30. ҚИССА ҚЫРЫҚ УӘЗІР
...Әй, патша, бұ күн өзім бір түс көрдім,
Көргенде оны мен көңіл бердім.
Айтпақ парыз, есітпек сізге уәжіп,
Уәзірдің хайла-мәкір сөзін тердім.
Патша:—Естиін оны,—деді,
Қатын айтты:—Жалған деме мені,—деді,
Бір доп ұстап тұр екесіз, өзі алтын,
Артық-дүр бұ ғаламнан сыны,—деді.
Бұл допты ойнайсыз аспанға атып,
Бала сізден сұрайды таңырқатып.
Сұрағанда сен оған бермеп едің,
Ол допты пәре қылды таспен атып.
Қайран боп, алысырақ барып тұрдым,
Мен саған сынықтарын жиып бердім.
Сен оған қайран болып тұрғаныңда,
Оянып, орнымнан тұра келдім.
Патша айтты:—Не болар тағбирі?
Қатыны дәл өзіне жүреді енді.
268
ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР
—Қолыңда ұстағаның бір алтын доп,
Қараған қол астыңда халқың,—деді.
Қолыңнан тартып алған мәнісіні,
Әй, патша, мен айтайын енді аны:
Бір күні ғашық болған өз балаңыз
Алсам деп халалдыққа енді мені.
Атамды өлтіріп, алам мемлекетін,
Астындағы аламын алтын тахытын.
Мен оған бой бермедім айтқанына,
Баланың көрген шақта ғаламатын.
Айтқанынша мен сені өлтірсем,
Бала сөзін жеріне келтірсем.
Бұ күнгеше өз ісін көрер еді,
Балаға тағат қып бой берсем.
Ол допты сындырғаны таспен ұрып,
Әгарда патша болса деген құрып.
Халқын тамам хараб етпек екен,
Ғылымдық болмаған соң, Құдай ұрып.
Ләңке менім жиып бергендерім,
Бой бермей, сені қабыл көргендерім.
Мен айтпасам, қолыңнан кетер едім,
Мен саған жақсылық қып жүргендерім...
* * *
...Бір түс көрдім мен бүгін жаман,—деді,
Қырық басы бар аждаһа, инан,—деді.
Басы оның зәһарлы болған екен,
Артында көп әскері толған,—деді.
«Тахтыңменен жұтам, деп, сені»,—деді,
Үш мәртебе қасыңа келді,—деді.
«Зәһарды саған таман шашамын»,—деп,
Қорқытты көріп тұрған мені,—деді.
268
269
ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ
«Уәзірдің сөзін алып өттің,—деді,
Қатыныңның ақылын неттің?—деді.
Тахытыңмен сені жұтам»,—деп тұрғанда,
Қорыққанымнан оянып кеттім,—деді.
Патша айтты:—Тағбирі не болғаны?
Қатын айтты:—Жүресің енді, әні.
Ол аждаһа—көргенім ұғылыңыз-дүр,
Өлтірмекке ойлаған енді сені.
Қырық басы—қырық уәзір оның,—деді,
Жылан әскер-ғауам халқыңнан,—деді.
Зәһарды саған шашпақ тілегені—
Тахытыңды алмақ еді сенің,—деді.
Қышқырғаным менім—саған сиясатым,
Сақтанып, менім тұт насихатым.
Бір патша менен Шолханың сөздеріне,
Сенің маған ұқсайды хикаятым...
Достарыңызбен бөлісу: |