тін ші «әділетті халиф». Хижраның 656-661 жылдары Мекке
Фатима атты қызын алған күйеу баласы. Мұсылман елдерінің
деген үш қылышы болғаны айтылады. Әсіресе Әли «зұлпықа-
рын» сілтегенде бірнеше жүз кәпірді шауып түсіреді. Әлидің
дарда жиі ұшырайды. Әдетте, хазірет Әли сол қиссалардың
386
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Әмір Темір (1336-1405)—қолбасшы, мемлекет қайраткері.
Барлас тайпасының биі Тарағай бектің баласы. Әмір Темір
алғашында Қашқария уәлаятының билеушісі болған. Моғол-
стан ханы Тоғлық Темірмен, Балқ пен Самарқан әмірі Хұсайын-
мен билік үшін күрес жүргізіп, 1370 жылы Мауранахрды өзіне
қаратты. Әскерінің тегеурінді шабуылдары арқасында Хорезм,
Шығыс Түркістан, Герат, Хорасан, Қандағар, Сұлтания, Тебриз,
Иран және Ауғанстан иеліктері қол астына қарайды. Бір неше
дүркін жорықтан соң Алтын Орданы күйретеді. Үндістан, Сирия,
Ливан жерлерін басып алады. Осман империясын талқандап,
түрік сұлтаны Илдырым Баязидті тұтқындайды. 1405 жылы
Қытайға жорыққа шыққанда жолда Отырарда қайтыс болады.
Сүйегі Самарқандағы Гөр-Әмір кесенесіне жерленген. Халық
арасында және тарихи деректерде Ақсақ Темір, Әмір Темір
Көреген (Гурген) деген ныспылары кең тараған. Түркістан
қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін салдырған.
Барлас—өзбек халқының ішіне енетін, түркі тілдес тайпа-
ларына жататын ежелгі ру. Барластар Шыңғыс ханның жаула-
нуы кезінде, ХІІІ ғ. қазіргі Моңғолия жерлерінен Орта Азияға
көшкен. Сол рудан Әмір Темір, Ұлықбек дегендер шыққан.
Бөгенбай батыр (1680-1775)—Қаратау бөктеріндегі Бөген
өзенінің бойында туған. Жоңғар шапқыншылығына қарсы
азаттық күресінде ерекше орын алған батыр, қазақ жауынгер-
лерінің қолбасшысы. Халық оны Қанжығалы Бөгенбай деп те
атайды. Атасы Әлдеуін батыр Еңсегей бойлы ер Есім ханның,
әкесі Ақша батыр Тәуке ханның қолбасшылары болған.
Бөгенбай батыр Абылай бастаған ұзақ жылдарғы жоңғарға
қарсы күрестің бас қолбасшысы, әскери ақылшысы бол-
ды. Күн-түн демей қазақ тыныштығы үшін ат үстінен түспей
жүргендіктен, оны Абылай хан «Үкі батыр» деп құрметтесе,
Бұқар жырау «Қазақтың қамал қорғаны» деп атаған. Бөгенбай
жасы ұлғайған шағында ауырып қайтыс болған. Сүйегі Қожа
Ахмет Ясауи кесенесіне жерленген.
Достарыңызбен бөлісу: