Зейіннің таңдамалылығын анықтауға арналған әдістемелер.
«МЮНСТЕРБЕРГ» әдістемесі
Бұл әдістеме зейіннің таңдамалылығын анықтауға бағытталады. Нұсқау: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз: тез оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек. Жұмыс уақыты-1 минут. Табылып астын сызған сөздердің саны мен байқалмай қалған сөздер саны, қатеге байланысты бағаланады. Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептеліп хабарланады.