Мәжрух /а/—жаралы, жараланған
Мәжуси /а/—отқа табынушы
Мәкәр /а/—қулық, зымияндық
Мәкір /а/—айлакер, қу; жауыздық, зұлымдық, қастық,
арам ой; алдау; өтірік, жалған; айла, қулық
Мәкруһ /а/—зиянды, арам зат
Мәсжид /а/—мешіт
Мәулет—белгілі бір істі, тапсырманы орындауға берілген
уақыт, мерзім; мүмкіндік
Михраб /а/—мешіттің айшықты бөлігі, намаз оқығанда бас
қоятын беті
Мүжтаһид /а/—ынталы, талапты
Мүхәррам /а/—ай күнтізбесі бойынша бірінші ай
Мұғжиза /а/—таңғажайып оқиға; керемет
Мұнафиқ /а/—сырттай мұсылман, ішінен ислам дініне
қарсы екі жүзді адам
Нағра, нағыра /п/—барабан тәрізді музыка аспабы; дауыс,
айғай
Нағузу биллаһи /а/—Алла қорғай көр!
Назым /а/—өлең, поэзия; нәзік сезімді, наз түрінде, шы-
ғыстық дәстүрде жазылған өлең түрі
Насарани /а/—христиан дінін ұстаған адам
Нафақа /а/—табыс; көрек; ризық; пайдаланылатын нәрсе
Нәби /а/—пайғамбар
Нәпіл намаз—міндеттен тыс, қосымша, сауабы өте мол на-
маз
Достарыңызбен бөлісу: |