Зеленая и Фиолетовая 3d иллюстрации Угадайте что приближено на фотографии Забавная Презентация



Pdf көрінісі
Дата12.09.2022
өлшемі2,77 Mb.
#38855


Голощекиннің "Кіші 
Қазан"идеясы.Ауыл 
шаруашылығын 
ұжымдастыру 
Орындаған:Байбосынова 
Мерей Тобы:1402-11-3


Голощекин Қазақстанға бірінші басшы болып 
келісімен қазақ ауылының экономикалық-
әлеуметтік жағдайымен атүсті танысып, 
Қазақстанда қазан төңкерісі жүргізілмеген екен 
деген қорытындыға келеді. Ол Қазақстанда қазан 
төңкерісі болмағанын қазақ байларының тап 
ретінде жойыла қоймағанымен, партия, кеңес 
орындарына ескі интеллигенция өкілдерінің 
молынан орналасқанымен, елдің саяси, 
әлеуметтік-экономикалық, рухани өміріне қазан 
төңкерісінен соң таптық, 


Таптық, партиялық деп отырғаны практикада 
социализм принциптерін күш қолдану 
арқылы жүзеге асыру деген мағына береді. 
Голощекиннің бұл әрекеті тарихта “кіші 
қазан” саясаты деп аталды. “Кіші қазан” 
саясатына сай Қазақстанда қазақ байларын 
тәркілеу, ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, 
ұжымдастырған шаруашылықты 
отырықшыландыру тәрізді шаралар 
социалистік жолмен немесе күшпен, 
әкімшілік әдіспен жүргізіліп, қазақ халқына 
аса ауыр зардап әкелгені белгілі. 


1927 жылдан бастап ұжымдастыру шарасы 
басталды. Қазақстанда ұжымдастыру саясатын 
жүргізу барысында ірі қателіктердің жіберілуі 
1931-1933 жж. Қазақстан қасіретіне әкеліп соқты. 
1928 жылы қыркүйектің 20-нан тәркілеу науқаны 
басталып кетті. Қазақ байларын тәркілеуден бұрын 
Қазақстанның Орталық Атқару Комитеті мен 
Комиссарлар Кеңесі Мемлекеттік саяси басқарма 
мен мемлекеттік жоспарлау комитетінің жинаған 
мәліметіне сүйеніп, бүкіл Қазақстан бойынша 700 
шаруашылық тәркілеу туралы тізім жасаған. 


1927 жылы ақпанда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті төралқасы 
көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім 
қабылдады. Ұлы дала еліне тұтқа болмаққа жіберілген Голощѐкин Филипп 
Исаевич жеріміздегі тарихтың бағытын демде бұрып жіберді. Солақай 
саясатшыл Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын 
қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. 


Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық 
бөлініс, байдың билігіне куә болған 
Голощекин ауылды кеңестендіру 
жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту 
керек деген тоқтамға келіп, "кіші 
қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 
1917 жылы кеңестер билік басына 
келген кезде, қазақ даласына жетпей 
қалған идеологияны орнатып, бай мен 
кедейдің теңсізідгін жойып, 
ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. 


Ал анығын айтқанда, бұның 
мәні көшпелілерлің ежелден 
келе жатқан шаруашылығын, 
тұрмыс-салтын тұншықтырып, 
отарлауды күшейтіп, қанау 
саясатын бүркемелеу 
еді.Жаппай ұжымдастыру да 
жоғарыдан берілетін 
бұйрықтар мен нұсқаулар 
арқылы жүргізілді 


 1930 жылы 5 каңтардағы БК(б)П ОК-нің 
«Ұжымдастырудың қарқыны және 
мемлекеттің ұжымшар құрылысына 
көмектесу шаралары туралы» қаулысында 
Қазақстанда жаппай ұжымдастыруды, 
негізінен, 1931 жылдың күзінде немесе 1932 
жылдың көктемінде аяқтау міндеті қойылды. 
Осылайша тағы да жергілікті ерекшеліктерді 
ескерместен, жоғарыдан кысым жасау 
басталды. 


 Шаш ал десе бас алуға дайын тұрған Голощекин 
ұжымдастыру ісін барынша тездетуге тырысты. 
Жаппай ұжымдастыру айлықтарын өткізді. 1932 
жылдың 1 каңтарында отырықшы аудандардың 
көпшілігіндегі ұжымдастыру 60—80%-ға дейін 
жеткізілді. Ал көшпелі қазақ ауылдарын 
ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. 
Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз 
жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып 
отырды. 


1920 жылдардың соңында Қазақстанда күштеп астық пен ет 
жинау кең етек алды. 
Елдің тұрмыс-тіршілігінен хабарсыз Голощекин тіптен 
егіншілікпен айналыспайтын көшпелі малшылардан астық 
өткізуді талап етті. Ал етке өткізілуге тиіс мал басы саны қолда 
бар мал басынан анағұрлым асып түсіп жатты. 
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. 
Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру 
қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 
жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн 
бас еді. Малы, астығы жоқ халық қырғынға ұшырады.


Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының 
мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру 
деп байбалам салды, малды тәркілеп 
байларды конфескациялады, малы жоқ 
халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен 
көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді 
талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр 
ашаршылықты қолдан жасап, халықты 
қырды. 


Саясаткер ретінде емес, қазақты қанауға 
келген қанішер ретінде есте қалған оның 
"Кіші қазан" идеясы расымен мемлекеттік 
құрылымға әсер етіп, үлкен бұрылыс 
жасады. Алайда, миллиондаған халықтың 
қазасына әкелген саясатты қалай 
жақтасақ та ақтауға келмейді. Даттамасақ 
та, солақай саясаттың, жазықсыз қалың 
қазақтың қанының иісі шығып тұрады 
бұл тақырыптан. Міне, Голощекиннің 
"кіші қазанының" тарихи мазмұны 
осылай ұмытылмас ақтаңдақтармен 
қалып қойды. 



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет