Зейін -танымдық Қабілет ролінде


Бастауыш сынып оқушыларының зейіні қалай қалыптасады?



бет2/4
Дата12.05.2023
өлшемі31,7 Kb.
#92625
1   2   3   4
Бастауыш сынып оқушыларының зейіні қалай қалыптасады?
Мектеп-оқушылардың зейінін оқу-тәрбие процесінің талаптарына байланысты жүйелі түрде қалыптастырып дамытатын негізгі орын,ал мұғалім-балалардың зейінін тәрбиелейтін негізгі тұлға. Бұрын ойыннан басқаға көңіл бөлмей келген бала оқуға бірден беріліп кете алмайды,сабақтың басынан аяғына дейін отыруға оның шыдамы жетпейді. Олардың алғашқы кезде сабақтың аяқталуын асыға күтіп отыратындары да осыдан. Мәселен, бірінші сынып оқушылары түрлі нәрселеерді санағанда , көбінесе олардың сыртқы формасына , бояуына көңіл аударады да, ең негізгі міндеті-есеп шығаруды ұмытып кетіп жатады. Бұл жастағы балалардың зейініндегі тағы бір ерекшелік зейін көлемінің өте тар келетіндігі. Мұғалім осы жағдайды есінде ұстағаны дұрыс. Ол сабақты бала ұғымына түсінікті, тіл жағынан жеңіл етіп берсе, көрнекі құралдарды тиісінше пайдаланса, бала зейіні бір объектіге тұрақтала түседі де, зейіннің бөлінуі азаятын болады. Оқушы зейіні негізінен сабақ үстінде тәрбиеленеді. Сабақтың әрбір минуты бала зейінін билеп алмайынша, мұғалімнің сөзі оның көкейіне қонбайды, қиялын толғандырмайды. Бір сөзбен айтқанда, зейінсіз өткен сабақ өзінің мақсатына жете де алмайды.Зейін тәрбиесінде мұғалімнің ескеруі керек шаралар төмендегідей:

  • Бірінші сыныптан бастап оқушыларды зейінділікке әдеттендіру, оларда зейіннің жоғары түрлерін дамыту керек.

  • Бүкіл сыныпқа не жеке оқушыларға берілетін тапсырмалар дәл, нақты, анық, қысқа болуы қажет.

  • Бала қайда жүрсе де (мейлі мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.

  • Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі-ерік.Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.

  • Бастауыш сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлі де болса , «қатая» қоймағандығы еске алыну керек. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру сияқты шаралар зейін тәрбиесіне тікелей әсер етеді.

Мұғалім балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе, берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара алмайтын болады. Мұғалім: «Кейбір оқушылар сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді» деп жатады, бірақ бұл алдымен оның сабақты дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі,өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады. Ы. Алтынсарин: «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмай отырған өзін кінәлауға тиіс»- деп өте орынды айтқан.3
Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп көз тоқтатады, «оқу аймағы» тар болады.Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну қабілеті төмен болады. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасуы мен жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аймағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен рөл атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Ендеше сөзді, сөйлемді оқығанда олардың мағынасын ұғындыруға, баса көңіл бөлу қажет. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни «ақ аю», «сары аю» сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет