1. АЛПАМЫС
...Өстіп өксумен өмірін өткізіп, кәрілікті басына жеткізіп,
аңсаумен арып-ашып жүрген Байбөрі бір күні түс көреді. Тү-
сінде ғажайып іс көреді. Аспандағы күн мен ай ағылып келіп
алақанына түседі. Шошып ояна келсе түсі екен. Сол елде сек-
сенге келіп селкілдеп отырған ақсақалды қарт бар екен. Соған
келіп түсін жорытады.
—Е, қарағым, айды көрсең—сымбатты қызың болар, күнді
көрсең көңіліңнен шыққандай, атса, оқ өтпейтін, отқа салса
күймейтін, суға салса батпайтын бір ұл бала көреді екенсіз,—
деп жориды қарт. Көп кешікпей Байбөрінің әйелі жүкті бола-
ды…
2. ЕДІГЕ ЖЫРЫ
...Емді Едіге бір күнде түс көріп, шошып оянады.
—Әй, жеті дост, сүйінші!
Түрегеліп киінші.
Беліңді қынай буыншы,
Беті-қолың жуыншы.
Мен бүгін бір түс көрдім,
Жақсылық түс сол болса,
Жақсылыққа жорышы.
Жамандық түс сол болса,
ІІІ. Эпикалық жырлардағы түс
және оны жору көріністері
187
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
Осы он сегіз кісіні
Төгеректеп қорышы.
Мен бүгінгі күн түсімде
Алтынды ер ақ боз ат
Жалынан тартып мініппін.
Ақсұңқар құс болыппын,
Көкке таман ұшыппын.
Көкте жүрген періште
Аларға барып сөйлесіп,
Андан аса ұшыппын.
Төбеде жүрген қоңыр қаз
Көк үстінде іліппін.
Төр тауына қоныппын,
Төс етіне тойыппын,
Ол не болар, он жетім?
Он жеті дос ұйлықты,
Ұйлыққанның белгісі
Бір-біріне сылықты.
Еш амалды таппады
Тұрған енді бәрісі.
Бір ақылды тауыпты,
Бар екен ішінде бір көп жасаған қарт:
—Алтынды ер ақ боз ат
Түсіңізде сен мінсең,
Ат мұратқа жеткенің.
Көкке таман сен ұшсаң,
Жұрт алдына шыққаның.
Көкте жүрген періште
Аларға барып сөйлессең,
Ерендер қолтықтап жүргенің.
Андан асып сен ұшсаң,
Қызыр сүйеп жүргенің.
Төбедегі қоңыр қаз
Көк үстінде алсаң сен,
Төр тауына қонсаң сен,
Төс етіне тойсаң сен,
Кеше сені жұртыңдан қуған Тоқтамыс
188
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
Соны быт-шыт қыларсың,
Тояттап мейірің қанарсың...
Достарыңызбен бөлісу: |