Зейін жетіспеушілігі мен гипербелсенділік синдромы бар балаларды сабақта қолдау жоспары
Көп жағдайда ата-аналар баласының бір жерде отырмай, көп қозғалып, асығып-үсігіп жүретіндігін, айналып жүретіндігін және басқа балалар мен ересектерге кедергі келтіре отырып, қатты сөйлейтіндігін көріп жатады. Бұндай балалар өз қозғалыстарында икемсіз болады және қозғалыс координациясы мен бұлшықеттік бақылау әлсіз болғандықтан барлығын түсіріп, сындырып, жиі сүрініп, құлай беретін болады. Бұндай балалар әдетте бір нәрсеге ойларын жинақтай алмайды, не болса соған алаңдап, сұрақты өте көп қойып, жауабын тыңдамастан, кейіннен тағы да тез жалығатын басқа істерді бастап кетеді.. Осылардың барлығы қысқа уақыт аралығында болып жатады. Кейде осындай баланың энергиясы бірнеше адамға жететін секілді көрінеді. Сондықтан оларды гипербелсенді деп атайды.
Жаңа ғасыр білім беру жүйесіне жаңа міндеттер жүктеп отыр. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым — қатынас пайда болды.
XXI ғасырда ерекше қажеттіліктері бар балалардың толыққанды өмір сүруіне жаңа мүмкіндіктер ұсынылып келеді. Нақтырақ айтқанда, олар кәдімгі мектепке дейінгі мекемелерге бара алады. Осы кезде инклюзивті білім беру жүйесі ерекше балалар үшін қоғамға ықпалдасудың жаңа тәсілі ретінде қарастырылатынын айта кеткен жөн.
Бұл жүйенің басты ерекшелігі балалардың диагнозын қиындық деп қабылдамай, керісінше оны танып білудің жаңа мүмкіндігі деп қарастыру. Халық арасында осы түсінік қалыптаса бастаған кезде, ерекше жандарға жаңа мүмкіндіктер ашылады. Гипербелсенді баланың жалпы болмысын Б.Соқпақбаевтың кейіпкері, әйгілі Қожамен салыстыра бағаласақ жетіп жатыр. Бұзық, қыңыр-қырсық, ата-анасын өзгелерден (бауырларынан да) қызғанады. Ақылды да, алғыр, тәп-тәуір жағын жоғарыдағыдай кері мінездері жоққа шығарып отырады.
Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:
—олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді,
—бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды,
—ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді.
«Ашуды бақылауда ұстау» атты кітап авторлары баланың ашулы кезінде ата-аналарға тиімді және тиімсіз қарым-қатынас түрлерін мысал ретінде ұсынады:
Тиімді:
—балаға тынышталуға мүмкіндік беру;
—баланың дәлелдерін зейінмен тыңдау;
—өзінің сезімдерін анық және дұрыс жеткізу;
—қалыптасқан жағдайдан шығудын дұрыс жолдарын көрсету;
Тиімсіз:
—баланы жазғыру;
—оны мұқатып, келтірген дәлелдерін күлкіге айналдыру .
Ата-аналармен психотерапиялық жұмыс жүргізу барысында баланың іс-әрекетін «бұзықтық» деп қабылдамай, оған түсіністікпен және сабырлы көзқараспен қарау керектігі айтылған жөн. Сондай-ақ ата-аналар гипербелсенді баланың күн тәртібінің сақталуын, яғни ұйқыға, демалуға жеткілікті уақыт бөлінуін қадағалау керек. Осы орайда гипербелсенді балалардың ашушаң, қозғыш екенін естен шығармай, адамдар көп жиналатын іс-шаралардан алыс ұстағаны дұрыс. Мұндай балаларда зейін шоғырлануында қиындықтары бар болғандықтан белгілі уақыт аралығына бір тапсырма беру керек. Ойын кезінде баланың достарының салмақты болуы шарт.Зейін бұзылуы мен гипербелсенділік белгілері бар балаларға сурет салу өнері мен мүсін жасату, спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі. Оның бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады. Гипербелсенді бала алғыр және қиялы ұшқыр боп жетіледі.
Әр топта гипербелсенді балалар бар.Олар тек өжет емес, шулы немесе жылдам қимылдайтын балалар. Мұндай балалар ұзақ отыра алмайды, білімге деген ұмтылысы тұрақты емес, өз эмоцияларын, тілегін ұстап тұра алмайды және өзінің жүріс-тұрысын басқара алмайды. Егер осындай балалар сіздің тобыңызда кездессе, гипербелсенді тәрбиеленуші мен холериктерді айыра білу керек. Осы тектес проблеманы педагогтермен, психологпен ұжымдасқан түрде шешкен жөн. Гипербелсенділіктің себептері мұрагерлікпен берілуі мүмкін, баланы іштен жарып алғаннан кейін немесе шала туылудың, туу кезіндегі зақымдардың, өмір сүру жағдайы мен қоршаған ортаның және т. б. салдары болуы мүмкін. Гипербелсенді баланы емдеудің қажеті жоқ, жай ғана оны артық белсенділіктен арылтыңыздар.Әр топтарда тек тыңдайтын, тәртіпті, жауапты, байсалды балалар оқығандығын бәріміз қалаймыз. Бұл біздің әрқайсымыздың арманымыз! Бірақ не істеуге болады? «Мұндай балаға қысым жасамаңыз! Оның еш пайдасы жоқ. Сонымен қатар оған жоғары талаптар қоюдың және қарым-қатынас орнатуда артық жұмсақтық танытудың қажеті жоқ! Қалай болғанда да артық кетпеңіз. Мұндай тәрбиеленушіге әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстаудың барлық қағидалары нақты түсіндірілуі керек. Сонымен қатар тыйымдардың, шектеулердің санын барынша азайтқан дұрыс!» Мен меңгерген тағы бір қағида: гипербелсенді балаға үнемі айналу, қимылдау ауадай қажет, себебі оның жеткіліксіз физикалық белсенділігі аса жоғары сезімталдыққа алып келуі мүмкін. Мектеп жасына дейінгі жастағы балалардың гипербелсенділік белгілерін түзетуге арналған экспериментті ұйымдастырудың жолдары бірнеше әдістерін қарастырсақ.
Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт — терапия болып табылады. Алғашқы арт — терапия түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат, ауру немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде, яғни, бұл терапия баланың шығармашылық қабілетін дамытып қана қоймай, баланың бойындағы ресурстарының мүмкіндігін түсініп, ашуға да жағдай жасайды.
Арт-терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт-терапия термині ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт-терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.
Осы терапия әдісінің бір түрі — қуыршақ-терапиясы. Қуыршақ-терапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады. Қуыршақ-терапия сөзін қазақшаға тікелей аударғанда «қуыршақ арқылы қамқорлық жасау, емдеу» деген мағынаны білдіреді.
Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Қуыршақ арқылы адамның ішкі болмысын тануға болады. Дәлірек айтқанда, баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен сырласуына мүмкіндік беретін ем түрі. Ұсынылып отырған саусақтарға киілген қуыршақтар балалардың психикалық денсаулықты жақсарту, әлеуметтік бейімделуді дамыту, танымдық белсенділігін арттыру, қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, баланың эмоцияналдық және адамдық дамуын арттыру, денсаулық жағдайларын қалыптастыруда ең тиімді әдісі болып табылады. Бұл әдісті пайдалану — уақытша психикалық дағдарысқа ұшыраған немесе дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасайтын мектепке дейінгі мекемелерге ең пайдалы жұмыс түрі.
Ойын терапиясы – арт терапияның ерекше түрі. Бұл терапияның жүргізу балалардың әлеуметтік және психологиялық мәселелерді жеңу үшін, жеке және эмоционалды дамуы үшін арнайы ойындар қолданады. Егер бала ойынға белсенді және бар ықыласымен қатысса емдеу әсерлі болады.
Ойын баланың психологиялық ахуалын сақтауға, оның қоғаммен қарым-қатынасын анықтауға, ересек өмірге дайындайды. Ойын балаға белгілі дағдыларды меңгеру үшін, сонымен қатар қарым-қатынасты, өмірге деген құлшынысын арттырады, эмоционалды және физиологиялық жағдайын жақсартады. Ойын психологиялық күйзелістен шығу үшін емдеудің бір тәсілі ретінде қолданылады.
Бала ойынға өз еркімен қатысып, ойыннан қуаныш рахатын көру керек. Әсіресе бұл гипербелсенді балалардың қатысуымен ойын өткізу барысында эмоционалды әсерін мөлшерлеп, өзін қалай сезінетінін бақылау керектігін айта кеткен жөн.
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін» танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Құмның адам ағзасына тигізер әсері мол. Әсіресе балалардың ұсақ қол моторикасын дамытып, олардың психикасын реттейді. Саусаққа тиген құм түйіршіктері әрбір ұйықтап жатқан қолдың жасушаларын оятады, жүйкесін тыныштандырады. Құмның бала психикасының жағымсыз қуатын жоқ қылатын сезімталдық жай күйді реттейтін қасиеті бар. Құм балаларға магнит сияқты әсер етеді. Ол суды сіңіру қасиетіне ие. Ғалымдар құм барлық ауыр психологиялық энергияны сіңіріп, адамның энергетикасын тазалап, эмоционалдық күйді орнықтырады дейді.
Сондай-ақ музыка терапиясы мен бейнелеу терапиясының біріктіріліп өткізілуі арқылы арт-терапия бойынша шығармашылық тапсырма беруге болады.
Тыныштандыруға арналған әуен қосылады. 4-5 топқа балаларды топтастырып, «Менің бақытты балалық шағым» тақырыбы аясында тапсырма беріледі. Балалар тек саусақтарымен сурет салады. Бұл баланың миының психикалық қызметінің (зейін, еске сақтау, ойлау қабілетін, сөйлеу) дамуына және қол мен саусақ икемділігін дамытуға арналған тапсырма. Берілетін уақыт әуен біткенше. Әр топтың жұмысы қорғалады. Жұмыстың бұл түрі көп жағдайда балалардың көңілінен шығып жатады.
Ойын түрінде оқыту әдісі.Ойын әдістері сабақтың мақсаттары мен міндеттеріне байланысты қолданылады. Олар тәрбиеленушілер үшін үнемі қызықты. Көптеген қызмет түрлерінде: ән айтуда, тыңдауда, композицияда балалар музыкалық ойындарды аса қызығушылықпен ойнайды. Ойын барысында тәрбиеленушілердің барлық психологиялық типтері өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашады.
Тыныстау гимнастикасы әдісі. Гипербелсенді балалардың жүрек соғысы көбіне жиі болады, кекештеніп немесе өте жылдам сөйлейді. Мұндай жағдайда тыныстау жаттығулары көмектеседі. Оны кейіпке ену арқылы орындауға болады, ал тікелей мұғалімнің тура нұсқаулары немесе ұсыныстары бойынша орындалмайды. 1-ші жаттығу. Балаға ыдыстағы өсімдікті немесе базадағы гүлді иіскеуге мүмкіндік беру. Және де мұны ойнақы түрде орындау керек. Гүлді әртүрлі көңіл-күймен иіскеуді ұсыныңыз. «Балалар! Біздің гүліміздің иісін анықтайық! Бірақ оны күліп тұрып жасайық. Күліп тұрып тереңнен тыныстау…, деміңді шығар, демал, деміңді шығар!» немесе: «Дәл осыларды мұңды түрде қайталаймыз! Демал, деміңді шығар! Ал енді күліп тұрып демаламыз, мұңайып демді шығарамыз». Осылай бірнеше рет қайталаймыз. 2-ші жаттығу: «Қысқа тыныс алу қимылдарын орындаймыз, оны орындау кезінде өзімізді бу шығарушы шәйнек ретінде елестетеміз. Осыны дем шығарған кезде «у-у» дыбысымен орындаймыз».
Гипербелсенді бала көбіне-көп үздік бала, IQ деңгейі де жоғары болып келеді. Және тағы бір ескерерлігі мұндай балаларға қызыл түсті киім кигізуге болмайды, бұл онсызда ұшып-қонып, байыз таппай жүрген баланы одан әрмен шабыттандырып, шаршауын туындатады. Бұл тұста баланың ойыншықтарына да назар аударған дұрыс, қолында ай балтасы бар үндісті, иығына мылтық ілген американдық кавбойды, жер шарын жарып жібермекке бекінген роботтарды ойыншық салынған қапшықтан шығарып, орынын көңілді де, мейірімді (тым құрыса Шрекпен) кейіпкерлермен толтырған жөн.
Гипербелсенді баланың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету үшін жанұяның және мектепке дейінгі мекеменің, қоғамның ынтымақтастығы қажет.
Егер де біз балалардың бойындағы гипербелсенділікті барынша азайту жолында дұрыс жұмыс жүргізетін болсақ, сонда ғана дені сау, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей алмақпыз.
"Алып слалом". Орындықтардан жарысып жатқан командалар артқа қарай жүгіріп, жеңуі керек болатын слаломның екі параллелді "трассалары" жасалады,. Орындықтардың арасын аралап жүгіріп, олардың біреуіне соғып кеткен бала соқпай өту үшін қайтадан ойын алаңы басына оралады. Жеңіске трассадан қатесіз өткен команда жетеді. "Көшбасшы ізінен қуу". Жарыстың екі қатысушысы орындықтардан жасалған шеңбердің ар жағында тұрады. Олар шеңбер диаметрінің екі ұшында болады. Сөйтіп старт басталған кезде тізбекті ирек (жылан тәріздес) жүгіріспен алға қарай арқамен жүгіріп, қарсыласын қуып жетіп алуға тырысады. Жеңімпаз бес айналым жасағаннан кейін анықталады. Егер бұған дейін біреу орындыққа үш рет соғып кетсе, онда ол жеңілген болып саналады. «Ырғақты есте сақтаңыз». Жүргізуші қатысушылардың өзінің артынан шапалақпен жасалған ырғақты модельді қайталауын сұрайды. Естіген үлгіні есіне түсіре алмағандар үшін арасындағы сызықша-үзіктермен (мысалы, 1-1-3-4-2) шапалақтардың саны көрсетілетін сандық жазба түрінде бағдар беріледі. Тапсырманы жеңілдету үшін олардың көру бейнесіне сәйкес шапалақтардың санын дауыстап санау ұсынылады. Барлық ырғақты әуенді игергеннен кейін қатысушылар шеңберде тұрып, алдымен баяу қарқынмен, содан кейін жылдам қарқынмен ырғақты мелодияны ойнайды. Шапалақтың дыбысы бойынша жаңылған бала ойыннан шығады. "Машинка". Бұнда да алдындағы ойын сызбасы секілді әрқайсысы үшін шартты белгілер ойлап табылатын (екі "квадрат", екі "баян", бір "квадрат")және жүйелі қозғалыс топтарынан құралатын пантомимикалық модель игеріледі "Көрінбейтін қалпақ". 3 секунд ішінде шляпаның астында жиналған барлық заттарды есте сақтап, содан соң оларды атау қажет. "Доп шеңберде". Шеңберде тұрған қатысушылар ниеттерін сөздерсіз білдіріп, бір-біріне 1, 2, 3 және одан да көп допты лақтырады. Лақтырылған допты қағып алмаған бала ойыннан шығады. "Броун қозғалысы" Жетекші шеңбердің ішінде тоқтамауы тиіс және шеңберден шығып кетпеуі тиіс бірнеше ондаған теннистік допты бірінен соң бірін домалатады. "Допсыз волейбол". 6 адамнан құралатын екі команда ережеге сәйкес волейбол ойнап жатқандай көзқарастармен және тиісті қозғалыстармен алмасу арқылы допсыз волейболды ойнауға тиіс. Шыдамдылыққа жаттықтыру "Қосымша орындық". Қандайда бір ойыннан шыққан бала ол аяқталғанға дейін орындықта отыруы керек. Егер ол орындықтан тұрса немесе бұрылса, бүкіл командаға айыппұл ұпайы салынады немесе жеңіліс есептеледі. "Балауыз фигура" Ойын аяқталғанға дейін әр қатысушы "мүсінші"қалдырған қалыпта қалуы керек. "Тірі сурет". Сюжеттік сахнаны бейнелей отырып, оның қатысушылары екінші адам оның кім екенін анықтамағанға дейін сол күйінде қатып тұрады. "Автомобиль". Балалар жүгізуші жинайтын автомобильдің бөлшектері ("дөңгелектер", "есіктер", "жүк салғыш", "капот" және т.б.) ретінде шығады. "Теңіз толқып жатыр"және"Қозғалма, қозғал" секілді ойындар. "Адалдық күші". Команданың әр мүшесі кезек-кезек шамасы келгенше еденге кеудесімен түсіп, одан кеудесімен көтеріліп (отжимание) бірнеше рет, бірақ иіле жасамай, тапсырманы "адал"орындауы, яғни кеудесін еденге толық тигізіп, созылған қолдарына толық көтерілуі тиіс. Жаттығуды "адал"орындау қиындаған кезде ойыншыны командадағы серіктес ауыстырып, ал өзі саптың соңында кететін болады. Бірінші орынды жаттығуды (отжиманиені) 100 рет адал орындаған команда алады. Бұл ойынды пресс жасау арқылы да ұсынуға болады.