Зертханалық жúмыс №1



бет121/136
Дата15.12.2023
өлшемі8,58 Mb.
#137961
түріҚұрамы
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136
Зертханалық жұмыс №12.
Тақырып: Power Point-презентация жасау редакторы. (4сағат зертханалық жұмыс,1 сағат СӨОЖ)
Мақсаты: презентация, слайдтар жасау. Презентация құрудың жолдарын үйрену. Программа режимін, құжат жасаудың жылдам жолдарын үйрену. Power Point–презентация жасаудың орта жүйесінің лидері. Бұл программаның көмегімен мәтіндік, сандық ақпараттарды жеңіл түрде өңделген слайдтар және диаграммалар түріне айналдыруға болады. Бұл сабақта төмендегідей тақырыптар қарастырылады:

  • презентация жасау шебері;

  • слайдтар қосу;

  • слайдтар режимі;

  • презентация құрылымы;

  • слайдтар таңдау;

  • дизайндар шаблоны;

1-тапсырма. Презентация құру.
Кез-келген презентацияда слайдтар түрі, яғни мәтіндік, графикалық, суреттік болады. Электрондық слайдта қарапайым фото суреттік түрі кездеседі. Power Point программасы мәтіндік және сандық ақпараттарды, сонымен қатар дайын дизайндар шаблонын ұсынады.

1.1-сурет. Power Point терезесі.
Power Point программасы іске қосылғанан кейін презентация терезесінде бірінші титулдық слайд шығады; оның оң жағында Презентация құру терезесі орналасқан (1.1-сурет). Ол құжат құруға көмектеседі, сонымен қатар алдын-ала сақталған презентацияны ашуға мүмкіндік береді. Жаңа презентация құру бірнеше нұсқалардан тұрады:

  • Жаңа презентация құру;

  • Безендіру шаблоны;

  • Автомазмұн шебері алдын-ала құрылған презентация түрлерін ұсынады. Бұл терезеде Құру бөлімінен безендіру шаблонын таңдауға болады (New From Template). Егер сізде презентация жасаудың тезисі бар болса, оны тек қана дайын мәтін слайдында дайындау керек болса, әрі әрлеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

1. Жалпы шаблон пунктін басыңыз.
2. Шаблон диалог терезесі шығады (1.2-сурет). Бұл безендіру шаблоны терезесінен сіздер тізімде орын алған безендіру слайды шаблон түрлерін көресіздер. Осы терезеден сәйкес шаблон түрлерін таңдауға болады.



1.2- сурет. Шаблон сұхбат терезесі.
3.Галстук шаблоны белгішесінде тышқан пернесін екі рет шертіңіз. Шаблон презентация жасау терезесінде қабылданады. Презентация құру терезесінде өзіңіздің жеке шаблоныңызды құрғыңыз келсе, оны Windows/Application Data/Templates папкасында сақтаңыз. Шаблон Жалпы (Общие) бөлімінде шығады. Оны жаңа бөлімге қою үшін, мысалы барлық шаблондар фирмасы сияқты, өзіңіз папка құрып соған өз шаблоныңызды салыңыз.



1.3-сурет. Кәдімгі көру режиміндегі титульдік слайд құру терезесі.
Бос презентация құру бөлімін таңдау барысында слайд құру терезесі шығады. Осы терезеден үлгінің бірін таңдауға болады.
4. Осы терезеден Загаловок слайда үлгісін таңдаңыз. Біздің мысалымыз бойынша бұл план құру мәтіні болады.
5. Мәтіннің тақырыбы және тақырып бойынша мәлімет енгізіңіз.
6. Сақтау командасын орындай отырып, сақтау терезесінде Мои документы папкасына План деген атпен құжатыңызды сақтаңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   136




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет