дында бір үлкен көл бар екен. Оның құрақ, қамыстары жол сыз
168
169
ХАЛЫҚ ПРОЗАСЫНДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ ОНЫ ЖОРУ
ыққа қарап жапырылып тұр екен. «Япырым-ай, мына көл-
дің қамысы желсіз неге жапырылып тұр?» деп, есікке шыға
келсе, есіктің алдында бір арыстан қарсы қарап жатыр екен.
Абылай сескеніп тұра қалыпты. Арыстан қарап секі
ретін
түрге келіп, айбаттанып күшін жинапты да, өз бетімен жүре
беріпті. Одан соң сол жерге қасқыр, түлкі, қоян келіп кі діріп,
бәрі де көз алдында өз бетімен кетті. «Манағы құрақты көлім
сор болды ма? Бұлақ болды ма? Шалшыққа айналды ма? Не
болғанын қарауға өзім де жиреніп жатып оянып кеттім»,—
дейді.
Естушілер не деп жоруын білмей, жақсылыққа жоруға
қисынын таба алмай, жамандыққа жоруға ханына бата алмай
отырыпты.
Сонда Абылай өзі былай деп жорыпты:
—Менің көрген жыным, айдын шалқар көлім—ол мына
менің көрген дәуірім, мына отырған сендерсіңдер. Ана жапы-
рылып көрінген—менің қоғадай жапырылып бас иіп тұрған
халқым. Оның ақыры былай болды. Шіркін, халқым, дәуірің
осындай болады екен ғой! Көрген арыстаным—ол дұшпаным.
Қанша дұшпаным қайрат етсе де, әсер етпеді. Оның артындағы
қасқыр, түлкі, қоян—олар менің кейінгі тұқымдарым болар.
Олардың ақыры қоянға ұқсап, ел-жұрт қараудан да жирене тін
болады екен ғой!—деп жорып, өзі қатты күйзелген екен. Сон да
қасындағылар да:
—«Түс—түлкінің боғы», жақсыға жорыңыз, түс көруші ден
емес, жорушыдан,—деген екен.
Достарыңызбен бөлісу: