярлық процесі – құрылымы жағынан күрделі құұбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет