Құлпыбаев Ерғожа—1908 жылы Қарақалпақ АССР, Мой-
нақ ауданы, «Үшсай» ауылдық кеңесiнде дүниеге келген. Ерғо-
жа жырау өз қолжазбасының алғысөзiнде Барақ батыр әңгi-
ме сiн ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында өлең өрнегiне түсiрген
Қумолда деген ақын екенiн, бiрақ ол жырды уақытында жа-
зып алмай, кейiн елдiң көмегiмен қалпына келтiруге тыры-
сып, Ұлы Отан соғысының алдында құрастырған жыры со ғыс
кезiнде өз балаларының әркiмдерге таратып беруiне байланыс-
ты жоғалып кеткендiгiн, ғалымдарға табыс еткен қолжаз
ба
өзiнiң екiншi талпынысының нәтижесi екенiн, өз ойынша өзi
қалпына келтiрген нұсқа Қумолда ақынның нұсқасымен сәйкес
келетiнiн бiлдiредi.
Достарыңызбен бөлісу: |