Зертханалық жұмыс №1 Тақырып: ms access мәліметтер қорын басқару жүйесі мақсаты


Access-тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар: – Мәтіндік (Текстовой – Text) –



бет4/44
Дата15.12.2023
өлшемі2,12 Mb.
#138131
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Зертханалық жұмыс 1-15

Access-тің ішінде 8 түрлі мәліметтер типі пайдаланылады, олар:
Мәтіндік (Текстовой – Text) – ұзындығы 255 символға дейінгі мәтіндік информацияны сақтау үшін қажет;
МЕМО өрісі (Поле МЕМО – Memo) – 32000 символға дейінгі көлемдегі мәтіндерді сақтай алады. Оның ерекшелігі – өрістегі информациялар басқа бір жерде сақталып, ал өрістің өзінде сол информациялардың қайда орналасқанын анықтайтын көрсеткіштер сақталады;
Сандық (Числовой – Number) – сандық мәліметтерді сақтау үшін қажет. Осы типтегі өрістің көлемін бірнеше нұсқалардан таңдауға болады: бүтін, көп разрядты бүтін, жылжымалы нүктелі. Бүтін сандар -32768 бен 32767
аралығында, көп разрядты бүтін сандар -2147483648 бен 2147483647 аралығында және жылжымалы нүктелі сандар 1.401298E-45 пен 3.402823Е38 аралығында анықталған болуы тиіс. Нақты сандар енгізілетін өріс үшін санның бөлшегінің көлемі де берілуі мүмкін;
Дата/уақыт (Дата/время – Data/tіme) – күн/ай/жыл форматында мерзімді және сағат:минут:секунд pm не am (pm – 12.00-ден кейін, ал am –12.00-ге дейін) форматында уақыт мөлшерін сақтау үшін қажет. Бұл типтегі өріс форматын алдын ала таңдап алған дұрыс. Өріс форматының мүмкіндіктері: Күннің толық форматы (мысалы, 3.01.03 09:00:12); қысқа форматы (мысалы, 12.07.01); орташа форматы (мысалы, ЗІ-окт-03); ұзын форматы (мысалы, 21 мая 2001г.);
Ақшалай (Денежный – Currency) – ақшалай көрсетілген информация­ларды енгізу үшін қажет. Жалпы, оларды сандық типтегі өріске де енгізуге болады, дегенмен осы типте жұмыс істеу ыңғайлы. Өріс форматындағы тізімнен қажетті ақша бірліктерін таңдауға, олардың үлгісін беруге болады. Өте үлкен сандардың дәл мәнін сақтау үшін (+/-900 триллион) жиі қолданылады;
Санауыш (Счетчик – Counter) – жазбалар реттік нөмірін анықтау үшін қолданылады. Автоматты түрде бірден басталып, жазбаларды қайталанбайтын осы өріс мәні арқылы анықтап отыру үшін қажет (бұл өріс мәндерін теруге, өзгертуге болмайды);
Логикалық (Логический – yes/no) – логикалық мәліметтерді (Иә/Жоқ, 0/1, Ақиқат/Жалған, т.с.с.) сақтау үшін керек;
OLE объектісі ( Объект OLE – OLE object) – Wіndows қолданбалы программаларынан алынған OLE технологиясын сүйемелдейтін құжаттарды, кестелерді, графиктерді және басқа объектілерді сақтау үшін қолданылады. Оның мәндерінің жазылу түрі өріс форматындағы мәліметтер тізімінен таңдап алынады. Қай формат таңдалса да, кестеде логикалық өріс жалаушалармен кескінделеді. Жалаушаны тышқанмен шертіп "Иә" мәні  белгісін орнату арқылы, ал "Жоқ" мәні өрісті бос қалдырылу арқылы енгізіледі.
Бұдан басқа, “Жалпы” (“Общие”) ішкі бетінде өрістің бірсыпыра қасиеттер жиыны беріледі, “Алмастыру” (“Подстанов­ка”) ішкі бетінде басқару элементінің типі көрсетіледі. Олар Access өрістердің 11 түрлі сипаттамаларын, яғни қасиеттерін көрсете алады, бірақ қасиеттердің нақты тізімі өріс типімен анықталады. Енді өрістердің негізгі қасиеттерін қарасты­рып шығайық:

  1. өрістің ені (размер поля) – мәтіндер үшін алдын ала келісім бойынша 50 символ болып алынған, сандық өрістер үшін мына типтердің біреуі алынады: Байт (Байт), Бүтін сан (Целое), Ұзартылған бүтін сан (Длинное целое), Жылжымалы нүкте (С плавающей точкой) ені 4 немесе 8 байт, Репликация коды (Код репликации);

  2. формат (формат) – қағаздағы және экрандағы информация түрін анықтайды;

3) енгізу қалқасы (маска ввода) – онда мәліметтердің енгізілу түрін анықтайтын формат көрсетіледі;
4) ондық таңбалар саны – сандық және ақшалық өрістер үшін үтірден кейінгі разрядтар саны;
5) қолтаңба (подпись) – формалар мен басылымдарға арналған өрістер сипаттамасы (өрістер аты ретінде қолданылады);
6) алдын ала бекітілген үнсіз келісім мәні (значение по умолчанию) – өрісте автоматты түрде бірден пайда болатын мәндер, бірақ оларды кесте немесе форма режимінде өзгерістуге немесе жаңадан енгізуге болады;
7) мәнге қойылатын шарт (условие на значение) – Access-тің енгізілген мәнге реакциясын анықтайтын логикалық өрнек;
8) қате түралы хабарлама (сообщение об ошибке) – өрістегі информация мәнге қойылған шартты қанағаттандырмаған жағдайда шығатын хабарлама;
9) міндетті түрде толтырылатын өріс (обязательное поле) – өріске мән беру қажеттілігін анықтайды;
10) бос жолдар (пустые строки) – өрістердің нөлдік мәндерін тағайын­дай­ды, олар бос жолдардан басқаша болып саналады;
11) индекстелген өріс (индексированное поле) – мәліметтер іздеуді жеделдету үшін осы өріс бойынша индекс құру қажет пе, жоқ па соны анықтайды.
Мәндердің енгізілу форматын беретін олардың қалқасын (маска) құруға арналған негізгі символдар 1-кесте­де келтірілген.
1 кесте



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет