Зектілігі Негізгі идеялар Қыс



Pdf көрінісі
бет2/7
Дата22.12.2022
өлшемі425,95 Kb.
#59134
1   2   3   4   5   6   7
Саммерхил мектебі
Бөлім 3 барлығы 4
academia LAB
Қысқаша мазмұны
1
2


Ұзақ жылдар бойы орта мектепте ұстаз бола жүріп дәстүрлі білім беру жүйесінің кемшілігін бес
саусақтай көріп-білдім. Білім жүйесінің ересектер тұжырымына негізделуі баланың
интеллектуалды кеңістігіне ғана емес, эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына үлкен
әсерін тигізеді.
Негізі 1921 жылы қаланған Саммерхил мектебі әу баста тәжірибелік мақсатта ашылып, артынан
нағыз бостандықтың үлгісіне айналды. Біз мектеп талаптарына сай келетін оқушыларды жинаған
жоқпыз, керісінше бала болмысына сай келетін мектеп ашуды көздедік. 
Саммерхил мектебіннің басты ерекшелігі сабақ оқуды ешкімге міндеттемейді. Әйтсе де мектепке
кішкентайынан бастап келген бала ешуақытта сабақтан себепсіз қалған емес. Ал өзге мектептен
ауысып келген оқушылар бастапқыда сабаққа айлап келмейтін. Біз мұны қалыпты жағдай деп
есептейміз, өйткені олар сабақ оқығанды мүлдем жек көретін. Арнайы мамандардың қатысуымен
мұндай балалармен жеке дара жұмыс жүргізіліп, көмек көрсетіледі. Орта есеппен үш ай
шамасында балалар толық сауығып шығады. 
Сондай-ақ мектеп ережелері бекітелетін жалпы жиналыстарға оқу орнының тең құқылы мүшесі
ретінде оқушылар да қатысады. Оқушының бойында мінез бен тұлғалық қасиеттерді дамытуда
мектеп құрылымы мен жүйесіне негізделген білім жеткіліксіз. Осы орайда Саммерхил мектебі
оқушыларды өз-өзіне сенімді болуға, неғұрлым еркін болуға үйретеді. Мәселен, жоғарғы оқу
орнына емтихан тапсырар кезде оқушылар сынақтан қиыншылық көрмеді. Араларындағы
емтиханнан өте алмаған талапкерлер бұл жағдайды қалыпты жайт ретінде қабылдай алды. Мектеп
үшін де, ата-ана мен оқушы үшін де ең басты жетістік осы болса керек. 
Оқу-тәрбие жұмысында әр баланың психикалық дамуы мен даралығын, ішкі әлеуетін анықтай
отырып, жеке басын дамыту үлкен маңызға ие. Балаға әркез мейірімді болу – бақыттың бастауы.
Мен мектептің жүйкесі тозған қазымыр ғалым дайындап
шығарғанынан гөрі, бақытты көше сыпырушы тәрбиелегенін
қалар едім


Балаға ұрсып, қаталдық көрсету арқылы жазалау болашақ тұлғаның дамуына тек кері әсер етеді.
Саммерхил мектебі осы үддеден шығу мақсатында аянбай еңбек етті. Ересектер мен балалар
қарым-қатынасындағы көзқарас теңдігі әрдайым басты орында болуы тиіс. Олай дейтін себебім,
мектеп ұстанымында еркіндік пен көзқарас теңдігі кеңінен салтанат құрды. Бірде бес жасар Билли
өз туған күнінде маған «Мен сізді шақырған жоқпын, кетуіңізді сұраймын», деді. Еш қарсылық
танытпастан, айтқанын істедім. Мен оны өз кабинетімнен шығара алатынымдай, ол да мені өз
аумағынан шығаруға толық құқылы. 
Бала психикасының дамуын негізгі және қосалқы әдістермен зерттей келе, тәрбие мен бала
еркіндігін сақтау арасындағы шектің арақатынасы туралы мәселе көпті толғандыратын жайт
екеніне көзім жетті. Баланың талап-тілегін орындап қана қоймай, тәрбиелік міндеттерді баланың
өзімен ынтымақтаса, жаңаша шешіп отырған абзал. Отбасындағы қарым-қатынаста балаға
бұйрықпен мәжбүрлі түрде тыңдату, бала қызығушылықтарына мән бермеу, оған қатысты
мәселеде бала шешіміне құлақ аспау тұлғалық дамудағы алғашқы сәтсіздіктердің бастамасы
болуы ықтимал. 
Ал бала бойында ересектер алдындағы қорқыныштың болмауы оның әлеуметік жауапкершілік
дағдыларын қалыптастырады. Мысалы, терезені шағып алғанын ешкімнен қорықпастан ашық
айта алады әрі кінәлі екенін мойындайды. Жалпы, үлкендер тарапынан жасалатын тыйым мен
өздігінен шешім қабылдауға мүмкіндік бермеу баладағы еркін ойлау жүйесін шектей түседі.
Баланың қоршаған ортамен үйлесімді дамуы өзіне деген сенімі мен ой еркіндігіне тікелей
байланысты болмақ. 
Ой еркіндігі мен жауапкершілік түсінігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет