тарауында көрсетілген батырма
start() функциямен
шақырылады. Алдымен нүктесін анықтап алуымыз керек. Осы пикселдің x
және y координаттарының мәндерін middleX және middleY айнымалыларына
орналастырамыз. Осыдан кейін middleX, middleY айнымалыларының мәні мен
pos параметріне байланысты суреттің қиылатын бөлігінің өлшемдерін
беретін show() функциясын шақырамыз. Бұл кезде pos айнымалысының мәні
автоматты түрде әрбір show() функциясын шақырған сайын өсіп отырады.
Яғни суреттің қиып алған бөлігі бірте-бірте үлкейе береді. show()
процедурасының соңында біз setTimeout() шақыру арқылы таймерді
орнатамыз. Бұл үрдіс сурет толығымен көрсетілгенде ғана тоқтайды.
Суреттің өлшемін біз start() функцияның басында аламыз:
var width= document.layers["imgLayer"].document.davinci.width;
var height= document.layers["imgLayer"].document.davinci.height;
document.layers["imgLayer"] конструкциясының көмегімен біз қабатқа
imgLayer
атымен қатынай аламыз. Алайда, неге біз document-ті
document.layers["imgLayer"] алдына қоямыз? Себебі, әрбір қабаттың өзінің
HTML-парағы болады, яғни әрбір қабаттың өзінің объектісі document
болады. imgLayer қабатының ішінде суретке қатынау үшін біз document
объектісіне қатынауды алу керек. Жоғарыда көрсетілген суреттің атауы
davinci болған. Парақтың қалған өрісі таза болу керек.
Достарыңызбен бөлісу: