БӨЖ
Тақырыбы: Нейроковид. Ковид-19 дан кейінгі жүйке-жүйесінің бұзылыстары.
Орындаған:Ханалиев М.М
Қабылдаған:Баймаханова Г.С
І.Кіріспе бөлім
ІІ.Негізгі бөлім:
1.Ковид-19 жалпы сипаттама;
2.Ковид-19 дан қалған асқынулар;
3.Ковид-19 дан кейінгі жүйке жүйесінің бұзылыстары;
ІІІ.Қорытынды бөлім:
Пайдаланылған әдебиеттер.
Жоспарым
Ковид-19 қалдырған асқынулар жайлы студенттерге жалпы түсінік қалыптастыру. Асқынулардың арасында көп тараған ОЖЖ бұзылыстарын қарастыру және ажырата білу.
Мақсатым
Коронавирустық инфекция COVID-19 (ағылш. cоronavirus disease 2019), (бұрын: коронавирустық инфекция 2019-nCoV) — SARS-CoV-2 (2019-nCoV) коронавирусымен қоздырылатын ауыр респираторлық инфекция. Жіті респираторлық вирустық инфекциясы жеңіл түрде де, ауыр түрде де өту қауіпі бар ауру. Оның ерекше асқынулары вирустық пневмония, жіті респираторлық дистресс-синдромға, тіпті өлімге әкеп соқтыруы мүмкін. Аурудың ең көп тараған белгілеріне дене қызуы, шаршағыштық және құрғақ жөтел жатады.
АХЖ-10 коды (тары):
COVID-19 коронавирус 2019 жылдың желтоқсан айында Қытай Ухань қаласында пневмониясы бар пациенттер тобында өкпеден алынған сұйықтық үлгілерінен табылған SARS-CoV-2 бетакоронавирусымен қоздырылады.. SARS-CoV-2(бетакоронавирус) Sarbecovirus тұқымына жатады және адам жұқтыруға қабілетті жетінші коронавирус. SARS-CoV - 2 зооантропонозды РНК-құрамында қабығы бар вирус болып табылады. Толық геномның филогенетикалық анализіне сәйкес, алғашында вирус тек жарқанаттардың арасында болды, бірақ адамға әлі белгісіз жануардан берілген.
Бастапқыда бұл SARS немесе құс тұмауы сияқты қарапайым тыныс алу органдарын зақымдайтын ауру болып көрінді, бірақ кейінірек коронавирус (оның ресми атауы SARS-CoV-2) өкпеге, миға, мұрынжұтқыншаққа, көзге, жүрекке, қан тамырларына, бауырға, бүйрекке және ішекке әсер етуі мүмкін екендігі белгілі болды., яғни барлық өмірлік маңызды органдарды зақымдайтыны анықталды.