Әдістемелік нұсқау Тапсырманы орындау үшін алдымен: Жұмыс кітабының әр парағына жұмыс кестелерін жасау керек (1-парақта №1 филиалдың жұмыс кестесі, 2-ші парақта №2 филиал, 3-ші парақта №3 филиал жұмыс кестесі). Әр жұмыс кестесінде кем дегенде 10 түрлі жазбалар болсын. Кестелерде кейбір тауар аттары қайталанатын болсын.
Біріктіру нәтижесі орналасатын жаңа жұмыс кітабын ашып, Мәндер – Біріктіру (Данные – Консолидация)командасын орындаңыз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне біріктірілетін бірінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіңіз. Егер жұмыс кестесі орналасқан кітап жабық болса «Қарау» («Обзор») батырмасына басып қажет файлды тауып алыңыз. Сілтеме диапазонында жолдар санын біріктіруге қажет жолдардан көбірек көрсетуге болады. Жаңа жолдар қосатын болсаңыз біріктіру параметрін өзгертудің қажеті жоқ. «Сілтеу» («Ссылка») өрісіне қажет диапазонды енгізгеннен кейін «Қосу» («Добавить») батырмасына шертіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз.
«Сілтеу» («Ссылка») өрісіне екінші жұмыс кестесі орналасқан диапазонды көрсетіп, оны диапазондар тізіміне қосыңыз. Осы нұсқауды үшінші жұмыс кестесі үшін де орындаңыз.
Жұмыс кестелерінде информациялардың орналасуы әр түрлі болғандықтан Жоғарғы жол қолтаңбасы (Подписи верхней строки) және Сол жақ бағана мәні (Значения левого столбца) опцияларын орнату керек. Нәтижесінде Excel мәндерді тақырып бойынша таңдап алады.
Біріктіру динамикалық болу үшін Бастапқы мәндермен байланыс орнату (Создавать связи с исходными данными) опциясын орнатып «ОК» батырмасына шертеміз. Нәтижесінде Excel сыртқы сілтеулері бар құрылым жасайды.
Қажет диаграмманы тұрғызыңыз.
Тапсырма 2 Бірінші тапсырманың бастапқы мәндерін редакциялап, біріктіру диапазонын біркелкі етіңіз. Осы мәндерді біріктіруді орындаңыз:
сыртқы сілтеулері бар формулалар көмегімен. Сыртқы сілтеуді қолдану үшін төмендегі форматты қолданамыз