Құрылған базаларды мәліметтерді енгізу және Конструктор режимдерінде қарап шығыңыз.
Бақылау сұрақтары: Кесте не үшін қажет?
Объект қалай сипатталады?
Өріс дегеніміз не?
Әрбір өріс қалай сипатталады?
Access-те мәліметтердің қандай типтері болады?
Санауыш (Счетчик) мәліметтер типі не үшін қажет?
Өріске қандай қасиеттерін тағайындауға болады?
“Келісім бойынша мән” (Значение по умолчанию) қасиетінің қызметі неде?
Бет перде (Маска) не үшін қажет?
“Алмастыру” ішкі беті не үшін қолданылады?
Құрып отырған кесте өрісінің мәнін беру үшін,е басқа кесте өрістерін қалай пайдалануға болады?
Алмастыру шебері не үшін қажет?
Кесте режимінде кесте қалай құрылады?
Конструктор режимінде кесте қалай құрылады?
Кесте шебері режимінде қалай жұмыс істейміз?
Зертханалық жұмыс №3 Тақырып: “МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫНЫҢ СХЕМАСЫ” Жаттығу: қарастырылып отырған аймақтағы объектілердің арасында байланысорнату мүмкіндіктерін, мәліметтер схемасын қалай құру екендігін оқып үйрену мақсатында келесі жаттығуларды орындаңыздар.
Есеп беру: Сабақ соңында жаттығулар нәтижесін компьютерде қорғау.